"Қызмет" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 7 қыркүйек 1993 ж. N 830. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.06.20. N 758 қаулысымен.

       Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Республикалық және облысаралық маңызы бар халықтың тұрмыс қажетiн өтеу кәсiпорындары мен ұйымдары негiзiнде "Қызмет" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы (бұдан әрi - Компания) құрылсын.
      Компания басқармасының тұрағы Алматы қаласы болып белгiленсiн.
      2. Компанияға тұтыну тауарларын өндiрудiң және тұрмыстық қызмет көрсетудi дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын жүзеге асыру, тұрмыстық қызмет саласын дамыту үшiн материалдық шикiзат және құрал-аспап базасын нығайту мiндеттерi жүктелсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      бiр ай мерзiмде осы қаулыға тiркелiп отырған қосымшаға сәйкес Компанияның құрамына кiретiн мемлекеттiк кәсiпорындардың, ұжымдар мен акционерлiк қоғамдардың құрылтай құжаттарының пакетiн әзiрлесiн;
      заңда белгiленген тәртiппен Компанияға өз құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқын, сондай-ақ бұрын қайта құрылған акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқын берсiн.
      мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың акционерленуiне қарай Компанияның иелiгiне, пайдалануына және басқаруына қайта құрылатын кәсiпорындар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiнiң Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасында көзделген ретпен Меммүлiкком арқылы сатылатын акциялар пакеттерiнен басқалары берiлсiн;
      бiр айлық мерзiмде Компанияның мүлiктiк кешенiн қалыптастыру жөнiндегi жұмыс аяқталсын.
      4. Компанияның Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен және оның аумақтық органдарымен бiрге тұрмыстық қызмет көрсету саласында мемлекеттiк кәсiпорындарды жекешелендiру және аумақтық маңызы бар кәсiпорындар негiзiнде дербес акционерлiк қоғамдар құру iсiн бiрлесе атқаруы белгiленсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Компания президентi лауазымына кандидатура және оның Бақылау кеңесiнiң құрамы жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
      6. Қазақ КСР Министрлер Советiнiң "Қазақ КСР халық тұрмыс қажетiн өтеу кәсiпорындарының, бiрлестiктерiнiң және ұйымдарының республикалық одағын (Қазтұрмысодақ) құру туралы" 1990 жылғы 29 желтоқсандағы N 558 қаулысының күшi жойылды деп танылсын (Қазақ ССР ҚЖ, 1991 ж., N 6, 43-бап).
             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                        Министрлер Кабинетiнiң
                                      1993 жылғы 7 қыркүйектегi
                                           N 830 қаулысына
                                            Қосымша
             "Қызмет" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының
               құрамына кiретiн халыққа тұрмыстық қызмет
                 көрсету кәсiпорындары мен ұйымдарының
                              Тiзбесi Крючков атындағы тәжiрибе-механикалық зауыты, Алматы қаласы Қазтұрмысодақтың материалдық-техникалық жабдықтау жөнiндегi республикалық базасы, Алматы қаласы

Қазтұрмысодақтың механикаландыру және көлiк басқармасы (МКБ),
Алматы қаласы
"Арай" жалгерлiк кәсiпорны, Алматы қаласы
"Әсем" тұрмыс үйi, Алматы қаласы
"Сарыарқа" фирмасы, Қарағанды қаласы
Тұрмыстық техника жөндеу, Қарағанды қаласы
"Қарабұлақтұрмысжиhаз" фабрикасы, Талдықорған облысы

      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады