"Ауыл құрылысы" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 8 қыркүйек N 845. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996.02.02. N 144 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылықты басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығын орындау үшiн және нарықтық экономика жағдайында мердiгерлiк ұйымдар мен құрылыс индустриясы кәсiпорындарының қызметiн реттеу жөнiнде мемлекеттiк саясат жүргiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Село құрылысы жөнiндегi "Қазагроөнеркәсiпқұрылыс" Қазақ мемлекеттiк-кооперативтiк бiрлестiгiнiң ұйымдары мен кәсiпорындарының негiзiнде қосымшаға сәйкес "Ауыл құрылысы" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы (бұдан әрi Компания) құрылсын.
      2. Компания Село құрылысы жөнiндегi "Қазагроөнеркәсiпқұрылысы" Қазақ мемлекеттiк-кооперативтiк бiрлестiгiнiң мүлiктiк құқы мен мiндеттерiнiң заңды мұрагерi болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Компанияға оның құрамына кiретiн, бұрын құрылған акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акциялар пакетiнiң жарғылық бөлiгiн иелену, пайдалану және басқару құқын берсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Компаниямен бiрлесе отырып 1993 - 1995 жылдарға арналған (II-кезең) мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру жөнiндегi Ұлттық бағдарламаға және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк ауыл шаруашылық, дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетушi кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1137 Жарлығына сәйкес Компания құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн қайта құруды жүзеге асыру тапсырылсын. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдарды акционерлендiрген жағдайда құрылатын акционерлiк қоғамдардың, белгiленген тәртiппен сатылатын акциялар пакетiнен басқа, мемлекеттiк акциялар пакетiн Компанияға иеленуге, пайдалануға және басқаруға берсiн.
      5. Компанияға Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығының бiрлесе

отырып селолық құрылыс кешенiн дамыту және ауыл шаруашылығында
ғылыми-техникалық әзiрлеменi енгiзу мен орындау жөнiнде бiрыңғай
саясат жүргiзу мақсатында Компания құрамына кiретiн акционерлiк
қоғамдар мен кәсiпорындардың қызметiн үйлестiрудi жүзеге асыру
тапсырылсын.
     6. "Ауыл құрылысы" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы заңды
ұйым болып табылады, Қазақстан Республикасының заңдары, өз Жарғысы
негiзiнде iс-әрекет етедi және республика агроөнеркәсiп кешенiнiң
құрамына кiредi.
 
       Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi                     Қазақстан Республикасы
                                              Министрлер Кабинетiнiң 
                                            1993 жылғы 8 қыркүйектегi
                                               N 845 қаулысына   
                                                  қосымша
            "Ауыл құрылысы" мемлекеттiк акционерлiк 
        компаниясының құрамына кiретiн құрылыс ұйымдары мен
               құрылыс индустриясы кәсiпорындарының
                      Т I З Б Е С I
"Қазэлеватормельмонтаж" Республикалық мамандандырылған тресi
"Югспецмонтаж" акционерлiк қоғамы
"Дән"акционерлiк қоғамы
"Қапшағайауылқұрылыс" акционерлiк қоғамы
"Қазагроспецмонтаж" мамандандырылған өндiрiстiк бiрлестiгi
"Торғайауылқұрылыс" акционерлiк қоғамы
N 7 "Алматыауылқұрылыс" ұжымдық кәсiпорны
Петропавл село құрылысы комбинаты
Есiл керамзит-бетон бұйымдары заводы
Есiл құрылыс материалдары мен конструкциялары комбинаты "ЖБК"
акционерлiк қоғамы, Атбасар қаласы
Атбасар керамзит-бетон бұйымдары заводы
Ново-Ильинов темiр-бетон конструкциялары заводы
Орал керамика бұйымдары заводы
Куйбышев темiр-бетон конструкциялары заводы
Қостанай құрылыс машиналары заводы
Петропавл жөндеу шеберханасы
Қапшағай материалдық-техникалық жабдықтау базасы
Щучье қазандық-механикалық заводы
"Қазтехауылқұрылыс" ғылыми-өндiрiстiк фирмасы
"Қазөнеркәсiпаулшаржобалау" жобалау институты
"Қазиркутсклес" өндiрiстiк бiрлестiгi
Абалаков ағаш жинау-жөнелту базасы
Гипс заводы, Ақтөбе қаласы      
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады