1. Қазақстан Республикасы Сыртқы экономикалық байланыстар министрлiгiнiң "Тiреу" республикалық сыртқы экономикалық бiрлестiгiнiң негiзiнде "Ұлан" мамандандырылған мемлекеттiк сыртқы сауда компаниясын ("Ұлан" МСК) құру туралы шешiмi мақұлдансын.
2. Құпия.
3. Құпия.
4. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi "Ұлан"
МСК-iнiң өтiнiмi бойынша оны қажеттi техникалық құралдармен, телефон, телекс, телефакс, соның iшiнде халықаралық байланыс арналарымен қамтамасыз ететiн болсын. 5. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi, Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары "Ұлан" МСК-iне жүктелген мiндеттердiң жүзеге асырылуына жан жақты жәрдем көрсетсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi