Каспий теңiзiнiң Қазақстандық секторының мұнай мен газ беру әлеуетiн бағалау жөнiнде халықаралық консорциум құру туралы<*> Ескерту. ҚРКМ-нiң 28.04.1994 ж. N 441 қаулысын қарау қажет

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 3 желтоқсан 1993 ж. N 1215

      Шет ел капиталы мен жоғары тиiмдi технологияларды тарту, республиканы және оның аймақтарын әлеуметтiк-экономикалық дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, сондай-ақ Консорциум туралы Келiсiм шегiнде Консорциумға шет елдiк қатысушылардың құқына кепiлдiк беру негiзiнде Каспий теңiзiнiң қазақстандық секторының мұнай мен газ беру әлеуетiн бағалау Бағдарламасын нақты жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы мен "Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттiк компаниясы, "Аджип С. п. А.", "Бритиш Газ Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед", "БиПи Эксплорейшн Оперейтинг Кампани Лимитед Альянсымен" және "Ден Норске Статс Ольеселскап а. с." (бiрлесiп жұмыс iстейтiн), "Мобил Ойл Қазақстан Инк.", "Шелл Эксплорейшн Би. Ви.", "Тоталь Эксплорейшн Продакшн Қазақстан" арасындағы Консорциум туралы Келiсiм бекiтiлсiн.
      2. "Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттiк компаниясы осы Келiсiмге байланысты барлық шарттар мен келiсiмдерде Қазақстан Республикасынан өкiлдiк ететiн Консорциумның Операторы болып белгiленсiн, оған осы орайда қабылданған мiндеттерiн орындауы үшiн тиiстi өкiлеттiктер берiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi, Қаржы министрлiгi, Ұлттық банкi, Экология және биоресурстар министрлiгi, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгi, Байланыс министрлiгi, Жер қатынастар және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Өнеркәсiпте жұмыстың қауiпсiз жүргiзiлуiн қадағалау және кен қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Геодезия және картография Бас басқармасы және Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Гидрометеорология жөнiндегi Бас басқарма, Қазақстан Республикасының басқа да мүдделi министрлiктерi мен ведомстволары "Қазақстанкаспийшельф" мемлекеттiк компаниясына және Консорциумның шет елдiк қатысушыларына Келiсiмге орай өз мiндеттемелерiн жүзеге асыруы үшiн қажеттi Каспий теңiзiнiң акваториясы мен жағалау тiлкемiне байланысты рұқсаты шектеулi материалдарды белгiленген тәртiппен лицензиялау, рұқсат ету және пайдалану құқын беретiн

болсын.
     4. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi
Консорциум қызметiнiң бүкiл мерзiмiне шетелдiктердi визалармен
қамтамасыз етсiн және Каспий теңiзiмен шектес мемлекеттермен 
акватория мен шельф бойынша теңiз шекараларын белгiлеу жөнiндегi
келiсiмдердi бекiтудi жеделдететiн болсын.
     
     Қазақстан Республикасының
     Премьер-министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады