ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫН МЕКЕНДЕЙТIН НЕМIСТЕРДIҢ ЭТНИКАЛЫҚ ӨРКЕНДЕУIНIҢ КЕШЕНДI БАҒДАРЛАМАСЫ ТУРАЛЫ

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 21 қазан 1993 ж. N 1040

      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасын мекендейтiн немiстердi этникалық өркендетудiң кешендi бағдарламасы бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Бiлiм министрлiгi, Мәдениет министрлiгi, Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi, Туризм, дене мәдениетi және спорт министрлiгi, Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Тiл комитетi, "Қызмет" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi аталған бағдарламаны жүзеге асыру жөнiнде нақты шаралар қолдансын.
      3. Осы қаулының орындалу барысы туралы Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне 1994 және 1995 жылдардың 1 қаңтарына дейiн ақпар берiлсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi


                                             Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 21 қазандағы N 1040 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН


           Қазақстан Республикасын мекендейтiн немiстердiң
                      этникалық өркендеуiнiң
                       КЕШЕНДI БАҒДАРЛАМАСЫ

      Сталиндiк режим жағдайының заңсыз құрбаны болған ресейлiк немiстердi ақтау немiс этносының толыққанды дамуы үшiн қолайлы жағдай туғызуды, материалдық, ұйымдық, заңдық және басқа кепiлдiктер берудi, олардың өздерiнiң заңды құқықтары мен мүдделерiн жүзеге асыруға жағдай туғызуды қажет етедi.
      Республикада қазiргi таңда 700 мыңдай немiстер тұрады, олардың көпшiлiгi Қазақстанға 30-50 жылдардағы сталиндiк қуғын-сүргiн кезiнде отбасыларымен жер аударылған. Олар өзге халықтармен қоса коллективтендiрудiң қиыншылықтарын, соғыс ауыртпалығын бастарынан өткiздi, тың игеруге қатысты, Қазақстанның экономикалық және ғылыми-техникалық әлеуетiне елеулi үлес қосты.
      1941 жылғы дәлелсiз айыптаудың нәтижесiнде немiстер фашизмге жақтас халық ретiнде қуғындалып, тек 1990 жылы ғана КСРО Президентiнiң Жарлығымен, ал шын мәнiсiнде 1993 жылы Қазақстан Республикасының "Жаппай саяси репрессиялау құрбандарын ақтау туралы" Заңымен ақталды.
      Немiстер басқа да этностар сияқты ондаған жылдар бойы әлеуметтiк-экономикалық және мәдени даму құқынан жұрдай болып келедi. Мұның салдары әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердi, ана тiлiн, халықтың басқа да ұлттық белгiлерiн жоғалтуға, өзiнiң рухани бастауларынан ажыраған ұрпақтың тәрбиеленiп шығуын әкеп соқты. Оның үстiне соңғы жылдары немiс этникалық қауымдастығы ортасында көшi-қон тенденциясы күшейе түстi.
      Осының бәрi көп ұлтты Қазақстанның экономикалық, ғылыми-техникалық, мәдени дамуына керi әсерiн тигiзiп отыр. Шындықты қалпына келтiретiн, немiс азаматтарына өздерiнiң тiршiлiк қажеттерiн қанағаттандыруға, саны аз немiс этносының рухани ортасын қорғауға заңды құқықтарын қамтамасыз ететiн шаралар жүйесi керек.
      Ұсынылып отырған немiстердiң этникалық өркендеуiнiң кешендi бағдарламасы немiс ұлты азаматтарының тiлдiк, мәдени өзiндiк келбетiне, олардың ұлттық ерекшелiктерiне дөп келетiн экономикалық даму құқының әртүрлi аспектiлерiне қатысты мүдделерiн есепке алу және жүзеге асыру жөнiндегi шараларды қамтиды, Қазақстанды мекендейтiн немiстердiң мәдени және рухани байлықтарын өркендетуге ықпалын тигiзуге, олардың қоғамды реформалауға, елдiң ұлттық байлығын нығайтуға деген белсендiлiгiн арттыруға арналған.
      Бағдарлама мыналарды қарастырады:

                   (КЕСТЕ)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады