"Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 10 қыркүйек N 865. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.01.31. N 105 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "шаруашылықты басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы' 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығын орындау және астық сатып алуды реттеу жөнiндегi мемлекеттiк саясатты жүргiзу, нарықтық экономика жағдайында республика халқын астық өнiмдерiмен тұрақты түрде қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қазастықөнiмi" мемлекеттiк-акционерлiк концернiнiң кәсiпорындары мен мекемелерiнiң негiзiнде N 1 қосымшаға сәйкес "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы (бұдан әрi Компания) құрылсын.
      2. Компания "Қазастықөнiмi" мемлекеттiк-акционерлiк концернiнiң мүлiктiк құқы мен мiндеттерiнiң заңды мұрагерi болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Компанияға заңда белгiленген тәртiппен оның құрамына кiретiн, бұрын құрылған акционерлiк қоғамдардың мемлекеттiк акциялар пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқын берсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне Компаниямен бiрлесе отырып 1993 - 1995 жылдарға арналған ( II кезең) мемлекет иелiгiнен алу және жекешелендiру жөнiндегi Ұлттық бағдарламаға және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Агроөнеркәсiп кешенiнiң мемлекеттiк ауыл шаруашылық, дайындаушы, ұқсатушы және қызмет көрсетушi кәсiпорындарының мүлкiн жекешелендiру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 5 наурыздағы N 1137 Жарлығына сәйкес Компания құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн қайта құруды жүзеге асыру тапсырылсын. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдарды акционерлендiрген жағдайда құрылатын акционерлiк қоғамдардың, белгiленген тәртiппен сатылатын акциялар пакетiнен басқа, мемлекеттiк акциялар пакетiн Компанияға иеленуге, пайдалануға және басқаруға берсiн.
      5. Астық өнiмдерi жөнiндегi облыстық өндiрiстiк бiрлестiктердiң негiзiнде N 2 қосымшаға сәйкес аумақтық мемлекеттiк акционерлiк компаниялар құрылсын. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне аумақтық мемлекеттiк акционерлiк компаниялар акцияларының бақылау пакетiн "Астық" компаниясына беру тапсырылсын.
      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне мемлекеттiк акциялар пакетi болмаған жағдайда мемлекет мүддесiн қамтамасыз ету үшiн қажет болған жағдайда "алтын акция" енгiзе алатын бұрын құрылған акционерлiк қоғамдардың құқын беретiн болсын.
      7. Компанияға:
      астық пен тұқымды мемлекеттiк сатып алу, мемлекеттiк ресурстарды

аумақтарға орналастыру мен пайдалану, мемлекет мұқтажы үшiн өнiм
өндiру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрудi;
     астық өнiмдерiмен экспорттық-импорттық операцияларды;
     саланың өндiру және дамытуға арналған болашақ жоспарларын
әзiрлеу мен бiрыңғай техникалық саясат жүргiзудi;
     кәсiпорындарды жаңғырту және жаңа объектiлер салу үшiн шет ел       
инвестицияларын тарту мен пайдалануды;
     Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен келiсе
отырып:
     - астық пен тұқымның мемлекеттiк ресурстық балансын әзiрлеудi;
     - жұмылдырушылық және сақтық қорларын қалыптастыруды;
     - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат ресурстарын ұтымды
пайдалану жөнiндегi шараларды әзiрлеп, жүзеге асыру тапсырылсын.
     8. "Астық" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы заңды ұйым болып
табылады, Қазақстан Республикасының заңдары, өз жарғысы негiзiнде 
iс-әрекет және республика агроөнеркәсiп кешенiнiң құрамына кiредi.

       Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi
                                            Қазақстан Республикасы
                                            Министрлер Кабинетiнiң
                                           1993 жылғы 10 қыркүйектегi
                                               N 865 қаулысына
                                                N 1 қосымша

            "Астық мемлекеттiк акционерлiк компаниясына
         акциялардың мемлекеттiк пакетiн беретiн акционерлiк
                        қоғамдар
     Ақмола астық өнiмдерi комбинаты
     Ақтөбе астық өнiмдерi комбинаты
     "Алтын диiрмен" акционерлiк қоғамы, Алматы облысы
     Қапшағай астық өндiру комбинаты, Алматы облысы
     "Дәулет"акционерлiк қоғамы, Алматы облысы
     "Алматы-нан" өндiрiстiк-сауда фирмасының акционерлiк қоғамы
     "Өскеменастықөнiмдерi" акционерлiк қоғамы, Шығыс Қазақстан Облысы
     N 1 Жамбыл астық өнiмдерi комбинаты
     "Астықөнiмдерi" акционерлiк қоғамы, Жезқазған облысы
     Желаево астық өнiмдерi комбинаты, Батыс Қазақстан облысы
     Темiртау астық өнiмдерi комбинаты, Қарағанды облысы
     Қызылорда астық өнiмдерi комбинаты
     Володар элеваторы, Көкшетау облысы
     Қостанай астық өнiмдерi комбинаты
     Аманқарағай элеваторы, Қостанай облысы
     Рождественка элеваторы, Павлодар облысы
     Петропавл астық өнiмдерi комбинаты, Солтүстiк Қазақстан облысы
     Семей ұн-құрама жем комбинаты
     Талдықорған астық өнiмдерi комбинаты
     Жақсы элеваторы, Торғай облысы
     "Ақ бидай" акционерлiк қоғамы, Оңтүстiк Қазақстан Облысы
     "Қазастықкомлект" сауда-делдалдық фирмасы
     "Қазастыққұрылысмонтаж" жобалау-құрылыс бiрлестiгi
     "Мемғылзертортаазөнеркәсiпдәнжоба" институты
     "Қазэкспортастық" мемлекеттiк-акционерлiк қоғамы


                                            Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы қыркүйектегi N 865 қаулысына N 2 қосымша


           Акционерлiк компаниялар мен облыстық астық өнiмдерi

         өндiрiстiк бiрлестiктерi негiзiнде құрылатын аумақтық
                  мемлекеттiк акционерлiк компаниялар

     "Ақмолаастықөнiмдерi" акционерлiк компаниясы                                                       
     Ақтөбе облыстық астық өнiмдерi өндiрiстiк бiрлестiгi
     Алматы облыстық астық өнiмдерi өндiрiстiк бiрлестiгi
     "Шығысастықөнiмi" компаниясы
     Жамбыл облыстық астық өнiмдерi өндiрiстiк бiрлестiгi
     Жезқазған облыстық астық өнiмдерi өндiрiстiк бiрлестiгi
     Батыс Қазақстан облыстық астық өнiмдерi өндiрiстiк бiрлестiгi
     Қарағанды облыстық астық өнiмдерi өндiрiстiк бiрлестiгi
     Қызылорда облыстық астық өнiмдерi өндiрiстiк бiрлестiгi
     Көкшетау облыстық астық өнiмдерi өндiрiстiк бiрлестiгi
     Қостанай облыстық астық өнiмдерi өндiрiстiк бiрлестiгi
     "Павлодарастықөнiмi" акционерлiк-мемлекеттiк холдингтiк 
     компаниясы   
     Солтүстiк Қазақстан облыстық астық өнiмдерi өндiрiстiк 
     бiрлестiгi
     Семей облыстық астық өнiмдерi өндiрiстiк бiрлестiгi
     Талдықорған облыстық астық өнiмдерi өндiрiстiк бiрлестiгi
     Торғай облыстық астық өнiмдерi өндiрiстiк бiрлестiгi
     Оңтүстiк Қазақстан облыстық астық өнiмдерi өндiрiстiк
     бiрлестiгi 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады