"Қазболат-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 17 қыркүйек N 903. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.12.14. N 1725 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Кен-металлургия кешенiн мемлекеттiк реттеудi жетiлдiру туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1287 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Қазболат-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясы (бұдан әрi - Компания) құрылсын.
      Компанияның құрылуына байланысты қара металдар және металл өнiмiн өндiретiн "Қазболат" мемлекеттiк корпорациясы таратылсын.
      2. Компания басқармасының орналасатын жерi Қарағанды облысының Темiртау қаласы болып белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      осы қаулыға тiркелген қосымшаға сәйкес мемлекеттiк кәсiпорындардың, ұйымдар мен акционерлiк қоғамдардың құрамында Компанияны құру жөнiндегi құрылтай құжаттарының пакетiн бiр ай мерзiм iшiнде әзiрлесiн;
      Компанияға кәсiпорындар мен ұйымдардың мемлекеттiк мүлкiн, сондай-ақ бұрын құрылып, Компанияның құрамына енгiзiлген акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн иелену, пайдалану және басқару құқығын беретiн болсын.
      Мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдарды акцияландыру барысына қарай акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi өткеретiн акциялардың пакеттерiн қоспағанда, Қазақстан Республикасында 1993-1995 жылдары (II кезең) мемлекет қарамағынан алу мен жекешелендiрудiң Ұлттық бағдарламасында көзделген тәртiппен Компанияның иеленуi, пайдалануы және басқаруына берiлсiн.
      4. Компания қызметiнiң негiзгi мақсаттары мыналар деп белгiленсiн:
      қара металдар және металл өнiмдерiн өндiрумен байланысты кен-металлургия, кен өндiру кәсiпорындарының, акционерлiк қоғамдардың қызметiн үйлестiру;
      мемлекеттiк органдар үшiн саланы дамытудың басым және стратегиялық бағыттарының бағдарламасын әзiрлеу;
      металл өнiмдерiн өндiру, шикiзат-минерал базасын дамыту, өндiрiстi техникалық жағынан қайта жарақтандыру және қоршаған ортаны қорғау жөнiнде аса маңызды ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзiрлеу;
      қаржы ресурстарының сала iшiндегi айналымын жүзеге асыру;
      минералды шикiзатты, оның iшiнде жатып қалған, өңделуi қиын өндiрiс қалдықтарын кешендi түрде пайдалануды ұйымдастыру;
      өндiрiстi кооперациялау мен өнiм жеткiзудi, кәсiпорындар мен ұйымдарды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудi ұйымдастыру;
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi бiрлесе отырып, Компанияның кәсiпорындары өндiрген өнiмдi экспортқа шығарудың квоталарын жасап, лицензияларын келiсу, олардың сыртқы экономикалық қызметiн үйлестiру;
      Компанияның құрамына кiретiн кәсiпорындардың басшыларын тағайындау және бекiту;
      еншiлес кәсiпорындар мен мекемелердiң Байқаушы кеңестерiн қалыптастыру, оларға өз өкiлдерiн тағайындау.
      5. Компания бұрын құрылған акционерлiк қоғамдардың басшылығын өз орнында қалдырып, олардың Байқаушы кеңестерiнiң құрамына өз өкiлдерiн тағайындасын.
      6. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi Компанияның

қызметiн қамтамасыз ету жөнiнде ұйымдастыру шараларын қабылдайтын
болсын.
     7. Компанияға "КАТЭП" Ұлттық акционерлiк компаниясымен бiрге
Көкшетау облысындағы Сырымбет қалайы кен орнын игеру және кен шығару
тапсырылсын.
     8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi
мемлекеттiк комитетi және оның аумақтық комитетi Қарағанды
металлургиялық комбинатымен бiрлесiп қолдағы ресурстар есебiнен
Компанияға қажеттi қызмет үй-жайларын, техникалық құралдарды, 
телефон мен телекс байланысы арналарын бөлетiн болсын.
            Қазақстан Республикасының
                Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң 
                                     1993 жылғы 17 қыркүйектегi
                                           N 903 қаулысына
                                            Қосымша
            "Қазболат-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясына
                     кiретiн кәсiпорындардың
                          Тiзбесi
Қарағанды металлургия комбинаты, Темiртау қаласы
Оңтүстiк Топар мен басқармасы, Южный қала үлгiсiндегi поселкесi,
Қарағанды облысы
"Металлургтұрғынүйқұрылыс" тресi, Темiртау қаласы
"Арнаулықұрылыс" құрылыс басқармасы, Темiртау қаласы
Құрылыс материалдары зауыты, Қарағанды қаласы
Жол-құрылыс басқармасы, Темiртау қаласы
"Политрик" жеңiл өнеркәсiп тауарларын шығару өндiрiсi, Темiртау
қаласы
Ауыл шаруашылығы басқармасы (7 кеңшар), Қарағанды облысы
"Қазгипромез" институты, Темiртау қаласы

"Қазқайтқарамет" өндiрiстiк бiрлестiгi, Алматы қаласы "Қараметавтоматика" ғылыми-өндiрiстiк бiрлестiгi, Қарағанды қаласы "Қараметавтоматика" тәжiрибе зауыты, Қарағанды қаласы Қарағанды металл құрылғылары зауыты, Қарағанды қаласы Соколов-Сарыбай кен өнеркәсiбi бiрлестiгi, Рудный қаласы "Қазшахтакенқұрылыс" тресi, Рудный қаласы

Кен банкi, Рудный қаласы
Алексеев доломит кенiшi, Алексеевка қала үлгiсiндегi поселкесi,
Көкшетау облысы
Жөндеу-механика зауыты, Рудный қаласы
"Автоматика" өндiрiстiк бiрлестiгi, Рудный қаласы
Соколов жерасты кенiшi, Рудный қаласы
"Элекс" кәсiпорны, Рудный қаласы
"Перцов" совхозы, Рудный қаласы
Қарағанды металл қалыптау және бортжабдықтау зауыты, Қарағанды
қаласы
"Жылуприбор" акционерлiк қоғамы, Қарағанды қаласы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады