Қазақстан Республикасының "Меншiк туралы" және "Кәсiпорындар туралы" Заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Мемлекеттiк кәсiпорынның өзiне берiлген мүлiкке шаруашылықты жүргiзу құқығымен иелiк ету тәртiбi туралы қоса берiлген Ереже бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары ведомстволық нормативтiк актiлердi осы қаулыға сәйкес келтiрсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1993 жылғы 19 қарашадағы
N 1163 қаулысымен
Бекiтiлген
Мемлекеттiк кәсiпорынның өзiне бекiтiлiп берiлген
мүлкiне шаруашылықты жүргiзу құқығымен иелiк ету
тәртiбi туралы
Ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасының "Меншiк туралы" және "Кәсiпорындар туралы" Заңдарының негiзiнде әзiрлендi және мемлекеттiк кәсiпорындарға бекiтiлiп берiлген негiзгi қорларды сатудың, айырбастаудың, уақытша пайдалануға яки қарызға берудiң мынадай тәртiбiн көздейдi:
1. Кәсiпорын өзiне қарасты негiзгi қорларды (автокөлiк, пен негiзгi табындағы барлық түлiк түрлерiнен басқасын) басқа мемлекеттiк құрылымдарға мынадай тәртiппен:
негiзгi құралдардың бiреуiнiң баланстық құны бiр мың теңгеге дейiнгiлерiн қоса алғанда - өздiгiнен;
1 мың теңгеден жоғары, бiрақ 2 мың теңгеден аспайтын мүлiктi жоғары тұрғын ұйымның рұқсатымен;
2 мың теңгеден жоғары, бiрақ 100 мың теңгеден аспайтын мүлкi - мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi аумақтық комитеттердiң рұқсатымен;
100 мың теңгеден жоғары мүлiктi - Қазақстан Республикасы Меммүлiккомының рұқсатымен сатуға, айырбастауға, уақытша пайдалануға, яки қарызға беруге құқылы.
Кейiн 1 қаңтардағы жағдай бойынша аталған лимиттердi инфляцияның жылдық индексiне байланысты жыл сайын дәлдеп отыруға жол берiледi. Мүлiктi сатудан және оның қолдан кетуiнен түскен сома кәсiпорынның қарамағында қалады және кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiне жатқызылады.
2. Мемлекеттiк мекемелер бухгалтерлiк баланстарын негiзгi құралдарды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң "Негiзгi құралдардың (қорлардың) жарамсыз болып қалған объектiлерiн есептен шығарып тастаудың тәртiбi туралы" нұсқауының 4-тармағына сәйкес шығара алады.
20 мың теңгеден асатын мүлiк есептен мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi аумақтық комитеттердiң рұқсатымен шығарылады.
3. Мемлекеттiк кәсiпорындар мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi аумақтық комитеттердiң рұқсатымен:
өз қызметкерлерiне пайдалану мерзiмi бiткен автокөлiктердi;
өз қызметкерлерiне және басқа ұйымдарға негiзгi табындағы барлық түлiк түрлерiн сата алады.
4. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелер азаматтарға мүлiктi, сондай-ақ мемлекеттiк меншiк болып табылмайтын заңды тұлғаларға мүлiктi (автокөлiктi, табындағы барлық түлiк түрлерiн қоса) сату мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi аумақтық комитеттер ұйымдастыратын аукциондар немесе коммерциялық конкурстар арқылы жүзеге асырылады. Мүлiктi сатудан түскен қаражат былайша бөлiнедi:
мемлекеттiк кәсiпорынға мүлiктi қалдық құнына сәйкес сома бөлiнедi, бұл сома оның шаруашылық қызметiнiң нәтижелерiне жатқызылады;
аукциондар ұйымдастыру мен өткiзуге жұмсалған қаражат шығарып тасталғаннан кейiн қалған сома жекешелендiруден түсетiн қаражаттың арнаулы шотына аударылады.
Мемлекеттiк кәсiпорынның өзiне бекiтiлiп берiлген мүлiкке шаруашылықты жүргiзу құқығымен иелiк ету тәртiбi туралы
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 19 қараша N 1163. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1996.01.19. N 71 қаулысымен.
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз