1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Урология ғылыми-зерттеу институтының Қызылорда филиалы Қызылорда қалалық ауруханасы урология және нефрология бөлiмшелерi негiзiнде құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жаңа технологиялар
министрлiгi мен Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң белгiленген лимиттерi шегiнде қаржылай және материалдық ресурстар бөлуiн қарастырсын. 3. Қызылорда облысының әкiмi филиалды ұйымдастыруда мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелерiн қоса, қажеттi көмек көрсететiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi