"Мұнайгазқұрылыс" мемлекеттiк холдинг компаниясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 8 қыркүйек N 839. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.12.14. N 1725 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қазақстанмұнайгазқұрылыс" Қазақ мемлекеттiк мұнай-газ құрылыс концернiнiң құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдар негiзiнде "Мұнайгазқұрылыс" мемлекеттiк холдинг компаниясы (бұдан әрi "Мұнайгазқұрылыс" компаниясы) құрылсын.
      2. "Мұнайгазқұрылыс" компаниясы қайта құрылатын "Қазақстанмұнайгазқұрылыс" концернiнiң мүлiктi құқықтары мен мiндеттерiнiң заңды мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн.
      3. "Мұнайгазқұрылыс" компаниясына:
      мұнай-газ саласын дамытудың мемлекеттiк бағдарламаларын әзiрлеу мен жүзеге асыру iсiне қатысу;
      Компания кәсiпорындарына басқару, экономика, қаржы, шарт-құқық мәселелерiнде практикалық көмек көрсету, құрылыс индустриясының кәсiпорындарын жаңғырту, өндiрiстiк базаларды дамыту, Компанияға кiретiн кәсiпорындардың қуатын арттыру үшiн шетелдiк инвестициялар тарту мен пайдалану;
      мұнай-газ құрылысы саласында ғылыми-техникалық талдамаларды енгiзу мен жүзеге асыру жөнiнде бiрыңғай саясат жүргiзу мәселелерiнде мемлекеттiң мүддесiн бiлдiруге өкiлеттiк берiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасы Энергетика және отын ресурстары министрлiгiмен және "Қазақстанмұнайгазқұрылыс" концернiмен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде осы қаулыға қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес бiрлестiктер, кәсiпорындар мен ұйымдар құрамында "Мұнайгазқұрылыс" компаниясын құру жөнiндегi құжаттар пакетiн қабылдап, "Мұнайгазқұрылыс" компаниясына оның құрамына кiретiн кәсiпорындардың мемлекеттiк мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқын беру, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен Компания құрамына кiретiн бұрын құрылған акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакетiн иелену, пайдалану және басқару құқын беру көзделсiн. Мемлекеттiк кәсiпорындардың акцияландырылуына қарай акционерлiк қоғамдар акциялары пакеттерiнiң Қазақстан Республикасында мемлекет меншiгiнен алу және жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған (II кезең) Ұлттық бағдарламасында көзделген тәртiппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi сататындарынан басқасы "Мұнайгазқұрылыс" компаниясының иеленуiне, пайдалануына және басқаруына берiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi Компанияны қажеттi техникалық байланыс құралдарымен қамтамасыз ету iсiнде жәрдем мен көмек көрсетсiн.
      6. "Мұнайгазқұрылыс" компаниясының басшылары Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру барысында шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк реттеу мәселелерi" деген 1993 жылғы 14 шiлдедегi N 606 қаулысымен бекiтiлген тәртiппен тағайындалады және бекiтiледi.
      7. "Мұнайгазқұрылыс" компаниясының орналасқан жерi Маңғыстау

облысының Ақтау қаласы деп белгiленсiн.
     8. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 
"Қазақстанмұнайгазқұрылыс" Қазақ мемлекеттiк мұнай-газ құрылыс 
концернi туралы" 1991 жылғы 30 желтоқсандағы N 817 қаулысының 
күшi жойылды деп саналсын.
            Қазақстан Республикасының
                Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы 
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1993 жылғы 8 қыркүйектегi
                                          N 839 қаулысына
                                           Қосымша
            "Мұнайгазқұрылыс" мемлекеттiк холдинг компаниясының
         құрамына кiретiн кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдардың
                             Тiзбесi
"Тенгизинтергазстрой" тресi, Атырау облысының қала үлгiсiндегi
Құлсары поселкесi
"Прикаспийскнефтегазстрой" тресi, Атырау облысының қала үлгiсiндегi
Құлсары поселкесi

"Казахинтергазстрой" тресi, Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласы "Қарашығанақгазқұрылыс" тресi, Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласы N 2 құрылыс басқармасы, Шымкент қаласы "Құмкөлқұрылыс" құрылыс басқармасы, Қызылорда қаласы "Ақтөбемұнайгазқұрылыс" бiрлестiгi, Ақтөбе қаласы N 10 құрылыс-монтаждау басқармасы, Ақтау қаласы "Петропавлмұнайгазқұрылыс" мемлекеттiк кәсiпорны, Петропавл қаласы Өндiрiстiк кәсiпорындар комбинаты, Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы

Өндiрiстiк-технологиялық жинақтау акционерлiк кәсiпорны, Ақтау
қаласы
"Аттау" - Ақтау тұрғын үй-құрылыс жалгерлiк кәсiпорны, Ақтау
қаласы
"Өркен" шағын кәсiпорны, Ақтау қаласы
"Нефтегазспецсантехмонтаж" шағын кәсiпорны, Маңғыстау облысының
Жаңа Өзен қаласы
Шымкент автокөлiк кәсiпорны, Шымкент қаласы
"Өзен" акционерлiк құрылыс фирмасы, Маңғыстау облысының Жаңа Өзен
қаласы
Қызылорда автокөлiк кәсiпорны, Қызылорда қаласы

Петропавл жалгерлiк автокөлiк кәсiпорны, Петропавл қаласы "Өзен-көлiк" акционерлiк қоғамы, Маңғыстау облысының Жаңа Өзен қаласы "Маңғыстау" акционерлiк қоғамы, Маңғыстау облысының Бiрлiк поселкесi Құлсары автокөлiк кәсiпорны, Атырау облысының қала үлгiсiндегi Құлсары поселкесi Каспий маңы жұмысшыларды жабдықтау сауда-өндiрiс бiрлестiгi, Атырау қаласы Ақтау жұмысшыларды жабдықтау бөлiмi, Ақтау қаласы Алматы жұмысшыларды жабдықтау бөлiмi, Алматы қаласы "Қазақстаннефтегазстрой" концернiнiң құрылымдық бөлiмшелерi (заңды ұйым құқығынсыз):
      "N 4 құрылыс басқармасының" арендалық ұжымы, Маңғыстау облысының Ақтау қаласы;
      "Құрылысты механикаландыру басқармасының" арендалық ұжымы, Маңғыстау облысының Ақтау қаласы;
      Өндiрiстiк байланыс басқармасы, Маңғыстау облысының Ақтау қаласы;
      Шаруашылық есептегi энергия бөлiмi, Маңғыстау облысының Ақтау қаласы;
      Күрделi құрылыс басқармасы, Маңғыстау облысының Ақтау қаласы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады