1. Қосымшаға сәйкес Қорғаныс өнеркәсiбiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары мен акционерлiк қоғамдары негiзiнде "Қорғау" ұлттық акционерлiк компаниясы (Компания) құрылсын.
Компанияның басқармасы Алматы қаласында орналастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
Компанияның мемлекеттiк және мүлiктiк кешенiн қалыптастыру жұмысын жүргiзiп, бiр айлық мерзiмде оның құрылтай құжаттарын әзiрлесiн;
Компанияның құрамына кiретiн мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлкiн және акционерлiк қоғамдардың акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн басқару, иелену және пайдалану құқығын оған табыстайтын, ал мемлекеттiк кәсiпорындардың акционерлiк қоғамдарға айналдырылуына қарай Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған (II кезең) Ұлттық бағдарламасында көзделген тәртiп бойынша акциялардың мемлекеттiк пакеттерiн басқару, иелену және пайдалану құқығын беретiн болсын;
аумақтық органдармен және "Қорғау" ұлттық акционерлiк компаниясымен бiрлесiп, Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған (II кезең) Ұлттық бағдарламасында анықталған тәртiп бойынша қорғаныс өнеркәсiбi кәсiпорындарының акционерлiк қоғамдарға айналдырылуына қарай белгiленген тәртiппен өзiнiң құрамында акционерлiк холдинг компанияларын құрсын.
"Қорғау" ұлттық акционерлiк компаниясының дербес балансы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген, өз атауы қазақ және орыс тiлiнде жазылған мөрi болады, заңды ұйым болып табылады, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзiнiң Жарғысы негiзiнде iс-әрекет жасайды.
Компанияның басшылығын тағайындау мен бекiту Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру процесiнде шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қызметiн мемлекеттiк реттеу мәселелерi" деген 1993 жылғы 14 шiлдедегi N 606 қаулысымен анықталған тәртiп бойынша жүзеге асырылады.
3. "Қорғау" ұлттық акционерлiк компаниясына:
қорғаныс мақсатындағы өнiм өндiретiн қорғаныс кәсiпорындарының
жұмысын үйлестiру мен бақылау, қорғаныс сипатындағы ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды жүргiзу; Компанияның кәсiпорындарын дамытуға, қорғаныс өнеркәсiбiнде конверсияны және құрылымдық өзгерiстердi жүргiзуге бағытталған бiрыңғай инвестициялық саясатын әзiрлеп, оның жүзеге асырылуын қамтамасыз ету; Қазақстан Республикасы мен басқа да мемлекеттердiң қорғаныс өнеркәсiбiнiң кәсiпорындары мен ұйымдары арасында өзара тиiмдi сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастықты сақтау мен дамыту жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 қыркүйектегi N 847 қаулысына Қосымша "Қорғау" ұлттық акционерлiк компаниясына мүлкi немесе акциялардың мемлекеттiк пакеттерi берiлетiн кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдардың Тiзбесi (Кесте) <*> Ескерту. Осы кестедегi "Алатау" өндiрiс бiрлестiгi мен "Қазақрадиотехника зауыты" тiзбесiнен шығарып тасталсын. (Қазақстан республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 ж. 4 қаңтар, N 8).