Саудадан тыс төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 29 қыркүйек 1993 ж. N 954

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Алматы қаласында 1993 жылғы 8 маусымда қол қойылған, Саудадан тыс төлемдер туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасы Үкiметiнiң арасындағы осыған қосылған келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi осы Келiсiмнiң бекiтiлгенi туралы Қырғыз Республикасының Үкiметiн хабардар ететiн болсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Саудадан тыс төлемдер туралы Қазақстан
Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының
Үкiметi арасындағы
Келiсiм

(1993 жылғы 3 қаңтарда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Қырғызстан Республикасының ұлттық валютасы енгiзiлуiне байланысты Өзара мiндеттемелер туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi арасындағы келiсiмнiң 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қырғыз Республикасының Үкiметi (бұдан былай - Тараптар деп аталады) Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы арасында саудадан тыс төлемдердi қамтамасыз ету мақсатында мыналар жайында келiстi:

1-бап

      Тараптар екi жақтың аумағында тұрақты тұратын жеке адамдар мен сонда орналасқан заңды ұйымдарға саудадан тыс операциялар бойынша ұлттық валюталардағы ақшалай қаражатты еркiн аудару мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi, бұл операциялардың тiзбесi мен жүзеге асыру шарттарын Тараптардың қаржы министрлiктерi арнаулы келiсiмде анықтайды.

2-бап

      Саудадан тыс операциялар бойынша ұлттық валюталардағы төлемдер Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiсiнiң Қырғыз Республикасының Ұлттық банкiсiндегi және Қырғыз Республикасы Ұлттық банкiсiнiң Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiсiндегi корреспонденттiк есепшоттары арқылы жүзеге асырылады. Аталған төлемдер осы елдердiң заңдарына сәйкес Тараптардың ұлттық банкiлерiнiң келiсуi бойынша ашылатын Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының коммерциялық банктерiнiң корреспонденттiк есепшоттары арқылы да жасалуы мүмкiн.

3-бап

      Министрлiктер мен ведомстволар Тараптардың қаржы министрлiктерi мен банктерiнiң келiсуi бойынша саудадан тыс операциялар бойынша бiр-бiрiмен есеп айырысуды жүргiзу туралы екiжақты келiсiмдер жасасады.

4-бап

      Тараптардың өзара келiсуi бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

5-бап

      Осы Келiсiмдi орындау мен түсiндiруге байланысты барлық даулы мәселелер келiссөз жүргiзу жолымен шешiледi.

6-бап

      Осы Келiсiм оны мақұлдау үшiн қажеттi iшкi мемлекеттiк процедуралардың орындалғаны туралы хабардар ету алмасылған күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм Тараптардың бiрi оны бұзғысы келетiнi туралы екiншi Тарапқа дипломатиялық арна арқылы жазбаша нысанда хабардар еткенге дейiн қолданыла бередi. Осы Келiсiмге қатысудан бастарту туралы хабардар ету алынғаннан кейiн үш ай өткен соң Келiсiм күшiн жояды.
      Алматы қаласында 1993 жылғы 8 маусымда түпнұсқалы үш дана етiп, әр қайсысы қазақ, қырғыз және орыс тiлдерiнде жасалған, әрi Тараптардың екеуiне де барлық текстiң күшi бiрдей.

      Қазақстан Республикасының          Қырғыз Республикасының
            Үкiметi үшiн                      Үкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады