"Ақ қауырсын" мемлекеттiк холдинг компаниясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 8 қыркүйек N 844. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.03.14. N 259 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығын орындау үшiн және асыл тұқымды құс шаруашылығы жүйесiн сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Құсшаруашылығы" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң кәсiпорындары мен ұйымдарының негiзiнде қосымшаға сәйкес "Ақ қауырсын" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы (бұдан әрi Компания) құрылсын.
      2. "Ақ қауырсын" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы "Құсөнеркәсiбi" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң мүлiктiк құқы мен мiндеттерiнiң заңды мұрагерi болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Компанияға оның құрамына кiретiн, бұрын құрылған акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акциялар пакеттерiнiң белгiленген бөлiгiн иелену, пайдалану және басқару құқын берсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Компаниямен бiрлесе отырып 1993-1995 жылдарға арналған (II кезең) мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру жөнiндегi Ұлттық бағдарламаға және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк ауыл шаруашылық, дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетушi кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1137 Жарлығына сәйкес Компания құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн қайта құруды жүзеге асыру тапсырылсын. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдарды акционерлендiрген жағдайда құрылатын акционерлiк қоғамдардың, белгiленген тәртiппен сатылатын акциялар пакетiнен басқа, мемлекеттiк акциялар пакетiн Компанияға иеленуге, пайдалануға және басқаруға берсiн.
      5. Компания Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен келiсе отырып селекциялық-асылдандыру жұмысының барынша зор тиiмдiлiгiне қол жеткiзу және өнеркәсiптiк құс шаруашылығының өнiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларды әзiрлеп, жүзеге асырады, Компанияның құрамына кiретiн кәсiпорындарды жаңғырту үшiн шет ел инвестицияларын тарту мен пайдалану жөнiндегi жұмыстарды жүргiзедi, өндiрiстiк қызметтi жүзеге асыру барысында қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану жөнiндегi шараларды

әзiрлеп, жүзеге асыруға қатысады деп белгiленсiн.
     6. "Ақ қауырсын" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы заңды 
ұйым болып табылады, Қазақстан Республикасының заңдары мен өз
Жарғысы негiзiнде iс-әрекет етедi және республика агроөнеркәсiп
кешенiнiң құрамына кiредi.
            Қазақстан Республикасының
                Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                     1993 жылғы 8 қыркүйектегi
                                         N 844 қаулысына
                                          Қосымша
            "Ақ қауырсын" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының
                       құрамына кiретiн кәсiпорындардың
                             Тiзбесi
                     Ақмола облысы 
     Құс шаруашылығы жөнiндегi ССРО-ның 60 жылдығы атындағы Вишнев
     өндiрiстiк бiрлестiгi:
"Ижевск" құс совхозы
"Юбилейный" құс заводы
Октябрь асыл тұқымды құс репродукторы
     Құс шаруашылығы жөнiндегi Целиноград өндiрiстiк бiрлестiгi:
Целиноград құс фабрикасы
Ақмола құс фабрикасы
Малинов құс фабрикасы
Целиноград асыл тұқымды құс совхозы (репродуктор)

            Ақтөбе облысы
"Ақтөбе" құс фабрикасы
"Алға" құс совхозы

            Алматы облысы
Қаскелең асыл тұқымды құс совхозы
     Жұмыртқа шығаратын құс шаруашылығы жөнiндегi Абай өндiрiстiк
     бiрлестiгi:
Абай құс совхозы
"Чапаев" құс совхозы
     Жұмыртқа шығаратын құс шаруашылығы жөнiндегi Ават өндiрiстiк
     бiрлестiгi:
Ават құс фабрикасы
Ават асыл тұқымды құс репродукторы
     Ет беретiн құс шаруашылығы жөнiндегi Алматы өндiрiстiк
     бiрлестiгi:
Алматы құс фабрикасы
Алексеев асыл тұқымды құс репродукторы
Жалқамыс құс фабрикасы
"Степная" құс фабрикасы
Семиречье асыл тұқымды құс заводы

            Атырау облысы
"Атырау" құс фабрикасы

            Шығыс Қазақстан облысы
     Құс шаруашылығы жөнiндегi Шығыс Қазақстан өндiрiстiк 
     бiрлестiгi:
Черемшан құс фабрикасы
Предгорненский құс совхозы (реподуктор)
"Комсомол" құс фабрикасы
"Өскемен" құс фабрикасы

            Жамбыл облысы
     Құс шаруашылығы жөнiндегi Жамбыл агроөнеркәсiптiк фирмасы:
Жамбыл құс фабрикасы
Мырзатай үндiк шаруашылығы жөнiндегi құс фабрикасы
Жылжымалы механикаландырылған колонна-12

            Жезқазған облысы
"Бидайық" бiрлескен кәсiпорны

            Батыс Қазақстан облысы
     Құс шаруашылығы жөнiндегi Орал өндiрiстiк бiрлестiгi: 
Орал құс фабрикасы
Орал асыл тұқымды құс совхозы (репродуктор)

            Қарағанды облысы
     Жұмыртқа шығаратын құс шаруашылығы жөнiндегi "Майқұдық"
     өндiрiстiк бiрлестiгi:
"Алатау" акционерлiк қоғамы
"Ботақара" акционерлiк қоғамы
"Балапан" акционерлiк қоғамы
"Бройлер" акционерлiк қоғамы
"Құрма" акционерлiк қоғамы
"Медеу" акционерлiк қоғамы
"Петровка" акционерлiк қоғамы
"Покорное" акционерлiк қоғамы

            Қызылорда облысы
Қызылорда құс фабрикасы

            Көкшетау облысы
     Құс шаруашылығы жөнiндегi Көкшетау өндiрiстiк бiрлестiгi:
Щучье құс фабрикасы
Көкшетау құс фабрикасы
"Правда" газетi атындағы құс фабрикасы
Щучье үндiк шаруашылығы жөнiндегi құс фабрикасы

            Қостанай облысы
     Құс шаруашылығы жөнiндегi Қостанай агроөнеркәсiптiк фирмасы:
Қостанай құс фабрикасы
Таранов құс совхозы
"Қостанай" мемлекеттiк асыл тұқымды құс заводы
"Комсомол" құс фабрикасы
"Приаят" құс фабрикасы

            Маңғыстау облысы
"Ақтау" құс фабрикасы

            Солтүстiк Қазақстан облысы
     "Север" агрофирмасы:
Петропавл құс фабрикасы
"Северная" құс фабрикасы
Бескөл құс фабрикасы
"Маяк" совхозы

            Семей облысы
"Ертiс" акционерлiк қоғамы
"Семқұс" акционерлiк қоғамы

            Павлодар облысы
     "Ермак" агрофирмасы
Ермак құс фабрикасы
"Авангард" құс совхозы
Павлодар құс фабрикасы
Шарбақты құс фабрикасы
  
            Талдықорған облысы
Талдықорған құс фабрикасы
Жағатал асыл тұқымды құс репродукторы
 
            Торғай облысы
Арқалық құс фабрикасы

            Оңтүстiк Қазақстан облысы
     "Шымкентқұсөнеркәсiбi" корпорациясы:
"Қызылжар" құс фабрикасы
"Түркiстан" құс фабрикасы
"Қайнар" құс фабрикасы
"Жабағылы" құс фабрикасы
"Мерей" құс фабрикасы


Құс аурулары жөнiндегi Республикалық мамандандырылған ветеринарлық лабораториясы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады