Қазақстан Республикасының зейнетақы қоры мен Қазақстан Республикасының әлеуметтiк сақтандыру қорына мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қаржыларынан аударым жасаудың мөлшерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 26 қазан N 1063. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.04.19. N 477 қаулысымен.

      Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға аударым қаржыларын ұтымды пайдалану мақсатында және "1993 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1993 жылғы 25 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналардың жалпы сомасы Қазақстан Республикасының зейнетақы қоры мен Қазақстан Республикасының әлеуметтiк сақтандыру қоры арасында тиiсiнше 90 және 10 процент мөлшерiнде бөлiнедi деп белгiленсiн.
      Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыруға арналған жарналарды

бөлудiң бұл тәртiбi 1993 жылғы 1 қазаннан бастап қолданылатын
болсын.
     2. "Қазақстан Республикасының зейнетақы қоры мен Қазақстан
Республикасының мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорына 
мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қаржыларынан аударым жасаудың
мөлшерi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 31 қаңтардағы N 85 қаулысының /Қазақстан Республикасының
ПҮАЖ, 1992 ж. N 4, 79-бап/ күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi
 
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады