1. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiнiң Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгiмен келiсiлген Әл-Фараби атындағы ҚазМУ жанындағы қоғамдық ғылымдар оқытушыларының бiлiктiлiгiн арттыру институты және жалпы ғылыми пәндер оқытушыларының бiлiктiлiгiн жетiлдiру факультетiнiң негiзiнде Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетi жоғары оқу орындары оқытушыларының бiлiктiлiгiн арттыру Институтын ұйымдастыру жайлы ұсынысы қабылдансын.
2. Қазақстан Республикасы Бiлiм министрлiгi белгiленген тәртiппен Әл-Фараби атындағы ҚазМУ жанындағы Қоғамдық ғылымдар оқытушыларының бiлiктiлiгiн арттыру институтының оқу ғимараты мен жатақханасын Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетiне берсiн.
3. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк Ұлттық университетi Бiлiм министрлiгiмен жоғары оқу орындары бар республиканың басқа да министрлiктерiмен және ведомстволарымен бiрге жыл сайын осы аталған бiлiктiлiктi институтының тыңдаушылар тобын қалыптастыруды жүзеге асырсын және оның материалдық-техникалық базасын көзделген мақсатта пайдалануды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi