Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайларда мемлекеттiк басқару органдарын байланыспен қамтамасыз ету туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 4 қазан 1993 ж. N 981. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.11.03. N 1097 қаулысымен.

      Республика аумағындағы төтенше жағдайларда мемлекеттiк басқару органдарын байланыспен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер кабинетi қаулы етедi: 
      1. Төтенше жағдайларда мемлекеттiк басқару органдарын байланыспен қамтамасыз ету үшiн, сондай-ақ зiлзала ауданында авариялық-құтқару, авариялық-қалпына келтiру жұмыстары мен басқа да шұғыл жұмыстарды ұйымдастырып, жүргiзген кезде Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының байланыс пен ақпарат беретiн мемлекеттiк жүйелерi мен ведомстволық желiлерi басым түрде пайдаланылсын. 
      2. Қазақстан Республикасының аумағында төтенше жағдайлар болғанда байланыспен қамтамасыз ету тәртiбi туралы осыған қосылған ереже бекiтiлсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi, Азаматтық қорғаныс штабы, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi ведомстволық байланыс пен ақпарат беру жүйелерi бар республиканың министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрлесе отырып, төтенше жағдайларда байланысты ұйымдастыру жөнiндегi шараларды белгiлеп, олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етсiн.
     4. Құпия.
     5. Құпия.
     6. Құпия.
     7. Құпия.
     8. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс штабы осы қаулының орындалу барысын бақылауды, осы мәселе жөнiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне жыл сайын ақпар берiп отыруды қамтамасыз етсiн.      

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы       
Министрлер Кабинетiнiң       
1993 жылғы 4 қазандағы       
N 981 қаулысымен          
бекiтiлген              

Қазақстан Республикасының аумағындағы төтенше жағдайларда 
байланыспен қамтамасыз ету тәртiбi туралы 
ЕРЕЖЕ 

       1. Осы Ереже Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының төтенше жағдайлар жөнiндегi облыстық, қалалық және аудандық комиссияларының* лауазымды адамдарына, сондай-ақ төтенше жағдайлардың зардаптарын жою үшiн құрылған жедел топтарға (штабтарға) төтенше жағдайларда осы комиссиялардың құзыретiне жататын ақпаратпен алмасу үшiн жоғары әзiрлiк режимi мен күнделiктi қызметте мемлекеттiк байланыс жүйесi бойынша, оның iшiнде запастағы басқару пункттерiнiң байланыс тораптарын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгi мен Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң жүйесi мен құралдарын қоса алғанда, министрлiктер мен ведомстволардың жүйелерi бойынша телефон байланысы мен құжаттық (ашық және жабық құжаттар) байланыс орнатудың жалпы тәртiбiн белгiлейдi. <*> 
      Бұдан әрi тексте - төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялар. 
      Қалааралық және қалалық үкiмет байланысы, шифрлы құжаттама байланысы осы байланыс түрлерi үшiн белгiленген тәртiппен қамтамасыз етiледi. 
      2. Азаматтық қорғаныс штабтары төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялар мен жедел топтардың (штабтардың) байланысын жоспарлап, оны қамтамасыз ету iсiн ұйымдастыру үшiн республиканың Байланыс министрлiгiмен бiрлесе отырып республикада (облыста, қалада, ауданда) төтенше жағдайлар туған кезде байланысты ұйымдастырудың тиiстi схемаларын әзiрлеп, келiседi және белгiленген тәртiппен бекiтедi. 
      3. Төтенше жағдайлардың болу қаупi туған кездегi немесе олар пайда болған кездегi күнделiктi жұмыста төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялардың төрағалары мен басқа да лауазымды адамдарға төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялардың төрағалары бекiткен тiзiмдер бойынша азаматтық қорғаныстың байланыс тораптарында ұйымдастырылған, жұмыс iстеп тұрған телефон және телеграф байланысын пайдалану құқы берiледi де, олар осы тораптардағы байланыс станцияларының абоненттерi болады. 
      4. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясының төрағасы мен оның орынбасарларына мемлекеттiк және ведомстволық желiлер бойынша байланыс, оның iшiнде халықаралық байланыс басымдылық ретпен берiледi. 

 

             II. Мемлекеттiк байланыс жүйесiн пайдалану 

 
      5. Қазақстан Республикасы Байланыс министрлiгiнiң байланыс кәсiпорындары төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялардың лауазымды адамдарына, сондай-ақ жедел топтарға (штабтарға) жұмыс iстеп тұрған мемлекеттiк желi құралдары бойынша қалааралық телефон және телеграф байланысының, ал қажет болған кезде радио байланысының берiлуiн қамтамасыз етедi. 
      Мемлекеттiк жүйе учаскелерi бүлiнiп қалған жағдайда республиканың Байланыс министрлiгi қолда бар және бөлiнетiн күштер мен құралдар арқылы ол желiнi қысқа мерзiм iшiнде қалпына келтiру жөнiнде шаралар қолданады. 
      6. Төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялардың лауазымды адамдарына күнделiктi қызметiнде "ешбiр кезексiз" және "мемлекеттiк" деген шұғылдық санатымен қалааралық телефонмен сөйлестiру абоненттiң аты-жөнi, сөйлесетiн телефонының нөмiрi көрсетiлiп қалааралық телефон станциясының коммутаторы арқылы кез-келген телефоннан тапсырыс беруi бойынша белгiленген тәртiппен (тiзiм бойынша) жүзеге асырылады. 
      7. Республика Байланыс министрлiгiнiң байланыс кәсiпорындары төтенше жағдайлар болған аудандардан төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялардың лауазымды адамдары мен жедел топтарына (штабтарына) "зiлзала" деген пароль бойынша "ешбiр кезексiз" деген санат бойынша сөйлесуден кейiн басқа шұғылдық санаттар бойынша сөйлесiп жатқандардың сөздерiн дереу үзiп жiберiп, қалааралық телефонмен сөйлесу мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi. 
      "Зiлзала" деген пароль бойынша қалааралық телефон байланысын пайдалану құқы тиiстi куәлiктер көрсетiлген ретте кез-келген елдi мекендердегi республика Байланыс министрлiгiнiң кәсiпорындары мен ұйымдарының телефондарынан сөйлесу үшiн берiледi. 
      8. Төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялардың лауазымды адамдары мен жедел топтарынан (штабтарынан) жоғары әзiрлiк режимi немесе төтенше жағдайлар кезiнде берiлетiн құжаттама хабарларын беру үшiн республика Байланыс министрлiгiнiң байланыс кәсiпорындары ол комиссияларға телеграммаларды "Дауыл" деген белгiмен беруге құқық бередi, оларды өңдеу, беру және жеткiзу бөгелiссiз жүзеге асырылады. 
      9. Қажеттiлiгi және техникалық мүмкiндiгi болғанда республика Байланыс министрлiгiнiң байланыс кәсiпорындарын жедел байланыс топтарының өтiнiмдерi бойынша төтенше жағдайлардағы аудандардан мемлекеттiк жүйенiң тiкелей каналдарын (бұл байланыс каналдарын жалға алу құны төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға бөлiнген қаржылар есебiнен төленедi) бөлiп бередi. 

 

             III. Ведомстволық байланыс жүйелерiн пайдалану  

 
      10. Төтенше жағдайлар болған кезде зiлзала ауданында жұмыс iстеп тұрған ведомстволық байланыс жүйелерi бар республиканың министрлiктерi мен ведомстволары төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялардың лауазымды адамдары мен жедел топтарына (штабтарына) төтенше жағдайларда байланыс ұйымдастыру схемасына сәйкес ведомстволық байланыс жүйесi бойынша телефонмен сөйлесуге мүмкiндiк бередi. 
      11. Жоғары әзiрлiк режимi мен төтенше жағдайлар кезiнде қалааралық ведомстволық байланыс бойынша "зiлзала" паролiмен сөйлесу: 
      байланыс каналдары бос болғанда - хабарлауға арналған сөйлесуден кейiн парольдер бойынша кiдiрiссiз берiледi; 
      байланыс каналдары бос болмағанда - сөйлесiп жатқандардың сөздерi бiткеннен кейiн берiледi. 
      Күнделiктi жұмыс кезiнде қалааралық ведомстволық телефон байланысы бойынша сөйлесу жалпы негiзде берiледi. 
      Қалааралық ведомстволық телефон станцияларымен байланыс соған бөлiнген телефон абоненттерiнен қалалық (селолық) телефон жүйесiнiң қосу желiлерi бойынша жүзеге асырылады. 
      12. Төтенше жағдайлар болған аудандарда төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялардың лауазымды адамдары мен жедел топтарына (штабтарына) қалааралық ведомстволық телефон байланысы бойынша сөйлесу: 
      абоненттер тиiстi куәлiктерiн көрсетiсiмен ведомстволардың қарауындағы ұйымдардың, кәсiпорындар мен объектiлердiң кез келген телефондарынан; 
      жедел топтардың (штабтардың) даладағы байланыс тораптарынан жергiлiктi ведомстволық телефон станцияларына қосылатын жалғастыру желiлерi бойынша берiледi. 
      Ескерту. Даладағы байланыс тораптарына қосылатын қалааралық телефон байланыстарының каналдары бойынша өзiндiк нұсқадағы ақпарат (байланыс каналдарына қосымша талаптар қоймастан) беруге рұқсат етiледi. 
      13. Жоғары әзiрлiк режимi немесе төтенше жағдайлар кезiнде министрлiктер мен ведомстволардың ведомстволық байланыс бөлiмшелерi төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялардың лауазымды адамдары мен жедел топтарынан (штабтардан) "Дауыл" деген белгi соғылған телеграммалардың қабылдануын қамтамасыз етедi. 

 

                IV. Қорғаныс министрлiгiнiң байланыс 
                 жүйесi мен әскерлерiн пайдалану 

 
      14. Төтенше жағдайларда мемлекеттiк және ведомстволық жүйелер бойынша ақпарат беру мүмкiн болмағанда зiлзала ауданынан және сол ауданда байланыс орнату үшiн Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң байланыс әскерлерi пайдаланылуы мүмкiн. 
      15. Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмiне сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Бас штабы Бастығының өкiмi бойынша төтенше жағдайларда Қорғаныс министрлiгiнiң байланыс әскерлерi пайдаланылады. 
      16. Зiлзала ауданынан және сол аудандағы байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Азаматтық қорғаныс штабының, Байланыс министрлiгiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң өкiлдерiнен құрылатын байланыс жөнiндегi жедел топ ұйымдастырады. Жедел топқа Қорғаныс министрлiгiнiң өкiлi жалпы басшылық етедi. 
      17. Республиканың Азаматтық қорғаныс штабы төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға қатысып жүрген мемлекеттiк және жергiлiктi басқару органдарының, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң Бас штабы мен әскери бөлiмдерiнiң, Азаматтық қорғаныс штабтары мен әскер бөлiмдерiнiң өзара iс-қимылдары үшiн телефон мен телеграф байланысын ұйымдастырып, қамтамасыз етедi. 
      18. Зiлзала ауданынан үкiмет байланысын жедел қамтамасыз ету үшiн аумақтық органдардың және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi әскери бөлiмдерiнiң ұтқыр құралдары пайдаланыла алады. 

 

               V. Байланыс қызметiне ақы төлеу тәртiбi 

 
      19. Төтенше жағдайлар жөнiндегi комиссиялардың лауазымды адамдарының және жедел топтарының (штабтарының) мемлекеттiк және ведомстволық байланыс жүйелерiн пайдаланып, қалааралық телефонмен сөйлескенiнде және құжаттамалық байланыс хабарларын бергенiнде және басқа да байланыс қызметi көрсетiлгенде оларға ақы белгiленген тәртiппен төленедi, бұл ретте: 
      - күнделiктi қызмет кезiнде қалааралық телефонмен сөйлескенде ақы мемлекеттiк және мемлекеттiк басқару органдарының шығындар сметасында көзделген бюджет қаражаты есебiнен, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы үшiн - Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының сметасынан төленедi; 
      - "Зiлзала" паролi бойынша қалааралық телефонмен сөйлесуге және "Дауыл" белгiсi қойылған телеграммаларды беруге ақы төтенше жағдайлардың зардаптарын жоюға бөлiнген қаражат есебiнен төленедi. 
      20. <*>
       Ескерту. 20-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы  N 124  қаулысымен.
      21. Осы Ережеде белгiленген тәртiп мемлекеттiк (үкiмет) комиссиялардың басшыларын, республика министрлiктерiнiң, ведомстволарының, облыстық, қалалық және аудандық әкiмшiлiктерiнiң басшыларын төтенше жағдайлар болған аудандарда байланыспен қамтамасыз ету кезiнде де қолданылады. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады