Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне қосымша қызметкерлер және оларды ұстауға қаржы бөлу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 12 қазан 1993 ж. N 1017. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      1. Ақпараттық орталық құрылымында оңалту жөнiндегi бөлiмшелердi құру үшiн Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне 30 адам мөлшерiнде қосымша қызметкерлер, оның iшiнде басшы құрамға 12 адам бөлiнсiн, олар 1993 жылы Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне бюджетте көзделген қаражат есебiнен ұсталатын болсын. 
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң қосымша адам санын ұстауға арнап 1994 жылдан бастап қажеттi қаражат бөлiнуiн көздейтiн болсын. 

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады