Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсiбiн дамыту жөнiндегi шаралар туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 18 қараша 1993 ж. N 1149. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 27 шілдедегі N 781 қаулысымен

      Республикада өзiнiң фармацевтика өнеркәсiбiнiң болмауы, ТМД мемлекеттерi арасындағы экономикалық байланыстардың тұрақсыздығы және денсаулық сақтауды қаржыландырудың шын мәнiнде төмендеуi республиканың медициналық мекемелерi мен халқын дәрi-дәрмекпен қамтамасыз етудiң едәуiр нашарлауына әкелiп соғып отыр. 
      Республиканың фармацевтика өнеркәсiбiн жедел дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазақстан Республикасында Фармацевтика өнеркәсiбiн дамытудың тұжырымдамасы мақұлдансын. 
      2. Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсiбiн дамытудың мемлекеттiк бағдарламасын әзiрлеу жөнiндегi Ведомствоаралық комиссия екi ай мерзiм iшiнде қосымшаға сәйкес қазiргi кәсiпорындарды қайта жаңарту және дәрiлiк заттарды шығару жөнiндегi жаңа өндiрiстер мен химия-фармацевтика инфрақұрылымы объектiлерiн құру мәселелерiн пысықтайтын болсын. 
      Мүдделi министрлiктер мен ведомстволар аталған жобалардың техникалық-экономикалық негiздемелерiн жасауды қамтамасыз етсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қаржы министрлiгiмен және Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiмен бiрлесе отырып, қазiр жұмыс iстейтiн кәсiпорындарды қайта жаңарту, жаңғыртудың және фармацевтика өнеркәсiбiнiң жаңа объектiлерiн салудың әзiрленген жобаларына қажеттi қаржылық қаражаттың республикалық бюджеттен, Қазақстан Республикасының экономикасын қайта құру қорынан, Республикалық валюта қорынан, сондай-ақ мемлекеттiк қаржы кредиттерiне жыл сайын бөлiнiп отырылуын көздесiн. 
      4. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi фармацевтика өнеркәсiбiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасын жүзеге асыруға аймақтар кәсiпорындарының қатысу мүмкiндiгiн қарасын және фармацевтика өндiрiстерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайту мен оны жергiлiктi бюджет есебiнен одан әрi жетiлдiрудiң нақтылы шараларын қолдансын . 
      5. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi, Денсаулық министрлiгi, Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi дәрi-дәрмек өндiру және дәрiлiк заттарды, субстанцияларды, шикiзат пен қосымша материалдарды өзара берiп тұру саласында ТМД мемлекеттерiмен бiрлесу мәселесiн пысықтасын. 
      6. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi, Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiнiң жанындағы Шетел инвестициялары жөнiндегi ұлттық агенттiк және "Фармация" мемлекеттiк холдинг компаниясы Қазақстан Республикасының фармацевтика өнеркәсiбiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасының жобаларын жүзеге асыру үшiн ыңғайлы әрiптестердi белгiлеу жөнiнде шетелдiк фирмалармен келiссөздер жүргiзсiн. 
      7. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қаржы министрлiгi республиканың фармацевтика өнеркәсiбiн дамытудың жобаларын қаржыландыру үшiн үндiстандық кредит есебiнен 15 млн. АҚШ доллары, француз кредитi есебiнен 300 млн. франк, Израиль кредитi есебiнен 30 млн. АҚШ доллары мөлшерiнде валюталық қаражат бөлiнуiн көздесiн.<*> 
       ЕСКЕРТУ. 7-тармақ өзгертiлдi - ҚРМК-нiң 1994.01.31. N 112 қаулысымен. 
      8. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлiгi мен Ұлттық ғылым академиясы Биотехнология жөнiндегi ұлттық орталықтың құрылымы мен тақырыптарын қалыптастырған кезде республиканың фармацевтика өнеркәсiбiн ғылыми жағынан қамту мiндеттерiн шешудi көздейтiн болсын. 
      9. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi, Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгi, Денсаулық сақтау министрлiгi екi ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi фармацевтикалық химия, дәрiлер технологиясы, ген инженериясы және биотехнология саласындағы мамандарды даярлау жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн. 
      10. Денсаулық сақтау министрлiгi, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң жанындағы Стандарттау және метрология жөнiндегi бас басқарма үш ай мерзiм iшiнде фармацевтикалық өнiмдердiң сапасын бақылаудың, сертификаттау мен стандарттаудың мемлекеттiк жүйесiн дамытудың бағдарламасын әзiрлеп, республика Министрлер Кабинетiне түсiрсiн. 
      11. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi, Iшкi iстер министрлiгi және Әдiлет министрлiгi есiрткi заттар мен оның негiзiнде дайындалған дәрi-дәрмек өндiрудi, өткiзудi бақылау саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру мақсатымен Есiрткiлер жөнiндегi республикалық ведомствоаралық комитет құру жөнiнде ұсынысты қарап, оны Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзсiн.
      12. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгiнiң құрамына штаттық саны 12 адамнан тұратын және тиiстi еңбекақы қоры болатын Медицина және фармацевтика өнеркәсiбiнiң басқармасы құрылсын.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-министрi

                                       Қазақстан Республикасы
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                      1993 жылғы 18 қарашадағы
                                          N 1149 қаулысына
                                               Қосымша     

        Қазақстан Республикасы фармацевтика өнеркәсiбiнiң
            жаңадан салынатын және қайта жаңартылуға
                    жататын объектiлерiнiң
                             Тiзбесi

                             (Кесте)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады