Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы, Ресей Федерациясындағы, Америка Құрама Штаттарындағы және Түрiк Республикасындағы елшiлiгiнiң жанынан әскери атташе лауазымын енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 10 қыркүйек 1993 ж. N 862

      Қытай Халық Республикасымен, Ресей Федерациясымен, Америка Құрама Штаттарымен және Түрiк Республикасымен әскери саладағы ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Ресей Федерациясындағы, Америка Құрама Штаттарындағы және Түрiк Республикасындағы елшiлiгiнiң жанынан әскери атташе лауазымы енгiзiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсе отырып, 2 ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне Қазақстан Республикасы Елшiлiгi жанындағы әскери атташе туралы Ереженi бекiтуге табыс етсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан

Республикасы болған мемлекеттердегi елшiлiгi жанындағы әскери атташенiң 
жұмысы үшiн тиiстi жағдайды қамтамасыз етсiн.
     4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан
Республикасының Қытай Халық Республикасындағы, Ресей Федерациясындағы,
Америка Құрама Штаттарындағы және Түрiк Республикасындағы елшiлiгiнiң
жанындағы әскери атташенiң қызметiн қаржымен қамтамасыз ету мәселесiн 
шешетiн болсын.

       Қазақстан Республикасының 
          Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады