"Қазгермұнай" бiрлескен кәсiпорны туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 19 қазан 1993 ж. N 1032

      Оңтүстiк Торғай ойпаңында орналасқан көмiрлi сутегi кен орнын игеру жөнiндегi жұмыстарды жеделдету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. "Оңқазмұнайгаз" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң, "ФЕБА ОЙЛ АГ" және "Эрдойл-Эрдгаз Гоммерн ГмбХ" немiс фирмаларының қатысуымен Ақшабұлақ, Нұралы мен Ақсай кен орындарында көмiрлi сутегiнi жете барлау, игеру, өндiру, тасымалдау, экспортқа шығару және өткеру жөнiндегi "Қазгермұнай" бiрлескен кәсiпорнын құру туралы республиканың мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен келiсiлген шарт мақұлдансын.
      "Қазгермұнай" бiрлескен кәсiпорнының құрылтайшы құжаттарының принциптi қағидалары мен шарттары бекiтiлсiн, атап айтқанда онда:
      "Қазгермұнай" бiрлескен кәсiпорнына осы кәсiпорынның көмiрлi сутегiсiн кедергiсiз экспортқа шығару, осы шарттың уағдаласқан қағидаларына сәйкес оның қызметiне арналған мүлiктi баж салығынсыз әкелу және әкету құқығын пайдалануға беру;
      "Қазгермұнай" бiрлескен кәсiпорнының Қазақстан Республикасының банктерiнде корреспонденттiк шоттары бар шет ел банктерiнде шоттар ашуы, Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде еркiн айналыстағы валюта операцияларын жүзеге асыруы, сондай-ақ тиiстi республикалық органдардың мұрсатымен бухгалтерлiк есептi, бухгалтерлiк баланстарды, осы бiрлескен кәсiпорынға Қазақстан заңды ұйымдары мен жеке адамдары берiп тұратын қызмет пен материалдар төлемiн еркiн айналыстағы валютамен жүргiзу;
      "Қазгермұнай" бiрлескен кәсiпорны жұмыс iстейтiн бүкiл мерзiмнiң iшiнде құрылтайшы құжаттарда белгiленген есеп айырысу мен роялти төлемiнiң тәртiбiн, пайдаға салынатын салықты, қосымша құн салығын және басқа мiндеттi төлемдердi сақтау көзделген.
      Шарттың талаптарын өзгерту Қазақстан Республикасы мен "Қазгермұнай" бiрлескен кәсiпорнының немiс құрылтайшылары арасындағы жазбаша түрдегi келiсiмнiң негiзiнде ғана жүргiзiлуi мүмкiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Энергетика және отын ресурстары министрлiгiмен, "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясымен, Қаржы министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен бiрлесiп, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қатысуымен 3 ай мерзiмде Республика "Қазгермұнай" бiрлескен кәсiпорнына беретiн құрылтайшы қарыздың өтелетiн сомасын бюджетке қайтарудың (бiрлескен кәсiпорынды құрудың қарсаңындағы жұмыстар үшiн), осы бiрлескен кәсiпорынның қызметiнен алынатын "Оңқазмұнайгаз" бiрлестiгiнiң (қазақстандық құрылтайшы) пайдасын бөлу мен пайдалану тетiгiн анықтасын, сондай-ақ 1 айлық мерзiмде Байқаушы кеңеске қазақ жағынан мүшелер тағайындасын. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгi жасалған қағидаларға сай "Оңқазмұнайгаз" бiрлестiгiмен шарт жасассын.
      Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi 4 ай мерзiмде Ақшабұлақ, Нұралы және Ақсай кен орындары бойынша тиiстi геологиялық-техникалық ақпараттарымен бiрге кен орналасқан жерлердi бөлу актiсiн беретiн болсын.
      3. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары, Қызылорда облысының әкiмi жасалған шарттың шеңберiнде "Қазгермұнай" бiрлескен кәсiпорнын белгiленген тәртiп бойынша лицензиялармен және рұқсаттармен қамтамасыз етсiн, сондай-ақ осы бiрлескен

кәсiпорын қызметiнiң ұйымдық мәселелерiн шешуге жәрдемдесетiн
болсын.
     4. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары
министрлiгiне "Қазгермұнай" бiрлескен кәсiпорнымен жұмыс iстеу
барысында республика мүддесiн сақталуына бақылауды қамтамасыз ету
тапсырылсын.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады