Мемлекет қатысатын "Монтажспецстрой" акционерлiк холдинг компаниясы туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 18 қараша 1993 ж. N 1155. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.06.13. N 736 қаулысымен.
1. 1992 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң бастамасы бойынша бұрынғы "Қазмонтажспецстрой" концернiнiң кәсiпорындары мен ұйымдары негiзiнде құрылған "Монтажспецстрой" акционерлiк холдинг компаниясын мемлекет қатысатын, аралас сипаттағы қызметi бар және мамандандырылған үлгiдегi "Монтажспецстрой" акционерлiк холдинг компаниясы етiп (бұдан былай - Компания) қайта құру орынды болады деп саналсын.
2. Компания қызметiнiң негiзгi бағыттары: Компанияның жарғысына сәйкес монтаждау өндiрiсiн дамыту, оны көп салалы ету және коммерцияландыру; iрi-iрi құрылыс бағдарламаларын жүзеге асыруға қатысу, күрделi құрылысты инвестилендiру үшiн қаржы ресурстарын шоғырландыру, контракт бойынша құрылыс салуды енгiзу, республиканың монтаждау жұмыстары мен көрсетiлетiн қызметтер, металл конструкциялары жөнiндегi мұқтажын қанағаттандыру, Компанияның кәсiпорындары өндiретiн өнiмдердi экспортқа шығаруға арналған квоталарды әзiрлеу және лицензияларды келiсiп алу, олардың сыртқы экономикалық қызметiн үйлестiру және тұрақты пайда алынуын қамтамасыз ету мiндеттерiн шешу деп анықталсын.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 1994 жылдың 15 наурызына дейiнгi мерзiмде:
Компаниямен бiрлесiп кезектi жиналыстарда Компанияның акционерлiк қоғамдарына "алтын акцияны" енгiзсiн. "Алтын акцияны" ұстаушы органның құқығын Компанияның басқармасына табыстайтын болсын;
холдинг компаниясының құрамына қосымша енгiзiлетiн акционерлiк қоғамдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн және мемлекеттiк кәсiпорындардың мүлкiн Компанияның жарғылық қорына беретiн болсын;
мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың келiсуi бойынша және Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 14 шiлдедегi N 606 қаулысына сәйкес Компанияның Байқау кеңесiне (Акционерлер кеңесi) осы органдардан мемлекет өкiлдерiнiң кандидатурасын анықтасын;
Компанияға "алтын акцияны" енгiзсiн және оның президентiне Компанияның Байқау кеңесi мен акционерлер жиналысында мемлекеттiң мүдделерiн бiлдiру ("алтын акция" атынан дауыс беру) тапсырылсын.
4. Компания "Монтажспецстрой" акционерлiк холдинг компаниясының мүлiктiк құқықтары мен мiндеттерiнiң құқылы мұрагерi болып табылады және Қазақстан Республикасының заңдары мен өзiнiң жарғысы негiзiнде iс-әрекет жасайды деп белгiленсiн.
Компанияның тұрақты орналасатын мекен-жайы Алматы қаласындағы Абай даңғылы, 10-А деп белгiленсiн.
5. "Монтажспецстрой" акционерлiк холдинг компаниясының басқармасы құрылтайшылармен бiрлесiп осы қаулыдан туындайтын қажеттi өзгерiстер мен толықтыруларды Компанияның жарғысына енгiзетiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз