Халық тұтынатын тауарлар жөнiндегi департамент құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 20 қазан 1993 ж. N 1039. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Халық тұтынатын тауарлар өндiрiсiн дамытуды мемлекеттiк реттеу, өндiрiс әлеуетiнiң пайдаланылуын арттыру, тұтыну нарығын қалыптастыру және оны тауарлармен молықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi құрамында Халық тұтынатын тауарлар жөнiндегi департамент құрылып, орталық аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны 10 адамға көбейтiлсiн. 
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi оны ұстауға қажеттi қаражат бөлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi Халық тұтынатын тауарлар жөнiндегi департамент туралы ереженi бiр айлық мерзiмде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң бекiтуiне енгiзсiн. 

      Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады