Құрамында есiрткi бар осынау өсiмдiктi құрту жөнiнде жасалған әлденеше әрекет тиiмдi әдiстеменiң болмауы салдарынан күткендегiдей нәтиже бермедi.
Республиканың құқық қорғау органдары жыл сайын көп қаржы шығындап, жұртшылықты қатыстырып, сондай-ақ едәуiр мөлшерде ауыл шаруашылық техникасын пайдалана отырып, сораны құрту және есiрткi шикiзатын дайындау мен әкетудiң жолын кесу жөнiнде кең ауқымды алдын алу шараларын жүргiзуде.
Осыны ескерiп және Жамбыл облысы әкiмiнiң Шу аймағында жабайы өсетiн сораны жеңiл және тамақ өнеркәсiбi үшiн шикiзат ретiнде пайдалану туралы ұтымды ұсынысын мақұлдай келiп, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне "Легпром" Мемлекеттiк холдинг компаниясымен және "Тағам" Мемлекеттiк акционерлiк компаниясымен бiрлесiп, сондай-ақ Жамбыл облысы әкiмiнiң қатысуымен Шу алқабы аймағында жабайы сораны дайындау мен оны халық тұтынатын тауар ретiнде ұқсату жөнiнде ашық үлгiдегi "Азия" акционерлiк компаниясын құру тапсырылсын.
2. Жамбыл облысының әкiмi жайылымды бұрынғы қалпында қалдыруды ескере отырып, жабайы сора өсетiн жер учаскесiн өз қызметiн жүзеге асыруы үшiн "Азия" акционерлiк компаниясына бөлiп беретiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi барлық технологиялық тiзбек бойынша шикiзатты есепке алу мен қорғау жүйесiн пысықтасын және "Азия" акционерлiк компаниясы қаражатының есебiнен қажеттi мөлшерде қызметкерлер бөлсiн.
4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi, Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Экология және биоресурстар министрлiгi, Қазақ Ауыл шаруашылық ғылымы академиясы, "Легпром" мемлекеттiк холдинг компаниясы, "Тағам" Мемлекеттiк акционерлiк компаниясы және Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Азия" акционерлiк компаниясының қызметiне жәрдем көрсетсiн.
5. Қазақстан республикасының Экономика министрлiгi мен Қаржы министрлiгi "Азия" акционерлiк компаниясын қаржыландыру, соның iшiнде шет ел инвесторларын тарту есебiнен қаржыландырудың көздерiн айқындасын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi