1. Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлiгi мен Қарағанды облысы әкiмiнiң 1993 жылдан бастап Мәдениет министрлiгiне бөлiнген бюджеттiк қаржы есебiнен Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттiк консерваториясының Қарағанды қаласындағы филиалын ашу туралы Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгiмен, Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен келiсiлген ұсынысы қабылдансын.
2. Қарағанды облысының әкiмi, Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi консерватория филиалын қажеттi материалдық базамен, жабдықтармен және аспаптармен қамтамасыз ететiн болсын.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қарағанды
облысының әкiмi 1994 жылдан бастап тиiстi нормаларға сәйкес осы жоғарғы оқу орнының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту және дамыту мақсатында күрделi қаржы қарастырсын. 4. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi консерватория филиалының құрылымын, мамандықтар тiзбесiн белгiлеп, оны бiлiктi ғылыми-педагогтiк кадрлармен қамтамасыз ету үшiн көмек көрсетсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi