Қазақстан Республикасы мен Австралия арасында қол жеткiзiлген келiсiмдер мен уағдаластықтарды жүзеге асыру, сондай-ақ өзара тиiмдi ынтымақтастықты одан әрi дамыту жөнiндегi жұмысты үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi. 1. Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық қазақстан-австралия бiрлескен комиссиясының Қазақстан жағы бөлiгi мына құрамда бекiтiлсiн: Кулагин - Премьер-министрдiң орынбасары Сергей Витальевич (комиссияның тең төрағасы) Комиссия мүшелерi: Әлпиев - Мәдениет министрiнiң орынбасары Төлеубек Нығметұлы Бегалинов - "Алтын алмас" Ұлттық акционерлiк Әбдiрахман Бегалыұлы компаниясының президентi Бiтiмбаев - Өнеркәсiп министрiнiң орынбасары Марат Жақыпұлы Дәукеев - Ғылым және жаңа технология министрiнiң Диас Кенжебекұлы орынбасары Жандосов - Экономика министрiнiң бiрiншi орынбасары, Ораз Әлиұлы Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi ұлттық агенттiктiң төрағасы Қанапиянов - "Қазақстан - Австралия" iскер және мәдениет ынтымақтастық қауымдастығының президентi Костюченко - Сыртқы экономикалық байланыстар Вячеслав Васильевич министрiнiң бiрiнше орынбасары Медеубеков - Қой шаруашылығы ҚазҒЗИ-ның директоры, Қыйлыбай Үсенұлы академик Тоқаев - Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Қасымжомарт Кемелұлы Төкенов - Президент пен Министрлер Кабинетi Әнуар Әкiмжанұлы Аппаратының Сыртқы байланыстар бөлiмi меңгерушiсiнiң бiрiншi орынбасары Төлебеков - Ауыл шаруашылығы министрiнiң бiрiншi Қасым Қажыбайұлы орынбасары Шандырова - Сыртқы экономикалық байланыстар Айгүл Торғайқызы министрлiгiнiң Азия және Тынық мұхит аймағы елдерiмен сауда-экономикалық ынтымақтастық басқармасының жетекшi сарапшысы (комиссияның хатшысы)
2. "Қазақстан" - Австралия" iскерлiк және мәдени ынтымақтастық қауымдастығы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық қазақстан-австралия бiрлескен комиссиясының Қазақстан жағы жұмысшы органы ретiнде белгiленсiн.
3. Үкiметаралық комиссияның Қазақстан жағына, қажет болған жағдайда, тұрақты комиссиялар құру, олардың құрамын, функциясын және жұмысының негiзгi бағыттарын анықтау құқығы берiлсiн.
4. Министрлiктер, ведомстволар, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi комиссияның қызметiне барынша көмек көрсететiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi