Шетелге iссапарға шығу кезiнде оларға Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдарына сұрау салу жiберiлмейтiн санаттағы адамдардың тiзбесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 22 қазан 1993 ж. N 1052. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қызмет бабымен шетелге шығудың тәртiбi және шетелдiк iссапарға валюта қаржысының жұмсалуын бақылауды күшейту жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 20 шiлдедегi N 630 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      Шетелге iссапарға шығу кезiнде ұлттық қауiпсiздiк органдарына сұрау салу жiберiлмейтiн санаттағы адамдардың тiзбесi (қоса берiлiп  отыр) бекiтiлсiн.
      "Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1989 жылғы 29 қыркүйектегi N 301 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1990 жылғы 2 шiлдедегi N 268 қаулысының күшi жойылған деп саналсын.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы      
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1993 жылғы 22 қазандағы
                                           N 1052 қаулысымен
                                             Бекiтiлген     

            Шетелге iссапарға шығу кезiнде оларға 
         Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк
            органдарына сұрау салу жiберiлмейтiн
                    санаттағы адамдардың
                         Тiзбесi     

     Қазақстан Республикасының Президентi мен Вице-Президентi

      Жоғарғы Кеңестiң Төрағасы, Жоғарғы Кеңес Төрағасының орынбасарлары, Жоғарғы Кеңес комитеттерiнiң төрағалары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесi Аппаратының Басшысы мен жауапты қызметкерлерi 
      Қазақстан Республикасының Премьер-министрi, Премьер-министрдiң орынбасарлары, мемлекеттiк кеңесшiлерi, Президент пен Министрлер Кабинетi Аппаратының Басшысы мен жауапты қызметкерлерi 
      Қазақстан Республикасының министрлерi, министрлердiң орынбасарлары және соларға теңестiрiлген лауазымды адамдар 
      Қазақстан Республикасының Бас прокуроры, Бас прокурордың орынбасарлары, Жоғарғы Соттың Төрағасы, Жоғарғы Сот Төрағасының орынбасарлары, Конституциялық Соттың Төрағасы, Конституциялық Соттың мүшелерi, Жоғары төрелiк соттың Төрағасы, Жоғары төрелiк сот Төрағасының орынбасарлары 
      Қазақстан Республикасы Ұлттық банк Басқармасының төрағасы, Ұлттық банк Басқармасы төрағасының орынбасарлары 
      Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi және олардың орынбасарлары, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының өкiлдi органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары. 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады