1. Қосымшаға сәйкес "Қазавтоауылшармаш" корпорациясы кәсiпорындарының негiзiнде "Ақ жол" мемлекеттiк холдинг компаниясы (бұдан былай - Компания) құрылсын.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi заңда көзделген тәртiп бойынша Компанияның құрамына енгiзiлген мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн басқару хұқығын, сондай-ақ бұрын құрылған акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иемдену, пайдалану және басқару хұқығын Компанияға табыстайтын болсын.
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың акционерлендiрiлуiне қарай Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi сататын акциялардың пакеттерiн қоспағанда, акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған (II кезең) ұлттық бағдарламасында көзделген тәртiп бойынша Компанияға берiлетiн болсын.
2. "Ақ жол" холдинг компаниясы "Қазавтоауылшармаш" корпорациясының хұқылы мұрагерi болып табылады деп белгiленсiн. Компанияның атқарушы аппараты Алматы қаласында таратылған "Қазавтоауылшармаш" корпорациясының алаңында орналасады.
3. Компания қызметiнiң негiзгi мақсаты автомобиль, трактор және ауыл шаруашылық мәшинесiн жасауды дамыту, шетел инвесторларын тарту, өндiрiстi көп салалы етiп өрiстету мен коммерцияландыру деп белгiленiп, оған:
- өзiнiң құрамына енгiзiлген кәсiпорындардың қызметiн үйлестiру;
- компанияның өзара байланысты өндiрiстiк бағдарламаларын қарау мен жасау;
- негiзгi өнiм түрлерi бойынша мемлекет мұқтаждарына арналған тапсырысты кәсiпорындарға жеткiзу;
- мәшина жасауды дамыту, техникалық қайта жарақтандыру, айналадағы ортаны қорғау жөнiнде аса маңызды ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлеу жүктелсiн.
4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетiне Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлiгiмен және "Қазавтоауылшармаш" корпорациясымен бiрлесiп Компанияның мүлiктiк кешенiн қалыптастыру жөнiндегi жұмысты бiр ай мерзiм iшiнде аяқтау және құрылтай құжаттарын бекiту тапсырылсын. 5. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Автомобиль, трактор, ауыл шаруашылық машинасын жасау және сервис қызметiн көрсету жөнiндегi Қазақ мемлекеттiк корпорациясы туралы" 1992 жылғы 23 қаңтардағы N 72 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 1992 ж., N 3, 51-бап) күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 қыркүйектi N 848 қаулысына қосымша "Ақ жол" мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамына кiретiн кәсiпорындардың Т I З Б Е С I "Поршень" зауыты, Алматы қаласыТрактордың босалқы бөлшектерi зауыты, Жамбыл қаласы "Қызылордакүрiшмаш" тәжiрибе-эксперимент зауыты, Қызылорда қаласы "Литмаш"акционерлiк қоғамы, Ақмола қаласы Тоғұзақ механика зауыты, Комсомол поселкесi, Қостанай облысы "Ақтөбеауылмаш" зауыты, Ақтөбе қаласы "Павлодартрактор" концернi, Павлодар қаласы Шағын литражды қозғалтқыштар зауыты, Петропавл қаласы Мамлют мәшине жасау зауыты, Солтүстiк Қазақстан облысы Булаев тәжiрибе-механика зауыты, Солтүстiк Қазақстан облысы "Целиноградауылмаш" өндiрiс бiрлестiгi, Ақмола қаласы "Қазақауылмаш" өндiрiс бiрлестiгi, Ақмола қаласы
"Мәшине жасау зауыты"жалгерлiк кәсiпорны, Павлодар қаласы "Мәшине жасау зауыты", Ақмола қаласы "Манкентауылмаш" өндiрiс бiрлестiгi, Ақсу селосы, Оңтүстiк Қазақстан облысы "Гипрониихиммаш" институты, Алматы қаласы Дарбаза қалыптау материалдар карьерi "Қазавтошынысервис" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы "Қазавтошыны" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы "Қазавтоауылмашбанк" банкi, Алматы қаласы Аягөз қой терiсi-тон зауыты, Аягөз қаласы, Семей облысы Павлодар тiгiн фабрикасы, Павлодар қаласы