Жүктердi темiр жол көлiгiмен тасымалдау кезiнде айыппұл мөлшерiн арттыру туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 30 қыркүйек N 975. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.02.27. N 206 қаулысымен.
- Мәтін
- Ресми жарияланым
- Ақпарат
- Өзгерістер тарихы
- Сілтемелер
- Көшіру
- Түсініктемелер
- Басқа
1. 1993 жылғы 1 қазаннан бастап темiр жол Жарғысында көзделген, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 11 наурыздағы N 196 қаулысымен (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ, 1993 ж., N 8, 95-бап) белгiленiп, қолданылып жүрген айыппұл мөлшерi:
50 және 92-баптарға сәйкес темiр жолдың вагондар беру мен алып кетудi кiдiрткенi үшiн;
51 және 161-баптарға сәйкес вагондарды тазартпағаны және цистерналарды сарықпағаны үшiн;
104-бапқа сәйкес тiкелей аралас қатынас тасымалы кезiнде контейнерлердi белгiленген мерзiмнен артық кiдiрткенi үшiн;
118 және 118-1-баптарға сәйкес жүктердi ауыстыру жоспарын орындамағаны және вагондар мен кемелердiң бос тұрғаны үшiн;
144-бапқа сәйкес жүк тасымалдау жоспарын орындамағаны үшiн;
155-бапқа сәйкес жүк атауын дұрыс көрсетпегенi үшiн;
155-1-бапқа сәйкес темiр жолдың рұқсатынсыз жалпы желiлiк парктiң вагондары мен контейнерлерiн жүк жөнелтушiлердiң, жүк алушылардың және кiрме жол иелерiнiң өздерiнiң iшкi тасымалына пайдаланғаны үшiн;
156, 156-1, 156-2, 157 - баптарға сәйкес вагондар мен контейнерлердi белгiленген мерзiмнен артық кiдiрткенi үшiн;
159-1 - бапқа сәйкес вагондар мен контейнерлердiң жүк көтергiштiгi мен сыйымдылығын толық пайдаланбағаны үшiн;
163-бапқа сәйкес кәсiпорындарға, ұйымдар мен мекемелерге қарасты немесе олар жалға алған вагондар мен контейнерлердi темiр жолдың өз бетiмен алып қойғаны үшiн 3 есе арттырылсын. <*>
Ескерту. Осы баптарда көзделген айып мөлшерi 1994 ж. 1 сәуiрден
бастап 3 есе арттырылған - ҚРМК-нiң 1994 ж.
16 наурыздағы N 278 қаулысына сәйкес.
2. Қазақстан Республикасының Көлiк министрлiгi жүк тасымалдау тарифының деңгейiн одан әрi өзгерткен жағдайда осы қаулының 1-тармағында көрсетiлген айыппұл мөлшерiн өзгерту туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне тиiстi ұсыныстар енгiзiп отырсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз