1. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Қазақстан Республикасы геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiнiң өндiрiстiк-геологиялық бiрлестiктерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi, кәсiпорындары және акционерлiк қоғамдары негiзiнде мынадай мемлекеттiк холдинг компанияларын құру туралы:
а) геологиялық барлау жұмыстары бойынша:
- Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында - N 1 қосымшаға сәйкес құрамда, басқармасы Ақтөбе қаласында орналасатын "Зерттеу" мемлекеттiк холдинг компаниясын;
- Шығыс Қазақстан және Семей облыстарында - N 2 қосымшаға сәйкес құрамда, басқармасы Өскемен қаласында орналасатын "Топаз" мемлекеттiк холдинг компаниясын;
Көкшетау, Қостанай, Солтүстiк Қазақстан, Торғай облыстарында - N 3 қосымшаға сәйкес құрамда, басқармасы Қостанай қаласында орналасатын "Маржан" мемлекеттiк холдинг компаниясын;
- Ақмола, Жезқазған, Қарағанды, Павлодар облыстарында - N 4 қосымшаға сәйкес құрамда, басқармасы Қарағанды қаласында орналасатын "Алға" мемлекеттiк холдинг компаниясын;
б) аумақтарында мұнай мен газға геологиялық барлау жұмыстары жүргiзiлетiн облыстар бойынша;
- Ақтөбе облысында - N 5 қосымшаға сәйкес құрамда, басқармасы Ақтөбе қаласында орналасатын "Тұлпар" мемлекеттiк холдинг компаниясын;
- Батыс Қазақстан облысында - N 6 қосымшаға сәйкес құрамда, басқармасы Орал қаласында орналасатын "Поиск" мемлекеттiк холдинг компаниясын;
- Атырау және Маңғыстау облыстарында - N 7 қосымшаға сәйкес құрамда, басқармасы Атырау қаласында орналасатын "Ақ бота" мемлекеттiк холдинг компаниясын;
- Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Жезқазған, Торғай және Оңтүстiк Қазақстан облыстарында - N 8 қосымшаға сәйкес құрамда, басқармасы Оңтүстiк Қазақстан облысының Тоғыз поселкесiнде орналасатын "Сенiм" мемлекеттiк холдинг компаниясын;
в) Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Талдықорған және Оңтүстiк Қазақстан облыстарының аумақтарында қатты пайдалы қазбаларға геологиялық барлау жұмыстарын жүргiзу жөнiнен N 9 қосымшаға сәйкес құрамда басқармасы Алматы қаласында орналасатын "Жарыс" мемлекеттiк холдинг компаниясын;
Қазақ мемлекеттiк "Волковгеология" кәсiпорны өзiнiң барлық бөлiмшелерiн сақтай отырып, "Жарыс" мемлекеттiк холдинг компаниясының құрамына дербес кәсiпорын (акционерлендiрiлгеннен кейiн акционерлiк қоғам) ретiнде енетiн болып белгiленсiн;
г) Қазақстан Республикасының аумағында мұнай және газға геофизикалық жұмыстар жүргiзу жөнiнен - N 10 қосымшаға сәйкес құрамда, басқармасы Атырау қаласында орналасатын "Толқын" мемлекеттiк холдинг компаниясын құру туралы ұсынысы құпталсын.
2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi осы қаулының N 1 тармағында аталған мемлекеттiк холдинг компанияларына заңда белгiленген тәртiппен (бұдан әрi - компаниялар) олардың құрамына кiретiн мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн иелену, пайдалану және басқару құқығын, сондай-ақ компания құрамына қосылып, құрылған акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқығын табыстасын.
Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдарды акционерленуiне қарай, Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға арналған (II кезең) Ұлттық бағдарламасында белгiленген тәртiп бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өткеретiн акциялар пакеттерiнен басқа, акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi компаниялардың иеленуiне, пайдалануына және басқаруына берiлсiн.
3. Компаниялар қызметiнiң негiзгi мақсаты бәсекелiк және экстерриториялық негiзде мемлекеттiк бюджет қаржысы есебiнен, сондай-ақ геологиялық барлау (геофизикалық) жүргiзу деп белгiленсiн және оларға:
- өздерiнiң құрамына кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдардың қызметiн, олардың қызметiне неғұрлым тиiмдi жағдай туғызу үшiн үйлестiру;
- геологиялық барлау (геофизикалық) жұмыс жүргiзуге тапсырыстар iздестiру;
- өздерiнiң құрамына кiретiн ұйымдарға қажеттi өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымдар құруға жәрдемдесу;
- өздерiнiң құрамына кiретiн бөлiмшелерге пайдалы қазбалар кен көздерiн игерудi ұйымдастыруға жәрдемдесу;
- геологиялық барлау (геофизикалық) жұмыстар процесiне ғылыми-техникалық прогресс жетiстiктерiн енгiзу;
- компанияларға кiрген кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларын тағайындау және бекiту;
- еншiлес қоғамдар мен кәсiпорындардың Байқаушы кеңестерiн қалыптастыру, оларға өздерiнiң өкiлдерiн тағайындау;
- компанияларда жұмылдыру дайындығы мен азаматтық қорғаныс жөнiндегi функциялар мен мiндеттерге құқықтық мұрагерлiктi қамтамасыз ету жүктелсiн.
4. Компаниялар бұрын құрылған акционерлiк қоғамдардың Байқаушы кеңестерiнiң құрамына өз өкiлдерiн тағайындасын және олардың басшылығына бұрынғы қалпында қалдырсын.
5. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi:
- компаниялар қызметiн қамтамасыз ету жөнiнде ұйымдастыру шараларын қабылдасын;
- Компанияға кiретiн кәсiпорындар мен мемлекеттiк басқару функцияларын жүзеге асыратын ұйымдар арасында негiзгi құрал-жабдықтар бөлiсiн жүргiзсiн;
- бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне келiсу үшiн Байқаушы кеңестердiң дербес құрамы мен компаниялар президентi қызметiне кандидатуралар жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
6. Компаниялардың Байқаушы кеңестерi екi ай мерзiмде
компаниялар басқармаларының құрылымы мен аппараттарының санын анықтасын. 7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және оның аумақтық комитеттерi Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгiмен және Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгiмен бiрлесiп, компанияларға қолдағы ресурстар есебiнен қажеттi қызмет үй-жайларын, техникалық жабдықтар, телефон және телекс байланысы арналарын бөлiп берсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 901 қаулысына N 1 қосымша "Зерттеу" мемлекеттiк холдинг компаниясына кiретiн ұйымдар мен кәсiпорындардың Тiзбесi Бұрынғы Батыс Қазақстан өндiрiстiк геологиялық бiрлестiгiнiң ұйымдары: Шығыс Орал геологиялық барлау экспедициясы, Ақтөбе облысының Донское поселкесi Маңғыстау геологиялық барлау экспедициясы, Маңғыстау облысының Қосбұлақ поселкесi Мұғаджар геологиялық-геофизикалық экспедициясы, Ембi қаласы Индер геологиялық барлау партиясы, Атырау облысының Индербор поселкесi Өндiрiстiк-техникалық жабдықтау және жинақтау басқармасы (ӨТЖЖБ), Ақтөбе қаласы "Шақаш" бiрлескен кәсiпорны, Ақтөбе қаласы Орталық лаборатория, Ақтөбе қаласы "Геохим" мемлекеттiк шағын кәсiпорны, Атырау облысының Индербор поселкесi "Самоцветы" шағын кәсiпорны, Ақтөбе қаласы
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 901 қаулысына N 2 қосымша
"Топаз" мемлекеттiк холдинг компаниясына кiретiн ұйымдар мен кәсiпорындардың Тiзбесi Бұрынғы Шығыс Қазақстан өндiрiстiк геологиялық бiрлестiгiнiң ұйымдары: "Асу бұлақ" геологиялық өнеркәсiптiк кәсiпорны, Шығыс Қазақстан облысының Асу бұлық поселкесi "Белоусовка" геологиялық өнеркәсiптiк кәсiпорны, Шығыс Қазақстан облысының Белоусовка поселкесi "Восток" геологиялық өнеркәсiптiк кәсiпорны, Өскемен қаласы "Зыряновск" геологиялық өнеркәсiптiк кәсiпорны, Зырянов қаласы "Шемонаиха" геологиялық өнеркәсiптiк кәсiпорны, Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха қаласы "Шыңғыс-Тарбағатай" геологиялық өнеркәсiптiк кәсiпорны, Семей облысының Аякөз қаласы "Зайсан" гидрогеологиялық кәсiпорны, Шығыс Қазақстан облысының Зайсан қаласы Орталық лаборатория, Өскемен қаласы "Абразив" кәсiпорны, Өскемен қаласы "Геолог" өндiрiстiк-техникалық қамту кәсiпорны, Өскемен қаласы "Кендi Алтай" өнеркәсiптiк-құрылыс кәсiпорны, Өскемен қаласы Жұмысшыларды жабдықтаудың Семей бөлiмшесi, Семей қаласы Оқу-курстық комбинаты, Шығыс Қазақстан облысының Перевальное поселкесi Лениногор геологиялық барлау экспедициясы, Лениногор қаласы
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 901 қаулысына N 3 қосымша
"Маржан" мемлекеттiк холдинг компаниясына кiретiн ұйымдар мен кәсiпорындардың Тiзбесi Бұрынғы Солтүстiк Қазақстан өндiрiстiк геологиялық бiрлестiгiнiң ұйымдары: Темiр кенi геологиялық барлау экспедициясы, Рудный қаласы Жiтiқара геологиялық барлау экспедициясы, Жiтiқара қаласы Көкшетау геологиялық барлау экспедициясы, Көкшетау қаласы Торғай геологиялық барлау экспедициясы, Арқалық қаласы Кешендi геологиялық-экологиялық экспедициясы, Қостанай қаласы Орталық лаборатория, Қостанай қаласы Заречное геологиялық-өнеркәсiптiк экспедициясы, Қостанай облысының Затобол поселкесi "ГЕОС" кәсiпорны, Қостанай қаласы Кiрпiш зауыты, Қостанай қаласы Жұмысшыларды жабдықтаудың Қостанай бөлiмi, Қостанай қаласы "Боксит" шағын ауыл шаруашылық кәсiпорны, Қостанай қаласы "Бұлақ" шағын кәсiпорны, Қостанай қаласы
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 901 қаулысы N 4 қосымша
"Алға" мемлекеттiк холдинг компаниясына кiретiн ұйымдар мен кәсiпорындардың Тiзбесi Бұрынғы Орталық Қазақстан өндiрiстiк геология бiрлестiгiнiң ұйымдарды: Ағадыр геологиялық барлай экспедициясы, Жезқазған облысының Ағадыр стансасы Галеев геологиялық барлау экспедициясы, Қарағанды облысының Шахты қаласы Жәйрем геологиялық барлау экспедициясы, Жезқазған облысының қала үлгiсiндегi Жәйрем поселкесi Қарағайлы геологиялық барлау экспедициясы, Қарағанды облысының Қарағайлы поселкесi Қарағанды геологиялық барлау экспедициясы, Қарағанды қаласы Майқайың геологиялық барлау экспедициясы, Екiбастұз қаласы Целиноград геологиялық барлау экспедициясы, Ақмола қаласы Геология-геохимиялық экспедициясы, Қарағанды қаласы Орталық лаборатория, Қарағанды қаласы Жұмысшыларды жабдықтау бөлiмi (ЖЖБ), Қарағанды қаласы Жаңа техниканың тәжiрибе-әдiстеме партиясы, Қарағанды қаласы "Жосалы" санаторийi, Қарағанды қаласы Оқу-курстық комбинаты, Қарағанды қаласы Өндiрiстiк-техникалық жабдықтау мен жинақтау басқармасы (ӨТЖЖБ), Қарағанды қаласы Шаруашылық есептегi жөндеу-құрылыс учаскесi, Қарағанды қаласы Тұрғын үй-пайдалану кеңсесi, Қарағанды қаласы Балқаш геологиялық барлау экспедициясы, Балқаш қаласы Жезқазған геологиялық барлау экспедициясы, Жезқазған қаласы Қазақ мемлекеттiк "Степгеология" кәсiпорны, Ақмола облысының Макин қаласы, құрамында: N 92 геологиялық барлау экспедициясы, Көкшетау облысы N 55 геологиялық барлау экспедициясы, Жезқазған облысы N 47 геологиялық барлау экспедициясы, Көкшетау облысы N 41 геологиялық барлау экспедициясы, Ақмола облысының Макин қаласы N 37 геологиялық барлау экспедициясы, Көкшетау облысы N 33 iздестiру-картаға түсiру экспедициясы, Ақмола облысының Макин қаласы Геологиялық-экономикалық зерттеу әдiстемелiк партиясы (ГЭЗӘП) Ақмола облысының Макин қаласы Орталық талдау лабораториясы, Ақмола облысының Макин қаласы Өндiрiстiк-техникалық жабдықтау мен жинақтау басқармасы, Ақмола облысының Макин қаласы Жұмысшыларды жабдықтаудың Макин бөлiмi, Ақмола облысы
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 901 қаулысына N 5 қосымша
"Тұлпар" мемлекеттiк холдинг компаниясына кiретiн ұйымдар мен кәсiпорындардың Тiзбесi Бұрынғы "Ақтөбемұнайгазгеология" өндiрiстiк геология бiрлестiгiнiң ұйымдары: Жаңажол мұнайгазбарлау экспедициясы, Ақтөбе облысының Қарғалы селосы Ақтөбе мұнайгазбарлау экспедициясы, Ақтөбе қаласы Кеңқияқ мұнайгазбарлау экспедициясы, Ақтөбе қаласының Шұбаршы поселкесi Скважиналарды сынау және бекiту жөнiндегi Ақтөбе экспедициясы, Ақтөбе қаласы Автокөлiк кәсiпорны, Ақтөбе қаласы Тәжiрибе-әдiстеме партиясы, Ақтөбе қаласы Қарғалы жылу және инженерлiк желiлер кәсiпорны, Ақтөбе облысының Қарғалы селосы Өндiрiстiк-техникалық жабдықтау мен жинақтау басқармасы (ӨТЖЖБ), Ақтөбе қаласы "Ақтөбегеолқұрылыс" мемлекеттiк шағын кәсiпорны, Ақтөбе қаласы Жұмысшыларды жабдықтаудың Ақтөбе бөлiмi, Ақтөбе қаласы "Прикаспий" пансионаты, Ставрополь өлкесiнiң Қызылқорған селосы
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 901 қаулысына N 6 қосымша
"Поиск" мемлекеттiк холдинг компаниясына кiретiн ұйымдар мен кәсiпорындардың Тiзбесi Бұрынғы "Оралмұнайгазгеология" өндiрiстiк геология бiрлестiгiнiң ұйымдары: Оралмұнайгазбарлау экспедициясы, Орал қаласы Шаған мұнайгазбарлау экспедициясы, Батыс Қазақстан облысының Фурманов поселкесi Солтүстiк Каспий мұнайгазбарлау, скважиналар сынау экспедициясы, Батыс Қазақстан облысының Фурманов поселкесi Мұналар құру кеңесi, Орал қаласы Автокөлiк кеңесi, Орал қаласы Өндiрiстiк-техникалық жабдықтау мен жинақтау басқармасы (ӨТЖЖБ), Орал қаласы Жұмысшыларды жабдықтаудың Орал бөлiмi, Орал қаласы Қосалқы шаруашылық, Орал қаласы
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 901 қаулысына N 7 қосымша
"Ақ бота" мемлекеттiк холдинг компаниясына кiретiн ұйымдар мен кәсiпорындардың Тiзбесi Бұрынғы Атырау мұнай газ барлау өндiрiстiк бiрлестiгiнiң ("Атыраумұнайгазбарлау" ӨГБ) ұйымдары: Солтүстiк Ембi мұнайгазбарлау экспедициясы, Атырау облысының Придорожный поселкесi Прикаспий мұнайгазбарлау экспедициясы, Атырау облысының Придорожный поселкесi Оңтүстiк Ембi мұнайгазбарлау экспедициясы, Атырау облысының Құлсары поселкесi Балықшы мұнайгазбарлау, скважиналар сынау экспедициясы, Атырау облысының Придорожный поселкесi Шаруашылық есептегi жөндеу құрылысы учаскесi, Атырау облысының Придорожный поселкесi Құрылыс-монтаж жұмыстары басқармасы, Атырау облысының Придорожный поселкесi Автокөлiк кәсiпорны, Атырау облысының Придорожный поселкесi Өндiрiстiк-техникалық жабдықтау мен жинақтау басқармасы (ӨТЖЖБ), Атырау облысының Придорожный поселкесi Жұмысшыларды жабдықтаудың Атырау бөлiмi, Атырау облысының Придорожный поселкесi "Каспий" совхозы, Атырау облысының Жұмыскер поселкесi "Қазақстан геологы" пансионаты, Ставрополь өлкесiнiң Иноземцев поселкесi Бұрынғы Маңғыстау мұнай және газ барлау өндiрiстiк бiрлестiгiнiң ("Маңғыстаугазбарлау" ӨБ) ұйымдары: N 1 мұнайгазбарлау экспедициясы, Маңғыстау облысының Ерәлиев поселкесi N 2 мұнайгазбарлау экспедициясы, Маңғыстау облысының Ерәлиев поселкесi Скважиналарды сынау экспедициясы, Ақтау қаласы Жұмысшыларды жабдықтау бөлiмi (ЖЖБ), Маңғыстау облысының Ерәлиев поселкесi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 901 қаулысына N 8 қосымша
"Сенiм" мемлекеттiк холдинг компаниясына
кiретiн ұйымдар мен кәсiпорындардың
Тiзбесi Оңтүстiк Қазақстан мұнайбарлау экспедициясы, Оңтүстiк Қазақстан облысының Тоғыз поселкесi Ленгiр мұнайбарлау, сынама алу және скважиналарды сынап көру экспедициясы, Оңтүстiк Қазақстан облысының Таскешу поселкесi Сырдария мұнайбарлау экспедициясы, Қызылорда қаласы, Александров поселкесi "Южказгеолторг" акционерлiк қоғамы, Шымкент қаласы, Жаңа Тұрлан поселкесi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 901 қаулысына N 9 қосымша
"Жарыс" мемлекеттiк холдинг компаниясына кiретiн ұйымдар мен кәсiпорындардың Тiзбесi Бұрынғы Оңтүстiк Қазақстан өндiрiстiк геологиялық кәсiпорынының ұйымдары: Қаратау геологиялық барлау экспедициясы, Оңтүстiк Қазақстан облысының Кентау қаласы, оның iшiнде құрамында: "Барит" шағын кәсiпорны, Оңтүстiк Қазақстан облысының Кентау қаласы "Брекчия" шағын кәсiпорны, Оңтүстiк Қазақстан облысының Кентау қаласы "Жаңатас" геологиялық барлау экспедициясы, Жаңатас қаласының Бүркiттi поселкесi Жоңғар геологиялық барлау экспедициясы, Текелi қаласындағы Тельман поселкесi "Қайнар" барлау-өндiру кәсiпорны, Оңтүстiк Қазақстан облысының Георгиевка селосы, оның iшiнде өз құрамында: "Геосервис" шағын кәсiпорны, Оңтүстiк Қазақстан облысының Георгиевка селосы Оңтүстiк Қазақстан алтын кендi экспедициясы, Алматы қаласы, оның iшiнде өз құрамында: "Кеншi" кен өндiрiсi кәсiпорны, Алматы қаласы Орталық лаборатория, Алматы қаласы "Арман" акционерлiк қоғамы, Алматы қаласы "Гео-эко-орталық" жауапкершiлiгi шектелген қоғамы, Алматы қаласы "Волкогеология" Қазақ мемлекеттiк геологиялық кәсiпорны, Алматы қаласы, құрамында: N 5 геологиялық барлау экспедициясы, Оңтүстiк Қазақстан облысының Әйгене поселкесi N 7 геологиялық барлау экспедициясы, Оңтүстiк Қазақстан облысының Тайкөмiр поселкесi N 21 геологиялық барлау экспедициясы, Жамбыл облысының Қияқты поселкесi N 39 геологиялық барлау экспедициясы, Алматы облысының Ақши поселкесi N 23 геологиялық барлау экспедициясы, Қызылорда облысының Шиелi поселкесi N 55 геологиялық барлау экспедициясы, Жамбыл облысының Қордай поселкесi N 37 геологиялық барлау экспедициясы, Алматы облысының Ақбайлау поселкесi Өндiрiстiк-техникалық жабдықтау мен жинақтау басқармасы (ӨТЖЖБ), Алматы қаласы Материалдық-техникалық жабдықтау басқармасы (МТЖБ), Алматы қаласы Цифрлық өңдеу партиясы, Алматы қаласы Өндiрiстiк қамтамасыз ету партиясы, Алматы қаласы Балабақша, Алматы қаласы Құрылыс-монтаж басқармасы, Алматы қаласы "Коммунальник" фирмасының жауапкершiлiгi шектелген серiктестiгi, Алматы қаласы Граниторг кен байыту комбинаты, Жамбыл облысының Гранитогор поселкесi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 қыркүйектегi N 901 қаулысына N 10 қосымша
"Толқын" мемлекеттiк холдинг компаниясына кiретiн ұйымдар мен кәсiпорындардың Тiзбесi <*> Бұрынғы мұнай және газ геофизикалық жұмыстары жөнiндегi Қазақ мемлекеттiк "Қазмұнайгазгеофизика" тресiнiң ұйымдары: Ақтөбе геофизикалық экспедициясы, Ақтөбе облысының Қарғалы селосы Атырау геофизикалық экспедициясы, Атырау қаласы Маңғыстау геофизикалық экспедициясы, Атырау қаласы Орал геофизикалық экспедициясы, Орал қаласы Теңiз геофизикасы жұмыстарын жүргiзуге мамандандырылған "Қазтеңiзгеофизика" экспедициясы, Маңғыстау облысының Баутино поселкесi Мұнай мен газға скважиналарды геофизикалық зерттеу жөнiндегi Қазақ мемлекеттiк тресi, Ақтөбе қаласы, құрамында: Скважиналарды геофизикалық зерттеу жөнiндегi Ақтөбе экспедициясы (Ақтөбе СГЗЖЭ), Ақтөбе облысының Қарғалы селосы Скважиналарды геофизикалық зерттеу жөнiндегi Батыс Қазақстан экспедициясы (Батыс Қазақстан СГЗЖЭ), Ақтөбе облысының Придорожный поселкесi Скважиналарды геофизикалық зерттеу жөнiндегi Маңғыстау экспедициясы (Маңғыстау СГЗЖЭ), Ақтау қаласы Скважиналарды геофизикалық зерттеу жөнiндегi Түлкiбас экспедициясы (Түлкiбас СГЗЖЭ), Оңтүстiк Қазақстан облысының Түлкiбас стансасы Скважиналарды геофизикалық зерттеу жөнiндегi Орал экспедициясы (Орал СГЗЖЭ), Батыс Қазақстан облысының Подстепное селосы Ескерту. "Толқын" компаниясын құрамнан ұйымдар мен кәсiпорындар шығарылған - ҚРКМ-нiң 5.04.1994 ж. N 333 қаулысына сәйкес.