ҚАЗАҚСТАН ИНТЕРНАЦИОНАЛДЫҚ БАНКIСI (ҚИБ) ТУРАЛЫ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 29 қазан N 1083. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.05.30. N 754 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының экономикасын жеделдете дамуға жәрдемдесу, халықаралық банк қызметiн қамтамасыз ету және шетелдiк инвестицияларды тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан интернационалдық банкiсiн (ҚИБ) құру туралы 1993 жылғы 23 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Үкiметi мен "Чейз Манхаттан Банк, Н.А." компаниясы арасында жасалған келiсiм мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан интернационалдық банкiсiнiң жарғылық қорындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 50 проценттiк үлесi есебiне Республикалық валюта қорынан 1500 мың АҚШ долларын бөлiп, оны Банктiң валюталық есепшотына аударсын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан интернационалдық банкiсiн орналастыру үшiн көлемi 2 мың шаршы метрге жуық қызметтiк үй-жай беретiн болсын.
      4. Алматы қаласының әкiмi, Алматы қаласының Сәулет-жобалау бас басқармасы Қазақстан интернационалдық банкiсi мен оның қосалқы қызметтерiнiң негiзгi үйiн салуға Алматы қаласында көлемi 1-2 гектар жер учаскесiн бөлсiн.
      Банк қызметкерлерiн - шет ел азаматтарын орналастыру үшiн Қазақстан интернационалдық банкiсiне 10 үш бөлмелi пәтер сатып алуына көмек көрсетсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi 30 абонент нөмiрiне жалпы қалалық телефон байланысы арнасын, 4 қалааралық телебайланыс желiсiн, 2 үкiметтiк АТС нөмiрiн бөлетiн болсын.
      6. Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының Шаруашылық басқармасы Қазақстан интернационалдық банкiсiнiң басшы қызметкерлерi - АҚШ азаматтарының тұруы үшiн үкiметтiк резиденциялардың бiрiнен 2 коттедж берсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi Қазақстан интернационалдық банкiсiн күзетудi ұйымдастыруда, Банктiң iшкi күзет адамдары мен басшы қызметкерлерiнiң қару алып жүруiне рұқсат беруде көмек көрсетсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi Қазақстан интернационалдық банкiсiнiң қызметкерлерiне көпмәртелiк және ұзақ мерзiмдiк виза беруде жәрдемдесiп отырсын.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады