Алматы темекi комбинатын жеке жоба бойынша жекешелендiру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 27 қыркүйек 1993 ж. N 951

      Алматы темекi комбинатын мемлекет иелiгiнен алу жөнiндегi конкурстық комитет жұмысының аяқталуына және стратегиялық инвестордың таңдалып алуына байланысты Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Филип Моррис Интернэшнл Инвестмент Корпорейшн" компаниясы конкурс жеңiмпазы деп танылсын, Алматы темекi комбинатының "Алматы Темекi Компаниясы" болып қайта құрылуы бекiтiлсiн және Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi табыс еткен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен "Филип Моррис Интернэшнл Инвестмент Корпорейшн" арасындағы "Алматы Темекi Комбинаты" акционерлiк қоғамының Жарғылық капиталын иелену туралы Қазақстан Республикасының тиiстi мiндеттемесi енгiзiлген шарт мақұлдансын.
      Премьер-министрдiң орынбасары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы Ж.С. Кәрiбжановке Үкiмет атынан Қазақстан Республикасы үшiн аталған шартқа қол қою тапсырылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен, Қазақстан Әлем Банкiмен бiрлесiп сатудан түскен акциялар мен бонустар сомасының Республикалық валюта қорының валюталық шотына түсуiн қамтамасыз етсiн, сондай-ақ мүдделi министрлiктердiң, ведомстволардың және ұйымдардың қатысуымен "Филип Моррис Интернэшнл Инвестмент Корпорейшн" компаниясы аталған шарттарға сәйкес төлейтiн және беретiн темекi өнiмдерiн алу мен өткiзудi жүзеге асыратын болсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық патент ведомствосы "Алматы Темекi Компаниясы" акционерлiк қоғамының Қазақстан Республикасының аумағында сигареттiң тауарлық таңбаларын пайдаланудағы, сондай-ақ оларды құқықтық қорғаудағы басымдығын қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, ведомстволары, Алматы, Жамбыл, Талдықорған, Оңтүстiк Қазақстан облыстарының және Алматы қаласының әкiмдерi "Алматы Темекi Компаниясы" акционерлiк қоғамын аталған шарт шеңберiндегi барлық қажеттi рұқсат етулермен және тiркелулермен қамтамасыз етсiн және Акционерлiк қоғамның ұйымдық мәселелерiн шешуге жәрдем көрсетсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне - "алтын акция" иесiне - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен "Тағам" мемлекеттiк акционерлiк компаниясының қатысуымен жасалған шартты жүзеге асыру барысында республика мүддесiнiң сақталуына бақылауды қамтамасыз ету тапсырылсын.
             Қазақстан Республикасының
                 Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады