Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым орталықтары бас директорлары мен ғылыми жетекшiлерiнiң лауазымдық жалақысын белгiлеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 29 қыркүйек 1993 ж. N 955. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Республиканың ғылыми-техникалық прогресi, технологиялық дамуы үшiн ұлттық ғылым орталықтары қызметiнiң зор маңызы бар екенiн ескере отырып, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Ұлттық ғылым орталығы Бас директорының лауазымдық жалақысы Қазақстан Республикасы Министрiнiң орынбасары деңгейiнде белгiленсiн. Ғылым орталығы Ғылыми жетекшiсiнiң лауазымдық жалақысының мөлшерi орталықтың Бас директорының лауазымдық жалақысына теңестiрiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрiне Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң келiсуi бойынша Ұлттық ғылым орталықтарының бас директорлары мен ғылыми жетекшiлерiне лауазымды жалақысының 50 процентiне дейiнгi мөлшерде үстемақы белгiлеу құқығы берiлсiн.

      Қазақстан Республикасының 
          Премьер-министрi 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады