ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ПАСПОРТЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕНI БЕКIТУ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 27 қазан 1993 ж. N 1066. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 1999.08.09. N 1116 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының лауазымды адамдарына дипломатиялық паспорттар берудi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Дипломатиялық паспорты туралы осыған қосылған ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi дипломатиялық паспорттарды беру кезiнде осы Ереженi қатаң басшылыққа алатын болсын.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi

Қазақстан Республикасы             
Министрлер Кабинетiнiң             
1993 жылғы 27 қазандағы             
N 1066 қаулысымен               
БЕКIТIЛГЕН                   

             Қазақстан Республикасының дипломатиялық
                         паспорты туралы
                            ЕРЕЖЕ

      1. Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты Қазақстан Республикасының азаматы Қазақстан Республикасынан тысқары шыққан, Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұрған және Қазақстан Республикасына келген кезiнде оның жеке басын куәлендiретiн құжат болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорты әлемнiң барлық мемлекетiне Қазақстан Республикасынан шығу үшiн жарамды.
      3. Қазақстан Республикасы дипломатиялық паспортының үлгiсiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң табыс етуi бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      4. Дипломатиялық паспорт 5 жыл мерзiмге берiледi.
      5. Дипломатиялық паспорт осы Ережеге қосымшада көрсетiлген лауазымды адамдарға берiледi.
      6. Дипломатиялық паспортты Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң консулдық қызметi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шет елдегi дипломатиялық және консулдық мекемелерi осы ережеге сәйкес бередi.
      7. Дипломатиялық паспорты бар адамдармен бiрге бара жатқан ерлi-зайыптыларға, 18 жасқа дейiнгi балаларға да дипломатиялық паспорт берiледi. 16 жасқа дейiнгi балалар ата-аналарының бiрiнiң паспортына жазылып қояды.
      8. Дипломатиялық паспорт шет елде жоғалған жағдайда бұл жайында паспорт иесi Қазақстан Республикасының консулдық мекемесiне, ал егер республика аймағында жоғалған болса - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне дереу мәлiмдеуге мiндеттi.
      Жоғалған паспорттың орнына жаңасын беру оның жоғалуы туралы хабар тексерiлгеннен кейiн жүргiзiледi.
      9. Дипломатиялық паспортты беру үшiн ақы төлеттiрмейдi.
      10. Дипломатиялық паспорттардың бланкiлерi қатаң түрде есеп беретiн құжат болып табылады. Олар Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң өтiнiмi бойынша жасалады.
      Дипломатиялық паспорттарды есепке алуды, сақтауды және жоюды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жүзеге асырады.
      11. Азаматтар шет елдегi сапардан қайтып оралғаннан кейiн дипломатиялық паспорттар бiр апталық мерзiмде Сыртқы iстер министрлiгiне тапсырылуға тиiс. Паспорттар өткiзiлгеннен кейiн олардың сақталуы үшiн жауапкершiлiк Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жүктеледi.
      12. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi дипломатиялық паспорттардың жаңа үлгiлерi халықаралық қоғамдастыққа табыс етiлуiн қамтамасыз етедi.
      ЕСКЕРТУ: Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспорттары жасалып, айналымға қабылданғанға дейiн бұрынғы КСР Одағының Қазақстан Республикасының азаматы екендiгi туралы белгiсi бар дипломатиялық паспорты жарамды деп саналсын.

ҚОСЫМША            

      Ескерту. Өзгертулер енгiзiлдi - ҚРМК-нiң 13.12.1994 ж.
N 1407 қаулысына сәйкес.

          Дипломатиялық паспорт берiлетiн
               лауазымды адамдардың
                   ТIЗБЕСI

      Қазақстан Республикасының Президентi
      Қазақстан Республикасының Вице-президентi
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы
      Қазақстан Республикасының Премьер-министрi
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң орынбасарлары
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеңесшiлерi
      Қазақстан Республикасының Қауiпсiздiк Кеңесi мен Мемлекеттiк саясат жөнiндегi Ұлттық кеңесiнiң хатшылары
      Қазақстан Республикасының Президентi Аппаратының Басшысы, Жоғарғы Кеңесi Аппаратының Басшысы және Министрлер Кабинетiнiң Iс Басқарушысы
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Вице-президентiнiң, Жоғарғы Кеңесi Төрағасының және Премьер-министрiнiң кеңесшiлерi
      Қазақстан Республикасының Президентi Аппараты Басшысының және Министрлер Кабинетi Iс Басқарушысының орынбасарлары
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Жоғарғы Кеңесi Төрағасының және Премьер-министрiнiң баспасөз хатшылары
      Қазақстан Республикасының Президентi, Вице-президентi, Жоғарғы Кеңесi Төрағасының және Премьер-министрi секретариаттарының меңгерушiлерi мен көмекшiлерi
      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiндегi Қазақстан Республикасы Президентiнiң жеке өкiлдерi мен Премьер-министрiнiң өкiлдерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң аймақтардағы өкiлдерi тобының басшысы
      Қазақстан Республикасының Президентi Аппаратының, Жоғарғы Кеңесi Аппаратының және Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының бөлiм меңгерушiлерi
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы мен мүшелерi
      Қазақстан Республикасының Бас прокуроры мен оның бiрiншi орынбасары
      Қазақстан Республикасы Конституциялық сотының төрағасы мен мүшелерi
      Қазақстан Республикасы Жоғары төрелiк сотының төрағасы мен мүшелерi
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң халық депутаттары
      Қазақстан Республикасының министрлерi, мемлекеттiк комитеттерiнiң төрағалары мен олардың бiрiншi орынбасарлары
      Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Бас бақылау инспекциясы мен Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағалары
      Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi мен олардың бiрiншi орынбасарлары
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы комитеттердiң (комиссиялардың), бас басқармалардың, агенттiктердiң бiрiншi басшылары
      "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясының, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Ұлттық патенттiк ведомство мен Емдеу-сауықтыру бiрлестiгiнiң, Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсiп палатасының, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Шаруашылық басқармасының бiрiншi басшылары
      Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының, Қазақтың ауыл шаруашылығы академиясының және Инженерлiк академиясының президенттерi, Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы Стратегиялық зерттеулер институтының директоры
      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiнiң төрағасы және оның орынбасары, мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi мен Қазақстанның мемлекеттiк даму банкi басқармаларының төрағалары, Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкiнiң президентi
      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскер түрлерiнiң қолбасшылары
      Қазақстан Республикасының Президентi Аппаратының, Жоғарғы кеңесi Аппаратының және Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының халықаралық қатынастар саласында (Қазақстан Республикасының Президентi Аппаратының Халықаралық бөлiмiнде, Жоғарғы Кеңесi Аппаратының Халықаралық байланыстары Протокол бөлiмiнде, Министрлер Кабинетi Iс Басқармасының Сыртқы байланыстар және ТМД iстерi жөнiндегi бөлiмдерiнде) жұмыс iстейтiн жауапты қызметкерлерi
      Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң дипломатиялық қызметкерлерi мен дипломатиялық курьерлерi
      Халықаралық ұйымдардағы Қазақстан Республикасы өкiлдiктерiнiң лауазымы дипломатиялық лауазымдарға теңестiрiлген қызметкерлерi
      Қазақстан Республикасының шетелдегi сауда өкiлдерi, Қазақстан Республикасының шетелдегi сауда өкiлдiктерiнiң кеңесшiлерi мен атташелерi
      Әскери атташелер, әскери-әуе атташелерi, әскери-теңiз атташелерi мен олардың көмекшiлерi
      Қару-жарақты шектеу және қысқарту саласында Қазақстан Республикасы қол қойған халықаралық шарттарға сәйкес, сондай-ақ Европадағы қауiпсiздiк пен ынтымақтастық жөнiндегi кеңес шеңберiнде өз мiндеттерiн орындаушы инспекциялық топтардың мүшелерi
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Вице-президентiнiң, Жоғарғы Кеңесi Төрағасының, Премьер-министрiнiң күзет бастықтары     Шетелдiк сапарға шығатын Қазақстан Республикасының ресми мемлекеттiк және үкiмет делегацияларының мүшелерi Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейтiн адамдар
қызметiнен кеткен жағдайда Қазақстан Республикасының дипломатиялық паспортын пайдалану құқығы мына адамдарға қалдырылады:
     Қазақстан Республикасының Президентi
     Қазақстан Республикасының Вице-президентi
     Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Төрағасы
     Қазақстан Республикасының Премьер-министрi

     ЕСКЕРТУ. Тiзбеге өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.06.05.
N 702 қаулысымен .  
     ЕСКЕРТУ. Тiзбеге өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.08.20.
N 1031 қаулысымен .  

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады