Төтенше жағдайлардың алдын алу мен сондай жағдайларда халықты және мамандарды iс-қимыл жасауға үйрету жүйесiн құру жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 30 қыркүйек 1993 ж. N 969. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 Қаулысымен

      Табиғи және техногендiк апаттардың алдын алу мен республика халқына одан келетiн нұқсанды кемiту, Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу мен олардың зардаптарын жою жөнiндегi қосымша шаралар туралы" 1993 жылғы 8 маусымдағы N 1218 қаулысын орындау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерiне, Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен ведомстволарының, бiрлестiктердiң, концерндердiң, қауымдастықтардың, компаниялардың, кооперативтердiң, кәсiпорындардың, ұйымдардың және ведомстволық бағынысына қарамастан басқа түрлi меншiк нысандарындағы өндiрiстiк-ұйымдық құрылымдардың бiрiншi басшыларына халықты, жұмысшылар мен қызметшiлердi, оқушы жастарды төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға үйрету үшiн жеке жауапкершiлiк жүктелсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi, өз оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволар, Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс штабы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясымен бiрлесе отырып:
      1993-1994 жылдар iшiнде халықты, барлық деңгейдегi басшыларды төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға үйрету жөнiндегi қазiргi оқу бағдарламалары мен әдiстеменi, оқу құралдарын қайта қарап, оларға жергiлiктi жағдайды және осы заманғы талаптарды ескере отырып толықтырулар мен өзгерiстер енгiзсiн, оқу-материалдық базаны жетiлдiрсiн;
      1993-1995 жылдар iшiнде бейне-компьютерлiк құралдар мен автоматтандырылған оқыту жүйесiн пайдалану жөнiндегi әдiстеменi және бағдарламамен қамтамасыз етудi әзiрлеп, енгiзетiн болсын;
      1993-1995 жылдар iшiнде жоғары оқу орындарында республиканың шаруашылық кешенiне төтенше жағдайлардың алдын алу және сондай жағдайларда iс-қимыл жасау мен азаматтық қорғанысқа дайындау жөнiндегi мамандар, ал гуманитарлық оқу орындарында "Тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң негiздерi" бойынша оқытушылар даярлауды енгiзсiн;
      1993-1994 жылдар iшiнде ведомстволық бағынысына қарамастан жоғары оқу орындарында, жалпы бiлiм беретiн мектептердiң барлық түрлерiнде, кәсiптiк-техникалық училищелерде, арнаулы орта оқу орындарында, мектепке дейiнгi мекемелерде және Басшы қызметкерлер мен мамандардың бiлiктiлiгiн көтеретiн республикалық салааралық институтта оқу жоспарында сағат саны жiктелген "Тiршiлiк қауiпсiздiгiнiң негiздерi" курсын енгiзiп, осы пәндi оқытуға бөлiнген сағат санын азайтуға жол бермесiн.
      3. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабы, Iшкi iстер министрлiгi облыстық, Алматы және Ленинск қалалық әкiмшiлiктермен, мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесе отырып:
      1993-1995 жылдар iшiнде төтенше жағдай проблемаларына байланысты оқулық кино және бейне фильмдер мен мультфильмдердiң тақырыптары мен қажеттi мөлшерiн анықтап, оларға тапсырыс беретiн болсын, халықты және басшыларды төтенше жағдайға дайындалуы мен iс-әрекет жасауы жөнiндегi тақырып бойынша шет елден қажеттi мөлшерде бейне өнiмдерiн сатып алып, қазақ және орыс тiлдерiне аударуды ұйымдастырсын;
      1993 жылдың iшiнде халық пен барлық деңгейдегi басшылардың төтенше жағдайларда нақты iс-әрекет жасауын пысықтауға бағытталған жаттығуларды дайындау мен өткiзудiң бiрыңғай әдiстемесiн жасасын;
      3 айлық мерзiмде төтенше жағдайлардың алдын алу мен сондай жағдайларда және азаматтық қорғаныста iс-қимыл жасаудың республикалық жүйесiнiң оқу-тәжiрибелiк кешенiн құру жөнiндегi қаулының жобасын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзсiн:
      халықтың төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауын пысықтау үшiн әр тоқсан сайын жергiлiктi жағдайды ескере отырып сейсможаттығулар мен басқа да жаттығуларды ұйымдастырып, өткiзiп отырсын;
      жыл сайын көктем кезiнде халықты төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға үйрету айлығын өткiзсiн.
      4. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабы, Бiлiм министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi, Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi, Қазақтың сейсмикаға төзiмдi құрылыс пен сәулет ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-жобалау институты, "Қазселденқорғау" ӨБ, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi бас басқармасы Қазтелерадиохабар тарату компаниясымен, Қазақстан Республикасы Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгiмен, Ұлттық ғылым академиясымен бiрлесiп төтенше жағдай проблемасы және сондай жағдайда iс-әрекет жасау жөнiнде телерадиохабарлар, баспасөз орындарына мақала беру, кiтапша, есбелгi, плакат, оқу құралдарын шығару жоспарларын жасап, ұдайы (кемiнде айына бiр рет) теле-радиохабар, баспасөз органдарында мақалалар жариялауды ұйымдастырсын.
      5. Қазақстан Республикасы Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгi, Ғылым және жаңа технология министрлiгi Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы мен Қазақтың сейсмикаға төзiмдi құрылыс пен сәулет ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-жобалау институтының қатысуымен 1993-1994 жылдар iшiнде сейсмикаға төзiмдi құрылыс және аз қабатты жеке тұрғын үйлердiң сейсмикаға төзiмдiлiгiн арттыру жөнiндегi үлгi жобалық шешiмдер жинағын, сондай-ақ төтенше жағдай кезiнде қалпына келтiру жұмысын жүргiзудегi техникалық ұсыныстарын әзiрлеп шығарсын.
      6. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi, Азаматтық қорғаныс штабы Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының қатысуымен 1993-1996 жылдар iшiнде халықты және мамандарды төтенше жағдайларда iс-қимыл жасауға дайындау мен үйрету мәселелерi жөнiнде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзудi ұйымдастырсын.
      7. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғаныс штабының бастығы:
      жұмыс iстемейтiн халықты тұрғылықты жерлерiнде төтенше жағдайларда iс-әрекет жасауға үйрету және жаттығулар өткiзiлуiн ұйымдастыруды тiкелей өзi бақылауына алсын;
      1993 жыл мен 1994 жылдың бiрiншi тоқсаны iшiнде азаматтық қорғаныс облыстық курстарының негiзiнде төтенше жағдайларға және азаматтық қорғанысқа дайындау орталықтарын құрсын.
      8. Республикалық азаматтық қорғаныс курстарын төтенше жағдайларға және азаматтық қорғанысқа дайындаудың республикалық орталығы етiп қайта құрып, оған жоғары оқу орны мәртебесi берiлсiн, Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабы бiр айлық мерзiмде Республикалық және облыстық орталықтар туралы Ереженiң жобасын Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қарауына енгiзсiн.
      9. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi төтенше жағдай және азаматтық қорғаныс бағытындағы офицерлер кадрын шет елдердiң әскери оқу орындарында да даярлауды жүзеге асырсын.
      10. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабының, төтенше жағдайларда iс-әрекет жасауға және азаматтық қорғанысқа дайындаудың облыстық орталықтарының, Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Ұлттық ғылым академиясының, оқу орындары бар министрлiктер мен ведомстволардың негiзгi жұмыс бағыттарын дамытуға арналған қаржы көлемiнде халықты және мамандарды төтенше жағдайлардың алдын алуға және сондай жағдайларда iс-әрекет жасауға үйрету жүйесiн құру жөнiндегi шараларды өткiзуге қаржы бөлiнуiн көздейтiн болсын.
      11. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабына жүктелсiн.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады