Қазақстан Республикасының тұтыну қоғамдары одағының (қазтұтыну одағы) сыртқы экономикалық қызметi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 22 қараша 1993 ж. N 1165. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005.11.23. N 1156 қаулысымен

      Шет елдердiң кооперация ұйымдарымен және фирмаларымен сыртқы экономикалық байланыстарды одан әрi дамыту, ауыл шаруашылық өнiмдерi мен шикiзатын өндiрушiлердi ынталандыру, село нарығын азық-түлiкпен және халық тұтынатын тауарлармен молықтыру, шаруа қожалықтары мен әлеуметтiк маңызы бар объектiлердi кешендi технологиялық жабдықтармен және тұтыну кооперациясының ұқсату өнеркәсiбiн шикiзатпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi: 
      1. Қазтұтынуодағының "Қазкоопсыртсауда" Республикалық сыртқы экономикалық байланыстар жөнiндегi бiрлестiгiне мемлекеттiк маңызы бар өнiмдер бойынша экспорт-импорт операцияларын теңдестiрiлген өзара тиiмдi негiзде жүргiзу құқығы берiлсiн. 
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi Экономика министрлiгiмен келiсiп, мемлекеттiк маңызы бар өнiмдердi экспортқа шығару квоталарын бөлген кезде Қазтұтынуодағының қажетiн ескеретiн болсын. 
      3. Қазтұтынуодағының "Қазкоопсыртсауда" Республикалық сыртқы экономикалық байланыстар жөнiндегi бiрлестiгi экспортқа шығарылатын өнiмдердiң бағасы мен өткiзу нарығын Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiмен келiсiп алатын болсын. 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады