Ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған ауыл шаруашылық алаптарын алу барысында жер иеленушiлердiң, жер пайдаланушылардың, жалгерлердiң шығындарын және ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң залалдарын өтеу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы<*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 978. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997.03.04. N 299 қаулысымен. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994.04.04. N 324 қаулысын қараңыз.

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасының Жер кодексi мен Қазақстан Республикасының "Шаруа қожалығы туралы" Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу туралы" 1993 жылғы 8 сәуiрдегi N 2092 а-ХII қаулысына сәйкес және жер иеленушiлердiң, жер пайдаланушылар мен жалгерлердiң шығындарын толық көлемiнде өтеу, сондай-ақ құнды ауыл шаруашылық алаптары мен ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң қажеттi көлемiн сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған ауыл шаруашылық алаптарын алу барысында жер иеленушiлердiң, жер пайдаланушылардың, жалгерлердiң шығындарын және ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң залалдарын өтеу тәртiбi туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған ауыл шаруашылық алаптарының орнына берiлетiн жаңа жерлердi игеру құнының нормативтерi N 1 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне қажеттiлiгiне қарай, мемлекеттiк статистика деректерiн пайдалана отырып жаңа жердi игеру барысында жабдықтарға, материалдар мен көрсетiлетiн қызметке, құрылыс-монтаж жұмыстарына қолданылатын тоқсан сайын баға индексiнiң бекiтiлген нормативiн анықтау құқы берiлсiн.
      3. Жаңа жерлердi игеру құнының нормативiне мынадай:
      облыстық және жергiлiктi мақсаттағы жолдарды салу үшiн ауыл шаруашылығы алаптарын алу кезiнде - 0,2;
      колхоздардың, совхоздардың, басқа да мемлекеттiк, кооперативтiк, қоғамдық кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, 100 мыңнан 250 мыңға дейiнгi тұрғыны бар қалалардың ерекше қала құрылысы реттелетiн аймағында орналасқан азаматтардың ауыл шаруашылық алаптарын алу кезiнде - 1,2 ал 251 мынан 500 мыңға дейiнгi тұрғындары барлардан - 1,4 501 мыңнан 1 миллионға дейiнгi тұрғындары барлардан - 1,6 және 1 миллионнан астам тұрғыны барлардан - 2, мемлекеттiк сорт сынау учаскелерiнен, тәжiрибе алқаптарынан, ауыл шаруашылық және биологиялық саладағы ғылыми-зерттеу және оқу орындарының алаптарын және табиғат қорғау, рекреациялық, денсаулық сақтау мақсатындағы жерлердi алу кезiнде - 2,5 коэффициент белгiленсiн.
      Мұндай аймақтардың көлемi мен шекарасын анықтау Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 93-1 бабына сәйкес тиiстi атқарушы органның құзырына болады.
      4. Ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған ауыл шаруашылық алаптары уақытша пайдалануға немесе жалға берiлген жағдайда (кейiннен ауыл шаруашылық алабының сапасын берiлгендегiден төмен емес кадастрлық бағалау деңгейiне дейiн қалпына келтiру жағдайымен) ауыл шаруашылық өндiрiс шығынының көлемi жаңа жерлердi игеру құнының нормативiне процентпен есептеледi деп белгiленсiн.
      Бұл орайда 3 жылға дейiн уақытша пайдаланылған немесе 10 жылға дейiн жалға алынған жылдардың әр жылы үшiн белгiленген нормативтiң 5 процентi қоса алынады. Жалға алған 11 жылдан 20 жылға дейiнгi жылдардың әр жылы үшiн 2 процент, 21-ден 40 және одан арғы жылдар үшiн нормативтердiң 1 процентi алынады.
      5. Ауыл шаруашылық мақсатқа арналмаған, уақытша пайдалануға немесе жалға берiлген жер учаскелерiн белгiленген мерзiмде қайтармаған кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар жер иеленушiлерге, жер пайдаланушыларға және жалгерлерге уақытша пайдалануға немесе жалға берiлген жер учаскелерiнен өнiм алынбай қалғаны үшiн осы қаулының 4-тармағында көзделген жаңа жерлердi игеру құнының белгiленген нормативiнiң 5 процентiн құрайтын соманың заңсыз пайдаланған алғашқы жыл үшiн екi есе көлемдегi, екiншi және одан кейiнгi жылдар үшiн бес есе көлемдегi ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң шығындарын өтейтiн болып белгiленсiн.
      6. Ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң шығындарын өтеуге арналған қаржы тиісiнше Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттiк банкiне және оның облыстық бағдарламасында ашылатын Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң арнаулы шотына 20 процент көлемiнде және жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi облыстық комитеттердiң арнаулы шотына 80 процент көлемiнде аударылады.
      7. Ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған ауыл шаруашылық алаптарын алу, оларды уақытша ала тұру немесе сапасының нашарлауы барысындағы ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеуге арналған қаражат жұмсалатын жұмыс түрлерiнiң Тiзбесi N 2 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      8. Мыналар:
      Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң "Мемлекеттiк немесе қоғамдық мұқтаж үшiн жер бөлу кезiндегi жер пайдаланушылардың шығыны мен ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң залалын өтеу тауарлы" 1975 жылғы 24 қаңтардағы N 36 қаулысының 2-тармағының мемлекеттiк немесе қоғамдық мұқтаж үшiн жер учаскелерiн пайдалануға беру жөнiндегi кепiлдеменi қозғау және қарау тәртiбi туралы Ереженi бекiту бөлiгiнiң басқасы (Қаз. КСР, ҚЖ, N 3, 17-бап);
      Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң "Ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған жерлердiң орнына алынған жаңа жерлердi игеру құнының нормативтерi және ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң шығындарын өтеуге арналған қаржыны пайдалану тәртiбi туралы" 1990 жылғы 14 ақпандағы N 58 қаулысы (Қаз. КСР ҚЖ, 1990 ж, N 9, 47-бап) күшiн жойған деп танылсын.
      9. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң азаматтардың жеке қосалқы, бау, бақша шаруашылықтары және шаруа қожалықтары мәселелерi жөнiндегi шешiмiне енгiзiлетiн қоса берiлiп отырған өзгертулер N 3 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
 

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi



                                     Қазақстан Республикасы



                                     Министрлер Кабинетiнiң

                                     1993 жылғы 30 қыркүйектегi

                                     N 978 қаулысымен

                                           Бекiтiлген



 
 
              Ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған ауыл
          шаруашылық алаптарын алу барысында жер иеленушiлердiң,
          жер пайдаланушылардың, жалгерлердiң шығындарын және
          ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң ысырабын өтеу тәртiбi туралы
                              Е Р Е Ж Е
 
                 I. Жалпы ережелер
 
      1. Осы Ереже жер иеленушiлерге, жер пайдаланушыларға және жалгерлерге жер учаскелерiн алу немесе уақытша пайдалану, олардың құнын шектеу немесе жер сапасының нашарлауы барысында келтiрiлген шығындарды, сондай-ақ ауыл шаруашылық алаптарын алу немесе пайдалануды шектеу, сапасының нашарлауынан туындаған ауыл шаруашылық өндiрiсiнiң залалдарын өтеу тәртiбiн белгiлейдi.
 
      Ескерту. . Бұдан әрi "шығындар" деп аталады.
               . Бұдан әрi "ысырап" деп аталады.
 
      2. Ереже қазiргi заңдарда шығындарды өтеудiң басқа тәртiбi белгiленген жерлерден басқа негiзгi нысаналы мақсаттағы жерлердiң барлық категорияларына қолданылады.
      Ереже ауыл шаруашылық алаптарын ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған iстерге беру барысында олардың табиғат қорғау, сауықтыру, рекреациялық мақсатын жоғалтуына байланысты болған нұқсанын өтеу тәртiбiн реттемейдi.
      3. Жердi ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған мақсаттарға алу және беру барысындағы шығындар жер иеленушiлер, жер пайдаланушылар және жалгерлер мен залалдар объектiнiң орналасатын орнын алдын ала келiсу шегiмен жерге орналастыру жобасының құрамында (жерге орналастыру iсi) белгiленедi және жер учаскелерiн алу мен беру шегiнде нақтыланады.
      Ауыл шаруашылық емес мақсаттағы жер пайдалануды қалыптастырудың жерге орналастыру жобасы мынадай тараулардан тұрады:
      жер учаскесi мен объект құрылысын орналастыру;
      жер учаскесiнiң көлемi, жер алаптарының санитарлық (күзету) немесе қорғалатын аймағына берiлетiн және енгiзiлетiн құрамы және олардың кадастрлық бағасы;
      бөлiнген жерлерден немесе санитарлық (күзеттiк) және қорғаныштық аймақтардан шығарылған объектiлердi орналастыруға арналған алаптардың көлемi, құрамы мен кадастрлық бағасы;
      бұзылған өндiрiстi қалпына келтiру шарты мен мерзiмi;
      топырақтың бұзылған құнарлы қабатын сыдыру, сақтау (қорғау) және пайдалану шарты мен мерзiмi;
      жерлердi қайта культивациялау шарты мен мерзiмi;
      шығынның мөлшерi;
      алғанға дейiнгi берiлген жерлерден алынатын жер салығының мөлшерi және оларды алғаннан кейiнгi жер салығының болжамды мөлшерi;
      берiлген жерлердi алу, ұстау және пайдалану шарты мен мерзiмi.
      Жер учаскелерiн ауыл шаруашылық мақсатқа арналмаған объектiлер үшiн таңдау кезiнде жерге орналастыру жобасында оларды орналастыру нұсқалары қаралады. Техникалық-экономикалық көрсеткiштердi салыстыру негiзiнде барынша оңтайлы нұсқа таңдап алынады. Бұл орайда құрылатын жер пайдалануды орналастырудың экологиялық, әлеуметтiк және басқа зардаптары мен осы аумақты пайдаланудың болашағы ескерiледi.
      4. Кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар мен азаматтар қызметiнiң ықпал етуi нәтижесiнде жер иеленушiлердiң, жер пайдаланушылар мен жалгерлердiң құқы шектелген немесе олардың жерлерiнiң сапасы нашарлаған жағдайда шығындар мен залалдар мөлшерi құрамына мына тауарларды енгiзе отырып, жерге орналастыру жобасымен белгiленедi:
      жер иеленушiлердiң, жер пайдаланушылар мен жалгерлердiң құқығын шектеу қолданылатын алаптардың көлемi, құрамы мен кадастрлық бағасы немесе олардың жерлерiнiң сапалық жағдайының нашарлауы;
      жер иеленушiлердiң, жер пайдаланушылар мен жалгерлердiң құқын шектеуге немесе олардың жерiнiң сапалық жайының нашарлауының жер алаптарының өнiмдiлiгiне және өндiрiстiң кiрiсiне ықпал ету;
      жер иеленушiлердiң, жер пайдаланушылар мен жалгерлердiң құқын шектеуге немесе олардың жерiнiң сапалық жайы нашарлауының жер алаптарының өнiмдiлiгiне және өндiрiстiң кiрiсiне одан әрi ықпал етуiн қысқарту немесе жою жөнiндегi шаралар;
      нұқсан келтiрiлген өндiрiстi қалпына келтiру шарты мен мерзiмi;
      шығын мөлшерi;
      залал мөлшерi;
      жер иеленушiлер, жер пайдаланушылар мен жалгерлердiң құқы шектелгенге немесе олардың жерлерiнiң сапасы нашарлағанға дейiн және одан кейiн алынатын жер салығының мөлшерi.
      5. Шығындарды өтеу мөлшерiн есептеу жер алаптарын алу сәтiнде, жабдық пен материалдың бағасына акт толтыру, сондай-ақ құрылыс-монтаж және басқа жұмыстарды бағалау сәтiнде қолданылатын баға бойынша жүзеге асырылады.
      6. Жерге орналастыру жобаларын жерге орналастыру ұйымдары жасайды және жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi облыстық, қалалық немесе аудандық комитеттер арқылы тиiстi жергiлiктi өкiлеттi немесе атқарушы органдарға олардың шешiмдерi облыста жер қатынастарын реттеуге негiз беретiн материалдар ретiнде ұсынылады.
      7. Жер учаскелерiн уақытша (үш жылға дейiн) алған жағдайда шығындар мен залалдар жердi пайдалануға беру барысында өтеледi және осы учаскелердi босатқан соң нақтыланады. Нақтыланған шығындар мен ысыраптың мөлшерi акт толтырылған сәтте қолданылған нормативтер мен бағалар бойынша уақытша пайдалану мерзiмi бiтуiне байланысты учаскенi қабылдау барысында толтырылатын актта жазылады.
      8. Шығындар мен ысырапты есептеу барлық жағдайларда мүдделi жақтармен келiсiледi және тиiстi жергiлiктi өкiлеттi немесе атқарушы органдар бекiтетiн актпен хатталады. Шығындар мен залалдарды өтеу мөлшерi жайындағы даулар олардың құзырына сәйкес сот немесе арбитраждық сотпен шешiледi.
 
              II. Шығындарды өтеу
 
      9. Мемлекеттiк және қоғамдық мұқтаж үшiн жер учаскелерiн алу немесе уақытша ала тұру, сондай-ақ жер иеленушiлердiң, жер пайдаланушылардың және жалгерлердiң құқын шектеуге (табиғат қорғау және сауықтыру мақсатындағы айналысына күзетiлетiн аймақ немесе санитарлық күзет округтерiн белгiлеу жағдайларынан басқа) немесе кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар мен азаматтар қызметiнiң ықпалы нәтижесiнде олардың жерлерiнiң сапасы нашарлауына байланысты келтiрiлген шығындар осы шығындалған жер иеленушiлерге, жер пайдаланушыларға, жалгерлерге толық көлемде өтелуге тиiс.
      10. Шығындарды өтеудi жер учаскелерi бөлiнген кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ қызметi жер иеленушiлердiң, жер пайдаланушылар мен жалгерлердiң құқын шектейтiн немесе олардың жерлерiнiң сапасын нашарлататын кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар мен азаматтар жүзеге асырады.
      11. Өтелетiндер:
      тұрғын үйлердiң, мәдениет-тұрмыстық мақсаттағы объектiлердiң,

 

өндiрiстiк және басқа үйлер мен ғимараттардың құны немесе оларды

жаңа жерлерге көшiргендегi шығындар;

     жемiс-жидектiң, қорғаныштық және басқа көп жылдық көшеттердiң

құны;

     ауыл шаруашылық дақылдар өнiмiнiң құны;

     аяқталмаған өндiрiстiң құны (жер жырту, тыңайтқыш себу, егiн

егу және басқа жұмыстар);

     жер иеленуге және жер пайдалануға қолайсыздық тудыратын

шығындар (зияндар);

     нашарлаған жер сапасын қалпына келтiруге қажеттi шығындар

(зияндар);

     жер пайдаланушылардың, жер иеленушiлердiң және жалгерлердiң

құқының шектелуiне байланысты шығындар (зияндар).


 
       12. Алынатын немесе уақытша алынатын жер учаскесiнде орналасқан, сондай-ақ осы учаскеден тыс жерлердегi тұрғын үйлердi, мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлердi, өндiрiстiк және басқа үйлер мен ғимараттарды бағалау, егер оларды одан әрi пайдалану мүмкiн болмаса, тең қолда бар пайдалы алаңы, сыйымдылығы, кендiгi мен механикаландырылу деңгейi бойынша (үлгiлiк жобалар бойынша) жаңа үйлер, объектiлер мен ғимараттар салудың сметалық құны бойынша жүргiзiледi.
      13. Алынатын жер учаскелерi бөлiнген кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар мүдделi жер иеленушiлермен, жер пайдаланушылармен және жалгерлермен келiсiм бойынша осы учаскелерде орналасқан үйлердiң, объектiлер мен ғимараттардың құнын өтеудiң орнына өз күшiмен және құралдарымен (сондай-ақ қатыстырылатын ұйымдардың күшiмен) оларды жаңа орынға көшiре алады немесе жаңа үйлер мен ғимараттар салуды жүзеге асыра алады.
      Егер жаңа үйлер, объектiлер мен ғимараттар салу кезiнде оларды жаңғырту немесе кеңейту көзделген жағдайда, онда бұған қосымша шығындарды құрылыс жүргiзiлiп жатқан жер иеленушi немесе жер пайдаланушы төлейдi.
      14. 1992 жылғы қаңтардың 1-iне дейiн бюджеттiк қаржы есебiнен салынған және өздерi орналасқан жердегi заңды ұйымдардың меншiгiне берiлмеген мелиорациялық объектiлердiң құнын жер учаскелерiн алу немесе уақытша алу кезiнде жаңа жер иеленушiлер оны аумағында осы объектiлер орналасқан жергiлiктi өкiлеттi және атқарушы органдарға жердi алу кезiндегi мелиорациялық құрылысқа қолданылған баға бойынша өтейдi. 1992 жылғы қаңтардың 1-iнен кейiн бюджет қаржысы есебiнен салынған аталған объектiлердiң құны тиiстi өкiлеттi және атқарушы органдарға объектiлер салынған қаржылар есебiмен өтеледi.
      Егер жер иеленушiлер мен жердi пайдаланушылар мелиорациялық объектiлердi пайдалану процесiнде оларды қайта құруға немесе кеңейтуге шығындалған жағдайда, онда жер учаскелерiн алу немесе уақытша алу кезiнде аталған шығындар зиян шеккен жер иеленушiлерге немесе жер пайдаланушыларға өтелетiн болады.
      Жер учаскелерiн алу немесе уақытша алу нәтижесiнде суару, кептiру, эрозияға және су тасқынына қарсы объектiлер мен ғимараттардың (жүйелердiң) жұмысы жартылай немесе толығымен бұзылғандығы келтiрiлген зиян жерлi алу кезiнде нормалар, есептер мен бағалар бойынша жобалау-iздестiру жұмыстарының құнын қоса жаңа объектiлер мен ғимараттар (жүйелер) салу немесе жұмыс iстеп жатқандарын қайта құру жұмыстарының сметалық құнын басшылыққа ала отырып анықталады.
      15. су көздерiн бағалау (құдықтарды, тоғандарды, скважиналарды және т.б.) жобалау-iздестiру жұмысының құнын қоса отырып, тең дебиттi жаңа су көздерiн салу жұмысының сметалық құны мен судың сапасы бойынша жүргiзiледi.
      16. Жемiс беретiн жемiс-жидек көшеттерiн, сондай-ақ қорғаныштық және басқа көпжылдық көшеттердi бағалау олардың құны мен отырғызуға және оларды жемiс бере бастағанша немесе бой көтергенше өсiруге кеткен шығындар бойынша (жердi алу кезiндегi бағамен) жүргiзiледi.
      17. Аяқталмаған құрылыстар мен жемiс бермейтiн жемiс-жидек көшеттерi жердi алу кезiндегi бағамен жер иеленушi, жер пайдаланушы немесе жалгер нақты жүргiзген жұмыс көлемi мен шығын бойынша бағаланады.
      18. Ауыл шаруашылығы дақылдары өнiмнiң құны (егер жер учаскесiнде тиiстi ауыл шаруашылығы дақылын өңдеу жөнiндегi агротехникалық шаралардың негiзгi кешенi жүргiзiлсе) алу кезiндегi аталған аймақтағы бағамен осы дақылдың соңғы 5 жылдағы орташа өнiмдiлiгiн басшылыққа ала отырып анықталады.
      19. Жердi пайдалану кезiндегi қолайсыздықтардан (су қоймасын толтыру кезiнде аралдың пайда болуы, көлiк байланысының бұзылуы, аумақты коммуникациялармен бөлектеу және т.б.) болған зияндар (шығындар) бөгеттер, көпiрлер, тiркеулер, жолдар, кiру жолдарын, басқа да ғимараттар салуға, сондай-ақ қайықтар, катерлер, паромдар мен басқа көлiк құралдарын сатып алуға кеткен бiр жолғы шығынның сомасымен анықталады.
      20. Жердiң нашарлаған сапасын қалпына келтiруге қажеттi шығындар (залалдар) топырақты, агрохимиялық және басқа арнаулы тексерулер мен зерттеулердi, сондай-ақ жердiң сапасын қалпына келтiрудi қамтамасыз ететiн шараларды жүргiзетiн шығынды қамтиды және жобалау құжаттамасымен анықталады.
      21. Жер иелерiнiң, жер пайдаланушылар мен жалгерлердiң құқықтарын шектеуге байланысты шығындар (залалдар) құрылыс, мелиорациялық және басқа жұмыстарды орындауға және қысқарған өндiрiс көлемiн қалпына келтiруге қажеттi материалдар мен жабдықтар сатып алатын шығынды қамтиды.
 
               III. Ысырапты өтеу
 
      22. Ысырапты ауыл шаруашылығы алаптары ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған қажеттерге берiлетiн немесе қызметi ауыл шаруашылығы алаптарын пайдалануды шектейтiн, сапасын нашарлататын кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар, сондай-ақ объектiлерiнiң төңiрегiне күзет, санитарлық және қорғау аймақтары орнатылатын (осы аймақтар табиғат қорғау және сауықтыру мақсатындағы жерлерге орналасқан жағдайлардан басқа) кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар өтейдi.
      23. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң ауыл шаруашылығы алаптарын ауыл шаруашылығын жүргiзуге байланысты емес мақсаттарға пайдалану үшiн алудан болған ысырапты кәсiпорындардың, мекемелер мен ұйымдар қызметiнiң ықпалымен пайдаланылатын ауыл шаруашылығы алаптары алаңының қысқаруынан (қайтарымсыз шығыннан) немесе олардың сапасының нашарлануынан (топырақ құнарлылығының төмендеуi) көрiнедi және ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң деңгейiн сақтау мақсатында ауыл шаруашылығы алаңдары мен олардың сапасын қалпына келтiру арқылы өтеледi.
      24. Ысырап қалыпқа келтiру және топырақтың құнарлылығынан алынатын жерлердiң құнарлылығына дейiн арттыру (кадастрлық баға бойынша) жөнiндегi шаралар өткiзудi ескере отырып жаңа жерлердiң тең шамадағы алаңын игеру құны мөлшерiнде өтеледi.
      Жаңа жерлердi игерудегi осы мақсаттарға жұмсалатын шығындарды анықтау (оларды қалыпқа келтiру мен топырақтың құнарлылығын арттыруды қоса алғанда) жаңа шаруашылықтарды ұйымдастыру және мелиорациялық жұмыстарды жүргiзу арқылы (суару, кептiру, мәдени-техникалық және басқа шаралар) бұталары, орлы-дөңестi кешендерi, басқа да ауыл шаруашылығында пайдаланылмайтын жер алаптары бар жерлердi ауыл шаруашылығына пайдалануға тарту жөнiндегi шаралар кешенi деп түсiндiрiледi.
      25. Ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған жерлердiң орнына жаңа жерлер игеру құнының мөлшерi игерiлетiн жерлер мен жақсартылатын алаптарда алынатын жер учаскелерiнен алынатыннан кем емес немесе бұрын олардың сапасы төмендегенге дейiн алынған көлемде ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрудi қамтамасыз ететiн нормативтерге сүйене отырып анықталады.
      26. Кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың қызметiнiң ықпалымен ауыл шаруашылығы алаптарын пайдалануды шектеуден немесе сапасының нашарлауынан болған ысырап, ауыл шаруашылығы алаптарының бiр түрiн басқа түрiне алмастыруға байланысты емес жағдайларда, ауыл шаруашылығы алаптарының (жердi кадастрлық бағалау бойынша) сапасын төмендетуге үлестi түрде жаңа жерлердi игеру құнының нормативiне процентпен шаққанда анықталады.
      Пайдалануды шектеуге немесе сапасының нашарлауына байланысты ауыл шаруашылығы алаптарының бiр түрiн басқа түрлерге алмастырған жағдайдағы шығындардың мөлшерi ауыл шаруашылығы алаптарының тиiстi түрлерi үшiн жаңа жерлер игеру құны нормативтерiнiң айырмашылығы бойынша анықталады.
      27. Ысыраптың мөлшерiн анықтау үшiн жоспарлау-картография материалдары, топырақты зерттеу, жер кадастры мен жер мониторингiнiң мәлiметтерi пайдаланылады.
      28. Жерлердi алуға байланысты ысыраптың мөлшерi жердi беру кезiнде нақтылай отырып объектiнi орналастыру орнын алдын ала келiсу сатысында анықталады. Егер шығындар салу кезiнде немесе объектiнi iске қосқаннан кейiн қосымша түрде анықталса, онда олар объектiнiң жақын орналасқан ауыл шаруашылығы алаптарының сапасына нақты терiс ықпал етуi кезiнде анықталады.
      29. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң ысырабы мына жағдайларда өтелмейдi:
      Жер елдi мекен шекарасында жеке тұрғын үй құрылысын салуға, мектептер мен балалардың мектеп жасына дейiнгi мекемелерiн, сауда объектiлерiн, емдеу орындары мен мәдени-тұрмыстық мақсаттағы объектiлер салуға бөлiнген жағдайда;
      ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге мелиорация жүйелерiн салуға жер учаскесiн берген жағдайда;
      жер учаскелерiн заңмен белгiленген тәртiппен табиғат қорғау, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлерге жатқызған жағдайларда жердi алған немесе жердi пайдалануды шектеген жағдайда;
      тоған және өзен балық шаруашылықтарын, балық питомниктерiн, уылдырық өсiру шаруашылықтары мен балық заводтарын сауалға жер учаскелерiн берген жағдайда;
      жақын орналасқан жер алаптары күйiнiң нашарлауын болдырмайтын айналадағы табиғи ортаны қорғау үшiн ғимараттар салуға жер бөлген жағдайда.
      Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң ысырабы сондай-ақ улы қалдықтармен және радиоактивтi заттармен ластанып, құруға айналған ауыл шаруашылығы алаптары мен жерлерiн консервациялауда, егер алаптарды құртуға және жерлердi ластауға кiнәлi заңды ұйымдар анықталмаған жағдайларда, сондай-ақ егер кiнәлi адамдар құруға айналған ауыл шаруашылығы алаптарын қалпына келтiру және ластанған жерлердi сауықтыру жөнiндегi қажеттi шараларды дер кезiнде орындаған жағдайларда өтелмейдi.
      30. Ауыл шаруашылығы алаптарын бұзылған жерлердi ауыл шаруашылығына арналмаған алаптарға өңдеу шартымен уақытша пайдалануға берген жағдайларда ысырап толық көлемде өтеледi.
      31. Топырақтың сыдырылған құнарлы қабатын өнiмдiлiгi аз немесе өнiм бермейтiн алаптарға көшiрiлгенде ысырап жер учаскесi берiлген кәсiпорындардың, ұйымдар мен мекемелердiң есебiнен нормативтiң 50 процентi мөлшерiнде өтеледi.
 
            IY. Шығынды және ысырапты өтеуге арналған
                қаржыларды аудару және пайдалану
 
      32. Жер учаскелерiн алумен немесе уақытша алумен, сондай-ақ жер иеленушiлер мен жер пайдаланушылардың құқықтарын шектеумен немесе олардың жерiнiң сапасының нашарлауымен келтiрiлген зияндарды өтеуге арналған қаржыны тиiстi кәсiпорындар, мекемелер, ұйымдар мен азаматтар осы аталған жер иеленушiлер жер пайдаланушылар мен жалгерлердiң есеп шотына аударады.
      33. Алынатын немесе уақытша алынатын жер учаскелерiнде салынған мелиорациялық объектiлердiң құнын өтеу тәртiбiмен бюджет қаржысы есебiнен келiп түскен қаржы жергiлiктi бюджетке аударылады.
      34. Жер учаскесiн алу, беру, уақытша алу немесе жалға беру туралы шешiм қабылдайтын өкiлеттi немесе атқарушы орган бұл шешiмде Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 978 қаулысының 6 тармағына сәйкес ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң ысырабын өтеуге арналған қаржы мөлшерiн және жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi республикалық және тиiстi облыстық комитеттердiң арнаулы есеп шоттарының нөмiрiн көрсетедi, аталған қаржыны оларға кәсiпорындар, мекемелер мен ұйымдар өздерiне ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған ауыл шаруашылығы алаптарын бөлу кезiнде аударады.
      35. Ысырапты өтеу тәртiбiмен келiп түскен қаржылар жер учаскесiн бөлуден кейiн 3 айлық мерзiмде осы Ереженiң 34-тармағында көрсетiлген арнаулы есеп шотқа нақты түрiнде аударылады және Тiзбемен бекiтiлген жұмыстарды орындауға пайдаланылады (Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 30 қыркүйектегi N 978 қаулысына N 2-қосымша).
      36. Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi облыстық комитеттер облыс жерлерiн мелиорациялау жөнiндегi шараларды өткiзудiң маңыздылығын басшылыққа ала отырып, сондай-ақ жергiліктi өкiлеттi және атқарушы органдардың ұсыныстарын, жер иеленушiлердiң, жер пайдаланушылар мен жалгерлердiң өтiнiштерiн ескере отырып дайындалған жобалау-сметалық құжаттамалары болса өз шешiмiмен жұмыстарды қаржыландыруға қаржы бөледi. Бөлiнетiн қаржының мөлшерi объект құрылысының жиынтық сметасымен негiзделедi.
      37. Жоба болмаған жағдайда, алдымен арнаулы институттар орындайтын жобалау-iздестiру жұмыстарын қаржыландыру жүзеге асырылады.
      Тексеру және жобалау-iздестiру жұмыстарының құны оларды өткiзу кезiндегi нормалар мен бағалар бойынша анықталады.
      38. Жаңа жерлердi игеру, топырақ құнарлылығын арттыру жөнiндегi шараларды қаржыландыруға облыста қаржы жетiспеген жағдайда жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi тиiстi облыстық комитеттiң өтiнiшi бойынша қажеттi ақша сомасын оның арнаулы есеп шотына Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi осы мақсаттар үшiн арнаулы есеп шотта жиналатын қаржыдан аударады.
      39. Ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң ысырабын өтеуге арналып, пайдаланылмай қалған қаржы жыл соңында алынбайды және келесi жыл нысаналы мақсат бойынша жiберiледi.
 

                                     Қазақстан Республикасы



                                     Министрлер Кабинетiнiң

                                     1993 жылғы 30 қыркүйектегi

                                     N 978 қаулысына

                                     N 1 қосымша



 
 
            Ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған ауыл

 

           шаруашылық алаптарының орнына алынған жаңа

                    жерлердi игеру құнының

                        Нормативтерi


___________________________________________________________________

     Алынған жерлер топырағының     | Жаңа жерлердi игеру құны

          бонитетi (балы)           |     (мың сом/гектар)

___________________________________________________________________

          10-ға дейiн                        1328,3

          11-15                              2390,9

          16-20                              3085,8

          21-25                              3821,5

          26-30                              4495,8

          31-35                              5170,2

          36-40                              5865

          41-45                              6539,4

          46-50                              7254,6

          51-55                              8031,2

          56-60                              8848,6

          61-65                              9666

          66-70                              10504

          71-75                              11341,8

          76-80                              12200

          81-85                              13058,3

          86-90                              13916,6

          91-95                              14775

          96-100                             16042


     Ескерту:


 
       1. жеке қосалқы шаруашылық, бау, бақша, мал шаруашылығы, жеке тұрғын үй құрылысы, саяжай құрылысы үшiн берiлген, сондай-ақ қызметтiк жер үшiн бөлiнген жерлерде ауыл шаруашылық дақылдары мен көп жылдық көшеттердi өсiру үшiн пайдаланылған жер учаскелерiн алу барысындағы ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң ысырабы алынған жерлер топырағының бонитетiне сәйкес жаңа жерлердi игеру құнының осы нормативiмен белгiленедi.
      2. Аталған нормативтердi қажеттiгiне қарай жабдыққа, материалдар мен қызмет көрсетуге, тиiстi құрылыс-монтаж жұмыстарына тоқсан сайынғы баға индексi жөнiндегi мемлекеттiк статистика деректерi негiзiнде Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi нақтылайды.
 

                                     Қазақстан Республикасы



                                     Министрлер Кабинетiнiң

                                     1993 жылғы 30 қыркүйектегi

                                     N 978 қаулысына

                                     N 2 қосымша



 
 
            Ауыл шаруашылығының мұқтажына арналмаған ауыл
           шаруашылық алаптарын алу, оларды уақытша алу
           немесе сапасының нашарлауы барысында ауыл
           шаруашылық ысырабын өтеуге арналған қаржы
                пайдаланылатын жұмыс түрлерiнiң
                          Т I З Б Е С I
 
      1. Ауыл шаруашылық өндiрiсiнде пайдаланылмаған жерлердiң (бұталардың, ор-дөңестердiң және басқалардың) есебiнен ауыл шаруашылық алаптары үшiн жаңа жерлердi игеру, игерiлген жерлердi өңдеу мен оның құнарлылығын арттыру жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу.
      2. Олардың бетiн жауып тегiстеу, топырақты эрозиядан, көшкiннен, тасқыннан қорғау жөнiндегi гидротехникалық құрылыстар кешенiн салу арқылы тiк жарлауыттарды (склоны) тегiстеу.
      3. Игерiлген жер учаскелерiне жол салу.
      4. Ауыл шаруашылық алаптарын түпкiлiктi жақсарту, топырақты әктеу және гипстеу.
      5. Ауыл шаруашылық алаптарын суландыру және суару, суару (кептiру) жүйелерiн салу мен қайта құру, жердi су жайылудан, батпақтанудан, сорлану мен құрғаудан қорғау және басқа да мелиорациялық жұмыстар.
      6. Ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерде қорғаныштық ағаш көшеттерiн отырғызу.
      7. Тау жарлауыттарына сатылар жасау.
      8. Сортаңдануға қарсы шараларды жүзеге асыру.
      9. Жердi мелиорациялауға фосфогипстi әзiрлеу мен пайдалану жөнiндегi жұмыстар.
      10. Тозған ауыл шаруашылық алаптары мен ластанған жерлердi табу, шараларды әзiрлеу, сондай-ақ жердi консервациялау жөнiндегi құжаттарды қаттау.
      11. Рұқсат етiлген концентрациядан жоғары химиялық, радиоактивтi құралдармен ластанып бүлiнген ауыл шаруашылық алаптарының, жерлерiнiң, сондай-ақ карантиндiк зиянкестер және өсiмдiк ауруларымен зақымданған жерлердiң топырағының құнарлылығын қалпына келтiру.
      12. Жер ресурстарын зерттеуге, жаңа жерлердi игеру мен оның құнарлылығын арттыруға, пайдаланылған ауыл шаруашылық алаптарын жақсартуға, жердiң мелиорациялық жайын жақсарту жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеуге байланысты топографиялық-геодезиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа жобалау-iздестiру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргiзу.
      13. Жердiң сапасын жақсарту, топырақ құнарлылығын арттыру және экологиялық таза өнiм өндiру жөнiндегi шараларды жүзеге асырушы жер иеленушiлердi, жер пайдаланушылар мен жалгерлердi материалдық жағынан ынталандыру.
 
      Ескерту.
      жаңа жерлердi игеру мен ауыл шаруашылық алаптарын жақсартуға байланысты жұмыстардың аталған Тiзбеде көрсетiлмеген басқа да түрлерi Қазақстан Республикасының жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң рұқсаты бойынша ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң ысырабын өтеуге арналған қаржы есебiнен орындалуы мүмкiн.
 

                                     Қазақстан Республикасы



                                     Министрлер Кабинетiнiң

                                     1993 жылғы 30 қыркүйектегi

                                     N 978 қаулысына

                                     N 3 қосымша



 
 
              Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң азаматтардың
           жеке қосалқы, бау, бақша шаруашылықтары және шаруа
           қожалықтары мәселелерi жөнiндегi шешiмiне енгiзiлетiн
                            Өзгертулер
 
      1. .
      2. "Қазақ КСР-iнде шаруа қожалықтарын дамыту мен қолдау Бағдарламасы туралы" Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң 1990 жылғы 3 желтоқсандағы N 474 қаулысымен бекiтiлген Қазақ КСР-iнде шаруа қожалықтарын дамыту мен қолдау Бағдарламасындағы:
      "Шаруа қожалықтарын ұйымдастыру жөнiндегi жалпы ережелер" атты 1-тараудың 1-тармағының бiрiншi жаңа жолынан "Халық депутаттарының селолық (ауылдық) Кеңестерi мен" деген сөздер алып тасталсын;
      "Шаруа қожалықтарын құру мен қолдауды қамтамасыз ету жөнiндегi

 

шаралар" атты II-тараудың "Шаруа қожалықтарын құру" атты қосымша

тарауының 1-тармағынан:

     - екiншi жаңа жол;

     - үшiншi жаңа жолдағы: "Селолық (ауылдық) Кеңес азаматтары"

деген сөздер алып тасталсын.

     ЕСКЕРТУ. 3-қосымшаның 1-тармағының күшi жойылған - ҚРҮ-нiң

              1996.01.19. N 71 қаулысымен.










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады