Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсiптiк биржасының қызмет ауқымын кеңейту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 30 қыркүйек 1993 ж. N 974. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Мемлекеттiк құрылымдардың ауыл шаруашылық өнiмдердi сатып алу көлемiнiң жыл сайын қысқаруы жағдайында оны биржалық сауда арқылы сату рөлi мен мәнi күрт өсiп отыр. 
      Тауар өндiрушiлерге бiрыңғай баға саясатын жасауда, ауыл шаруашылық өнiмдерiн өткiзу жөнiнде нарықтық қатынастар мен ақпараттық ықпал ету ауқымын кеңейтуде практикалық көмек көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсiптiк биржасымен келiсе отырып, оған астық және басқа ауыл шаруашылық өнiмдерiне импортерлер мен шет ел инвесторларын Қазақстан рыногына iздестiру және тарту астық экспортерлерiн тiркеу мен олардың бағалауын анықтау, инвестициялық қорлар мен мемлекеттiк несиелер үшiн ұсыныстар әзiрлеу, қызметтiң консультациялық, әдiстемелiк, ұйымдық және басқа түрлерiн көрсету жөнiнде қосымша қызмет жүктеу туралы ұсынысы қабылдансын. 
      2. Астықты және басқа ауыл шаруашылық өнiмдерiн сатуды толық есепке алу, республика iшiндегi барлық сауда операцияларына баға бақылауын жүзеге асыру Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсiптiк биржасында жүргiзiлсiн. 
      Бұл орайда республикадан тысқары жерлерге астық және мемлекеттiк мақсаттағы басқа да ауыл шаруашылық өнiмдерiн шығару Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады. 
      3. Халық депутаттары Алматы қалалық Кеңесiне Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсiптiк биржасынан астық және басқа ауыл шаруашылық өнiмдерi жөнiндегi келiсiмдерден алым алуды тоқтатуды немесе осы алымдарды оның материалдық-техникалық базасын дамытуға жiберудi ескере отырып, 1992 жылғы 22 мамырда 21 шақырылған Х сессиясындағы "Биржаларда жүргiзiлген және валюта сатып алу-сату барысындағы келiсiмдерге мақсатты алып енгiзу туралы" шешiмiн қарауға өтiнiм жасалсын. 
      4. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi экспортқа беруге жасалған контракттар бойынша астықты және басқа ауыл шаруашылық өнiмдерiн кедергiсiз тасымалдауды қамтамасыз етсiн. 
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi 1994 жылдан бастап Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсiптiк биржасын орналастыру жөнiндегi бизнес-кешенiн салуға қаржы бөлудi қарастыратын болсын. 
      6. Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсiптiк биржасына осы қаулы шыққан күннен бастап бiр ай iшiнде өзiнiң Жарғысына қажеттi өзгертулер мен толықтырулар енгiзу ұсынылсын. 
      7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Атакент" Республикалық iскерлiк ынтымақтастық орталығының аумағындағы "Ауыл шаруашылығы" павильонын Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсiптiк биржасына ұзақ мерзiмге жалға беру жөнiндегi мәселенi шешетiн болсын.
      8. Облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстанның халықаралық агроөнеркәсiптiк биржасының жұмыс iстеуiне қажеттi жағдай жасауды қамтамасыз ете отырып, оның жергiлiктi жерлерде филиалдарын құруға жәрдем көрсететiн болсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

 

      

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады