Офицерлер құрамы лауазымдарында әскери қызмет атқару мен осы әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнен босату туралы контрактiлер жасасудың тәртiбi туралы уақытша Ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 5 қараша N 1100. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.05.12. N 580 қаулысымен.

      Офицерлер кадрларын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде тұрақтандыру мақсатында және офицерлер құрамы адамдарының Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнде әскери қызмет пен запастағы қызметте болуы туралы Ереже белгiленген тәртiппен бекiтiлгенге дейiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Осыған қоса берiлiп отырған:
      Офицерлер құрамы лауазымдарында әскери қызмет атқару мен осы әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнен босату туралы контрактiлер жасасудың тәртiбi туралы Уақытша ереже N 1 қосымшаға сәйкес;
      Контракт нысаны N 2 қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiмен контрактiлер жасасуды мына мерзiмдерде:
      өз лауазымдарында әскери қызмет атқарып жүрген офицерлермен 1994 жылдың 31-шi желтоқсанына дейiн;
      Ресей Федерациясы, Қорғаныс министрлiгiнiң әскери оқу орындарына түсушi әскери қызметшiлермен - олардың оқу орнына қабылдануы туралы қабылдау комиссиясының шешiмiнен кейiн оларды iссапарға жiберу туралы бұйрық шыққанға дейiн;
      басқа мемлекеттердiң әскери училищелерiне оқуға жiберiлген адамдармен - олар оқу орнының бiрiншi курсын бiтiрiсiмен, бiрақ олардың 18 жасқа толуынан бұрын емес;
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi оқу орындарының 18 жасқа толған курсанттарымен - 1994 жылғы 1 наурызға дейiн ұйымдастырсын.
      Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери оқу орындарына 1992 жылға дейiн оқуға түскен, бұрынғы КСРО республикалары - басқа мемлекеттер Қарулы Күштерiнде әскери қызмет атқару ниетiн бiлдiрген және оған негiзi бар курсанттармен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде әскери қызмет атқару туралы контрактiлер жасалынбасын;
      кiшi офицерлер даярлау жөнiндегi курстарға жiберiлген әскери қызметшiлермен - олардың тиiстi курстарға қабылданғаны туралы бұйрық шыққаннан кейiн контрактiлер жасалынсын.
      3. Офицерлер құрамы лауазымдарында әскери қызмет атқару мен осы

 

әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнен

босату туралы контрактiлер жасасудың тәртiбi туралы Уақытша ереженiң

күшi оларға контрактiлер жасасу мен әскери қызметшiлердi босатуға

құқық берiле отырып, Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiне,

ұлттық қауiпсiздiк органдарына, Iшкi әскерлерiне, Республикалық

ұланға және басқа да әскери құрамаларға қолданылсын.



     Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.04.29.

              N 523 қаулысымен.


      Қазақстан Республикасының

          Премьер-министрi  

                                            Қазақстан Республикасы

                                            Министрлер Кабинетiнiң

                                          1993 жылғы 5 қарашадағы

                                              N 1100 қаулысына

                                                N 1 қосымша


            Офицерлер құрамы лауазымдарында әскери қызмет

           атқару мен осы әскери қызметшiлердi Қазақстан

          Республикасының Қарулы Күштерiнен босату туралы

              контрактiлер жасасудың тәртiбi туралы

                     УАҚЫТША ЕРЕЖЕ



 
       "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштерi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5, 30-баптарына және "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк пен әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес Офицерлер құрамы лауазымдарында әскери қызмет атқару мен осы әскери қызметшiлердi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнен босату туралы контрактiлер жасасудың тәртiбi туралы Уақытша ереже (бұдан былай Ереже деп аталады) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiмен, әскери мiндеттiлерiмен, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне офицерлер ретiнде әскери қызметке ерiктi түрде алынған басқа мемлекеттердiң азаматтарымен және азаматтығы жоқ адамдармен контрактiлер жасасудың түрлерiн, мерзiмдерi мен тәртiбiн белгiлейдi және жасасылған контрактi шарттарын орындау үшiн

 

тараптардың өзара мiндеттемелерi мен жауапкершiлiгiн реттейдi.


                1. Әскери қызметтi атқару туралы

                    контракт жасасудың тәртiбi

     1. Офицерлер құрамындағы лауазымдарда әскери қызмет атқару

туралы контракт жасасуға:

     18 жастан бастап әскери оқу орындарының (әскери факультеттердiң)

курсанттары (тыңдаушылары);

     Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде әскери қызметтегi

офицерлер;

     кiшi офицерлер даярлау жөнiндегi курстарға жiберiлген 34 жасқа

дейiнгi әскери қызметшiлер;


 
       42 жасқа дейiнгi запастағы подполковник, 47 жасқа дейiнгi запастағы полковник және одан да жоғары әскери атағы бар запастағы офицерлер;
      20 жастан 42 жасқа дейiнгi әйелдер қақылы.
      2. Контракт бойынша офицерлер құрамындағы лауазымдарда қызмет атқаруға ниет бiлдiрген әскери қызметшiлер командасына рапорт бередi.
      3. Запастағы адамдар арасынан контракт бойынша әскери қызметке алу үшiн кандидаттарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi кадрлар басқармасының өтiнiмi бойынша әскери комиссариаттар iрiктейдi.
      4. Офицер ретiнде әскери қызметке орналасқысы келетiн Қарулы Күштердiң запасындағы, сондай-ақ әйелдер әскери есепте тұратын жерiндегi әскери комиссариатқа мынадай құжаттарды:
      шарт бойынша әскери қызметке орналасқысы келетiндiгi туралы өзiнiң өтiнiшiн;
      өз қолымен жазған өмiрбаянын;
      бiлiмi туралы құжаттың көшiрмесiн;
      соңғы жұмыс (оқу) орнынан мiнездеменi;
      отбасының құрамы мен тұрған мекенi туралы анықтаманы түсiредi.
      Режимдiлiк бөлiмдерге немесе құпия жұмыстармен байланысты лауазымдарға тағайындалатын адамдардың құжаттары қолданылып жүрген заңдарға сәйкес ресiмделедi.
      5. облыстық әскери комиссариат офицерлер құрамы лауазымдарындағы әскери қызметке алу үшiн кандидаттың осы Ереженiң талаптарына сәйкестiгiн алдын-ала бағалайды.
      Офицерлердiң әскери қызметiне алу үшiн iрiктелген кандидаттардың құжаттары түскен өтiнiштерге сәйкес әскери бөлiмдердiң * командирлерiне (бастықтарына), ал өтiнiмдерден тыс құжаттар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң кадрлар басқармасына жiберiледi. Әскери қызметке қабылдануы туралы шешiмдер шығарылатын адамдар жөнiнде әскери комиссариаттарға оларды ақырғы iрiктеу жүргiзу үшiн әскери бөлiмдерге жөнелту туралы шақырту қағаздары жiберiледi. Қалған адамдарға қабылданбау себептерi хабарланып, құжаттары қайтарылады. Осы Ережедегi әскери бөлiмдер дегенге сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мекемелерi, әскери оқу орындары, кәсiпорындары мен ұйымдары да жатады.
      6. Қарулы Күштердiң запасында тұрған адамдарды, сондай-ақ әйелдердi әскери бөлiмдерге жiберудi оларды әскери қызметке ресiмдеу орны бойынша әскери комиссариаттар жүзеге асырады.
      Әскери бөлiмнiң командирi келгендермен және ақырғы iрiктеуден өткендермен әскери қызмет атқару туралы контракт жасайды, ал әскери қызмет атқаруы туралы контракт жасалмағандарды тиiстi аудандық (қалалық) әскери комиссариаттарына iссапарға қайта жөнелтедi және олардың жеке iстерiн қабылданбау себептерiн көрсетiп қайтарады.
      7. Контрактiге қол қойылған адамдар әскери қызмет орнына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң қаражаты есебiнен барады.
      8. Офицерлер құрамы лауазымдарындағы әскери қызмет атқару туралы контракт әскери қызметшi немесе әскери қызметке келетiн адам мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi арасында жазбаша түрде қазақстан Республикасы Министрлер кабинетiнiң 1993 жылғы 5 қарашадағы N 1100 қаулысының N2 қосымшасымен белгiленген нысан бойынша жасалады.
      9. Контракт шарттарының орындалуына кепiлдiк беретiн Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi атынан запастағы адамдармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрiнiң қарамағындағы офицерлермен контрактiлер жасау құқы офицер құрамына адамдар тағайындауға арналған лауазымдардың номенклатурасына сәйкес жеке құрам бойынша бұйрықтармен толықтырылатын лауазымдарға офицерлер тағайындауға құқы бар командирлерге (бастықтарға) берiледi.
      Өздерiне бағынатын әскери бөлiмдер бойынша олар үшiн штатта полковникке дейiнгi әскери атақтар көзделген Қорғаныс министрiнiң орынбасарларына, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi басқармаларының (бөлiмдерiнiң), әскер түрлерi мен қызмет орындарының бастықтарына лауазымдарды толықтырған кезде осындай құқық берiледi.
      10. Әскери қызметтi өздерi алып отырған лауазымдарда атқарып жүрген офицерлермен контракт жасаған кезде олардың белгiленген талаптарға сәйкестiгiн анықтап, офицермен контрактiге қол қойылған соң әскери бөлiмнiң (оған тең жеке батальон командирiнен бастап және одан жоғары) командирi (бастығы) контрактiнi және оның жасалуы туралы өтiнiштi қызмет сатысы бойынша жiбередi. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi атынан контрактiге қол қою құқы осы Ереженiң 9-тармағында көрсетiлген командирлерге (бастықтарға) берiледi.
      11. Әскери бөлiмнiң командирiнiң (бастығының) жеке құрам бойынша бұйрықтарымен расталған контрактi жасалған күн офицер құрамы адамдарының, курсанттардың контракт бойынша әскери қызметiнiң басталуы болып саналады.
 
           II. Әскери оқу орындарында және кiшi офицерлер
                 даярлайтын курстарда оқитын адамдармен
             әскери қызмет атқару туралы контрактiлер жасау
 
      12. Әскери оқу орнының курсанты "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес 1 оқу курсын бiтiрген соң, егерде оның жасы 18- ге толса, осы Ереженiң 21-тармағындағы "а" тармақшасында көзделгендей Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi кадрларының қатарында әскери қызмет атқару туралы контракт жасасады.
      13. Офицер атағы жоқ, әскери қызметтi контракт бойынша атқарып жүрiп, әскери оқу орнына түскен әскери қызметшi оқуға түскен соң қолма-қол осы Ереженiң 21-тармағындағы "а" тармақшасында көзделгендей жаңа контракт жасалады.
      14. Өз еркiмен кiшi офицерлер даярлау жөнiндегi курстарға жiберiлушi әскери қызметшiмен осы Ережеде көзделген контрактiлер түрлерiнiң бiрi жасалынады.
      15. Контрактiнi бұзған, әскери оқу орнынан денсаулық жағдайы, үлгермеуi бойынша немесе тәртiпсiздiгi бойынша шығарылған курсанттар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Бас штабы бастығының өкiмi бойынша әскери қызметтi одан әрi жалғастыру үшiн бөлiмдерге жiберiледi немесе запасқа шығарылады.
      16. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери оқу орындарында оқып жүрген курсанттармен контрактiнi әскери оқу орнының бастығы жасайды.
      17. Басқа мемлекеттердiң әскери оқу орындарында оқитын, сондай-ақ кiшi офицерлердi даярлау жөнiндегi курстарда оқып жүрген әскери қызметшiлермен контрактiнi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiнiң өкiлi жасайды.
 
            III. Офицерлер құрамы лауазымындағы әскери
               қызметке контракт бойынша орналасатын
                   адамдарға қойылатын талаптар
 
      18. Контракт бойынша офицерлер құрамы лауазымдарындағы әскери қызметке орналасатын адамдар Қарулы Күштерде ССРО Қорғаныс министрiнiң 1987 жылғы N 260 Бұйрығымен енгiзiлген Медициналық куәландыру туралы Ережеге (бейбiт және соғыс уақытында)сәйкес медициналық куәландырудан өткiзiледi. Медициналық куәландыру қорытындылары бойынша олардың

 

әскери қызметке жарамдығы туралы шешiм қабылданады.

     19. Контракт бойынша әскери қызметке алынушылар:

     бiлiм цензiсi жөнiндегi;

     кәсiптiк даярлық деңгейi жөнiндегi;

     моральдық-психологиялық сапасы жөнiндегi;

     дене шынықтыру нормативтерiн орындауы жөнiндегi қойылатын

талаптарға сай болуы тиiс.

     Аталған талаптар мен нормативтердi Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрi белгiлейдi.

     20. Контракт бойынша қызмет атқару үшiн адамдардың белгiленген

талаптарға сәйкестiгiн айқындау әскери бөлiмдердiң, сондай-ақ

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң тұрақты жұмыс iстейтiн

аттестациялық комиссияларына жүктеледi.       


            IV. Офицерлер құрамы лауазымындағы әскери

          қызметтi атқару туралы контрактiлердiң түрлерi


     21. Офицер құрамы лауазымдарындағы әскери қызметке орналасарда

төмендегi контрактiлердiң бiр түрi:

     а) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi кадрларының

қатарында әскери қызмет атқару туралы контракт;

     б) нақтылы әскери бөлiмдегi офицер лауазымдарында әскери қызмет

атқару туралы контракт;

     в) нақтылы әскери бөлiмдегi нақтылы офицер лауазымындағы әскери

қызмет атқаруы туралы контракт жасалады.


 
       22. Осы Ереженiң 21- тармағындағы "а" тармақшасында көзделгендей контракт жасасқан офицерлер кадрлық офицерлер болып саналады.
      Осы Ереженiң 21-тармағындағы "б" және "в" тармақшаларында көзделгендей контракт жасасқан офицерлер, қысқа мерзiмдi қызмет атқарушы офицерлер болып саналады.
      23. Осы Ереженiң 21-тармағындағы "б" және "в" тармақшаларында көзделген контракт бойынша қызмет атқарушы офицерлер полковниктерi (I рангтегi капитандар) немесе жоғары дәрежелi офицерлер қызмет атқаратын лауазымдарға, әдетте, тағайындалмайды және оқу үшiн әскери академияларға жiберiлмейдi.
      24. Әскери қызмет атқару туралы контрактiнiң өзге түрi жасалған жағдайда оған қол қойған тараптардың келiсiмiмен әскери қызмет атқару туралы контракт мерзiмiнен бұрын бұзыла алады.
 
           V. Контракт бойынша әскери қызметтiң мерзiмдерi
      25. Офицерлер құрамы лауазымдарындағы әскери қызмет атқару туралы контракт
      осы Ереженiң 21-тармағындағы "а" тармақшасы бойынша:
      - әскери оқу орындарының курсанттарымен, сондай-ақ кiшi офицерлер даярлау жөнiндегi курстарға жiберiлген әскери қызметшiлермен оқу мерзiмiне және олар әскери оқу орнын бiтiрген соң әрбiр бес жыл сайын ұзартуға құқы болатын немесе әскери қызметтегi шектеулi жасына жеткенге дейiн әскери қызмет атқарудың 10 күнтiзбелiк жылына;
      - өздерi отырған лауазымдарда әскери қызмет атқарып жүрген офицерлермен; екi жылға шақырылған офицерлермен шақыру бойынша қызмет мерзiмi бiткен соң; осы Ереженiң 21-тармағындағы "б" және "в" тармақшаларында көзделген контракт бойынша әскери қызмет мерзiмi аяқталған соң қысқа мерзiмдi әскери қызметтiң офицерлерiмен - кейiннен әрбiр бес жыл сайын ұзартылатын офицерлiк лауазымдарда 10 күнтiзбелiк жыл қызмет еткенге дейiнгi немесе әскери қызметте болудың шектеулi жасына жеткенге дейiнгi мерзiмге;
 
      осы Ереженiң 21-тармағындағы "б" және "в" тармақшалары бойынша;
 
      - өздерi отырған лауазымдарда әскери қызмет атқарып жүрген офицерлермен; осы Ереженiң 21-тармағындағы "а" тармақшасында көрсетiлген контракт мерзiмi бiтiсiмен кадрлар қатарындағы офицерлермен; екi жылға әскери қызметке шақырылған офицерлермен; кiшi офицерлер даярлау жөнiндегi курстарға жiберiлген әскери қызметшiлермен; запастағы офицерлермен - әрбiр бес жыл сайын ұзартуға құқы болатын үш жылға контракт жасалынады.
      Әскери қызметте болудың шектеулi жасына жеткенге дейiн контракт аз мерзiмге ұзартылуы мүмкiн.
      Осы Ереженiң 21-тармағындағы "в" тармақшасында көзделген офицерлер құрамы лауазымдарында әскери қызмет атқару туралы контракт бiр мерзiмге ғана жасалына алады.
      26. Әскери академияға, адъюнктураға немесе әскери докторантураға түскен кадрлар қатарындағы офицерлермен, бұрын жасалған контрактiге қарамастан, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң өкiлi осы Ереженiң 21-тармағындағы "а" қосымшасында көзделген оқу кезеңiне және оқу орнын бiтiргеннен кейiнгi бес жылға жаңадан контракт жасайды.
      27. Әскери бөлiмнiң командирi шешiм қабылдайды және контрактiнiң жасалғаны немесе онымен контрактi жасаудан бас тартылғаны туралы қолданылатын контрактiнiң мерзiмi бiткенге дейiн үш айдан кешiктiрмей әскери қызметшiге хабарлайды.
 
                 V. Әскери қызметтен босату
      28. Әскери қызметтi контракт бойынша атқарып жүрген офицерлердi запасқа шығару "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк пен әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мынадай негiздер бойынша (Қарулы Күштердегi офицер құрамының әскери қызмет атқаруы туралы Ережедегi негiздерден басқа):
      а) қызмет мерзiмiндегi еңбегi бойынша (Заңның 12-бабындағы 3-бөлiгiнiң "а" тармағы) - контрактiде көрсетiлген қызмет мерзiмiнiң аяқталуы бойынша;
      б) контрактiнiң бұзылуына байланысты (Заңның 22-бабындағы, 3-бөлiгiнiң "д" тармағы) әскери қызметтен мерзiмiнен бұрын босату туралы рапорт берген жағдайда офицердiң инициативасы мен ықтияры бойынша;
      в) отбасы жағдайлары немесе басқа да маңызды себептер бойынша (Заңның 22-бабындағы, 3-бөлiгiнiң "е" тармағы);
      - әскери қызметтi орындауға кедергi келтiретiн отбасы жағдайлары қалыптасқанда. Бұл ретте отбасы жағдайлары деп әйелiмен (күйеуiмен) болған қайғылы оқиғалар яки офицердiң ата-анасы немесе зайыбы оның тарапынан үнемi күтiм болуын қажет ететiн жағдайлар түсiнiледi - отбасылық-мүлiктiк тексеру актiсi және әскери-дәрiгерлiк комиссияның қаулысы негiзiнде;
      - мемлекеттiк өкiмет пен басқару органдарына сайланбалы лауазымдарға сайланған кезде жүзеге асырылады.
      29. ССРО Қорғаныс министрiнiң 1985 жылғы N 100 бұйрығымен күшiне енгiзiлген Қарулы Күштердiң офицерлер құрамының әскери қызмет атқару туралы Ереженiң 59-бабындағы "д" тармағында, 61, 62 баптарында, сондай-ақ осы Ереженiң 28-тармағындағы "б" тармақшасында көзделген негiздер бойынша контракт мерзiмiнен бұрын бұзылып, офицер әскери қызметтен босатылған жағдайда кiнәлi жақ қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.
 

                                          Қазақстан Республикасы



                                          Министрлер Кабинетiнiң

                                         1993 жылғы 5 қарашадағы

                                             N 1100 қаулысына

                                              N 2 қосымша



 
 
                   Әскери қызмет атқару туралы

 

                         КОНТРАКТ


     Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi жағынан және


--------------------------------------------------------------------

        (лауазымы, әскери атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)               


әскери қызметшi______________________________________________________

                 (лауазымы, әскери атағы, тегi, аты, әкесiнiң аты)


төмендегiлер бойынша контракт жасасты:


     1. Әскери қызметшi_____________________________________________

                                  (тегi, инициалдары)


 
әскери қызмет атқаруды реттейтiн "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк пен әскери қызмет туралы". "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы", "Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары мен олардың отбасыларын зейнетақымен қамсыздандыру туралы"

 

Қазақстан Республикасы Заңдарының, Офицерлер құрамы лауазымдарында

әскери қызмет атқару мен осы әскери қызметшiлердi Қазақстан

Республикасының Қарулы Күштерiнен босату туралы контрактiлер жасасудың

тәртiбi туралы Уақытша ереженiң және басқа да нормативтiк актiлердiң

мазмұнымен таныса келiп, өз еркiмен:


     а)________________________________________белгiленген шарттармен

                (контракт түрi)


___________________________________________мерзiмге қызмет атқаруға;     

           (контракт мерзiмi)


     б) контракт бойынша әскери қызметтi атқару кезеңiнде қызметтiк

мiндеттерiн, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын

адал да ықтияттылық пен орындауға мiндеттенедi.


     2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi әскери


қызметшi____________________________________________контракт бойынша

                (тегi, инициалдары)


әскери қызметке қабылдайды және:


     а) оның алған мамандығына, бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне сәйкес

офицерлер атқаратын әскери лауазымдарға тағайындалуына;

     б) әскери қызметтi контракт бойынша атқарушы әскери қызметшiлер

үшiн қолданылып жүрген заңдарда белгiленген құқын сақтауға және

берiлетiн жеңiлдiктерi мен артықшылықтарын жүзеге асыруға, соның

iшiнде:

     ақшалай үлесi мен ақшалай өтемдердiң барлық түрлерiн үздiксiз

төлеп тұруға;


     тұрғын үймен қамтамасыз етуге___________________кепiлдiк бередi.

                                    (берiлу шарты)


     3. Контракт 1993 жылы "___"_____________________________жасалды.


____________________________________________________________________

                    (әскери бөлiм аты)


командирiнiң 199__жылғы "__"_________________N____________бұйрығының


негiзiнде қол қойылған күннен бастап күшiне енедi.

     4. Контрактiнi тараптардың бiрi бұза алады және офицер мынадай

жағдайларда:

     а) денсаулық ахуалы бойынша;

     б) штаттың қысқартылуына немесе ұйымдастыру шараларына байланысты

қызметте ұстауға мүмкiндiк болмаған жағдайда;

     в) офицердiң контрактiнi өз еркiмен және өз ықтиярымен бұзуына

байланысты;

     г) отбасы жағдайлары немесе басқа да маңызды себептер бойынша;

     д) қызметiне лайықсыздығы бойынша;

     е) әскери қызметшiнiң атына кiр келтiретiн қылықтар жасағаны

үшiн;

     ж) заңды күшiне енген соттың айыптау үкiмiне байланысты әскери

қызметтен босатылуға жатады.


 
        ССРО Қорғаныс министрiнiң 1985 жылғы N 100 бұйрығымен енгiзiлген Қарулы Күштердiң офицерлер құрамында әскери қызмет атқару туралы Ереженiң 59-бабындағы "д" тармағында, 61, 62-баптарында сондай-ақ Офицер құрамы лауазымдарында әскери қызмет атқару мен осы әскери

 

қызметшiлердi Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнен босату

туралы контрактiлер жасаудың тәртiбi туралы Ереженiң 28-тармағындағы

"б" тармақшасында көзделген негiздер бойынша контракт мерзiмi

бұзылып, офицер әскери қызметтен босатылған жағдайда кiнәлi жақ

қолданылып жүрген заңдарға сәйкес жауапкершiлiкке тартылады.

     5. Осы контракт 3 дана болып жасалынады.

     6. Қосымша шарттар:


____________________________________________________________________


     7. Осы контрактiнiң шарттары тараптардың келiсiмi бойынша

өзгертiлуi мүмкiн.


        Әскери қызметшi                   Қазақстан Республикасы

                                          Қорғаныс министрлiгiнiң

                                                  өкiлi


_______________________________       ________________________________

   (әскери атағы, қолы және              (әскери бөлiмнiң атауы, қолы,

     тегi жазбамен)                       Қорғаныс министрлiгi

                                            өкiлiнiң тегi, жазбамен)


"___"______________________________________1993 жыл.


                               *    *    *


     Ескертулер:


     1. Қойылған қол әскери бөлiмнiң елтаңбалық мөрiмен куәландырылады.

     2. Әскери оқу орындарында кiшi офицерлер даярлау жөнiндегi

курстарда оқып жүрген әскери қызметшiлер үшiн 1-тармақ мынадай

мазмұнда болуға тиiс:


     Әскери қызметшi____________________________________өз еркiмен:

                        (тегi, инициалдары)

     а) әскери оқу орнында (кiшi офицерлер даярлау жөнiнде) оқу

курсын тамамдауға;

     б) оқу орнын бiтiрiп, офицерлер құрамының әскери атағын алғаннан


кейiн, контракт бойынша____________________,   _____________________

                        (контракт түрi)          (контракт мерзiмi)

мерзiмге белгiленген шарттармен офицер болып әскери лауазымдарда

қызмет атқаруға;


 
       в) контракт бойынша әскери қызметтi атқару кезеңiнде қызметтiк мiндеттерiн, Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарын адал да ықтияттылықпен орындауға мiндеттенедi.
      3. Ереженiң 21-тармағындағы "б" немесе "в" тармақшалары бойынша контракт жасаған әскери қызметшiлер үшiн 1 және 2-тармақтарда әскери қызметшiнiң қызмет атқаратын нақтылы әскери бөлiмi немесе нақтылы әскери лауазымы және әскери бөлiмi көрсетiледi.
      4. Тараптар қолданылып жүрген заңдарды сақтай отырып, қосымша мiндеттемелер алған кезде 6-тармақ толтырылады.
      5. Контрактiнiң бiрiншi және екiншi даналары офицерлердiң жеке iстерiне салынады, үшiншiсi - контракт жасаған әскери қызметшiнiң қолына берiледi.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады