"Гидрогеология" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 17 қыркүйек N 898. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.08.21. N 1042 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Шаруашылық басқару органдарының жүйесiн жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1291 Жарлығын орындау үшiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жер қойнауын геологиялық зерделеу, пайдалану және қорғау мәселелерiнде мемлекеттiк және шаруашылық басқару функцияларын ажырату мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Қазақстан Республикасының аумағында гидрогеологиялық жұмыстар орындап жатқан Қазақстан Республикасы Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң гидрогеологиялық экспедициялары мен "Алматыгидрогеология" акционерлiк қоғамы негiзiнде құрамында қосымшаға сәйкес кәсiпорындар мен ұйымдар бар "Гидрогеология" мемлекеттiк акционерлiк компаниясын (бұдан әрi - Компания) құру туралы ұсынысы құпталсын.
      2. Компания басқармасының орналасатын жерi Алматы облысындағы Қарғалы поселкесi болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Компанияға заңда белгiленген тәртiп бойынша өз құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн, сондай-ақ Компания құрамына кiрген құрылған акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқығын табыстасын.
      Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың акционерленуiне қарай, Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1996 жылдарға арналған (II кезең) Ұлттық бағдарламасында белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өткеретiн акциялар пакеттерiнен басқа, акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi Компаниялардың иеленуiне, пайдалануына және басқаруына берiлсiн.
      4. Компания қызметiнiң негiзгi мақсаты бәсекелестiк және экстерриториялық негiзде, мемлекеттiк бюджет қаржысы есебiнен, сондай-ақ бюджеттен тыс қаражаттың да есебiнен гидрогеологиялық жұмыстар жүргiзу болып белгiленсiн және оған:
      - өз құрамына кiретiн кәсiпорындардың қызметiн олардың қызметiне неғұрлым тиiмдi жағдай туғызу үшiн үйлестiрiп отыру;
      - гидрогеологиялық жұмыс жүргiзуге тапсырыстар iздестiру;
      - оның құрамына кiретiн кәсiпорындарға олардың қызметi үшiн қажеттi өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымдар құруға жәрдемдесу;
      - оның құрамына кiретiн бөлiмшелерге жер асты су көздерiн игерудi ұйымдастыруға жәрдемдесу;
      - гидрогеологиялық жұмыс процесiне ғылыми-техникалық прогресс жетiстiктерiн енгiзу;
      - Компанияға кiрген кәсiпорындардың басшыларын тағайындау және бекiту;
      - еншiлес қоғамдар мен кәсiпорындардың Байқаушы кеңестерiн қалыптастыру, оларға өздерiнiң өкiлдерiн тағайындау;
      - Компанияда жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғаныс жөнiндегi функциялар мен мiндеттерге заңды мұрагерлiктi қамтамасыз ету жүктелсiн.
      5. Компания бұрын құрылған акционерлiк қоғамның Байқаушы кеңесiнiң құрамына өзiнiң өкiлдерiн тағайындасын және оның басшылығы бұрынғы қалпында қалдырылсын.
      6. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi:
      - Компания қызметiн қамтамасыз ету жөнiнде ұйымдастыру шараларын қолдансын;
      - Компанияға кiретiн кәсiпорындар және мемлекеттiк режимдiк, гидрогеологиялық байқауды жүзеге асыратын ұйымдар арасында негiзгi жабдықтар бөлiсiн жүргiзсiн;
      - бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне келiсу үшiн Байқаушы кеңестiң дербес құрамы мен Компания президентiнiң қызметiне кандидатура жөнiнде ұсыныс енгiзсiн.
      7. "Гидрогеология" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының

Байқаушы кеңесi бiр ай мерзiмде Компания басқармасының құрылымы
мен аппаратының санын анықтасын.
     8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi 
мемлекеттiк комитетi және оның аумақтық комитетi Қазақстан 
Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiмен
және Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгiмен бiрлесiп,
"Гидрогеология" мемлекеттiк акционерлiк Компаниясына қолдағы
ресурстардың есебiнен қажеттi қызмет үй-жайын, техникалық жабдықтар, 
телефон және телекс байланысы арналарын бөлiп берсiн.
            Қазақстан Республикасының
               Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң 
                                     1993 жылғы 17 қыркүйектегi
                                         N 898 қаулысына 
                                           Қосымша
            "Гидрогеология" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына
                      кiретiн ұйымдар мен кәсiпорындардың
                             Тiзбесi
"Алматыгидрогеология" акционерлiк қоғамы, Алматы облысының Қарғалы
поселкесi
Ақтөбе гидрогеологиялық экспедицияны, Ақтөбе облысының Қарғалы
селосы
Атырау гидрогеологиялық экспедициясы, Атырау облысының Теңдiк 
поселкесi
Жамбыл гидрогеологиялық экспедициясы, Жамбыл облысының Сарыкемер
поселкесi, оның iшiнде оның құрамында:
     "Қуан" шағын кәсiпорны, Жамбыл облысының Сарықемер поселкесi
     "Гидрогеосервис" шағын кәсiпорны, Жамбыл облысының Сарыкемер
     поселкесi
Затобол гидрогеологиялық экспедициясы, Қостанай облысының Затобол
поселкесi
Қызылорда гидрогеологиялық экспедициясы, Қызылорда облысының 
Геологтар поселкесi
Павлодар гидрогеологиялық экспедициясы, Павлодар облысының Жетекшi
поселкесi
Семей гидрогеологиялық экспедициясы, Семей облысының Новопокровка
селосы
Синегор гидрогеологиялық экспедициясы, Көкшетау облысының Чайкин
поселкесi
Талдықорған гидрогеологиялық экспедициясы, Талдықорған облысының
Крупская селосы
Орал гидрогеологиялық экспедициясы, Батыс Қазақстан облысының
Подстепное селосы
Шымкент гидрогеологиялық экспедициясы, Оңтүстiк Қазақстан облысының
Белые Воды селосы
  
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады