Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы қызметкерлер мен мамандардың бiлiктiлiгiн көтеретiн республикалық салааралық институттың мәселелерi
Күшін жойғанҚазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1993 жылғы 9 желтоқсан N 1236. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1996.01.10. N 49 қаулысымен.
1. Қазақ СССР Министрлер Советiнiң 1989 жылғы 2 наурыздағы N 81 қаулысымен (ҚазССР ҚЖ, 1989 ж., N 9, 40-бап) құрылған Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Басшы қызметкерлер мен мамандардың бiлiктiлiгiн көтеретiн республикалық салааралық институты қайтадан Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Басшы қызметкерлер мен мамандардың бiлiктiлiгiн көтеретiн республикалық салааралық институт болып аталсын.
2. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген Жоспарлау органдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру жөнiндегi республикалық курстарды Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Басшы қызметкерлер мен мамандардың бiлiктiлiгiн көтеретiн республикалық салааралық институттың құрамына беру туралы ұсынысы қабылдансын.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Жоспарлау органдары қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру жөнiндегi республикалық курстардың негiзгi қорларын, айналымдағы қаражатын, қаржы және материалдық ресурстарын Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Басшы қызметкерлер мен мамандардың бiлiктiлiгiн көтеретiн республикалық салааралық институтқа беру жөнiндегi шараларды жүзеге асырсын.
4. "Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң мәселелерi" деген Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 16 наурыздағы N 200 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 14, 169-бап) N 1 қосымшасындағы "Республикалық бiлiктiлiк көтеру курстары" деген сөздер "Басшы қызметкерлер мен мамандардың бiлiктiлiгiн көтеретiн республикалық салааралық институт" деген сөздермен алмастырылсын.
5."Қазақ ССР Министрлер Советi жанында Басшы қызметкерлер мен мамандардың бiлiктiлiгiн арттыратын республикалық салааралық институт ұйымдастыру туралы" Қазақ ССР Министрлер Советiнiң 1989 жылғы 2 наурыздағы N 81 қаулысына (ҚазССР ҚЖ, 1989 ж., N 9, 40-бап) төмендегiдей өзгерiстер енгiзiлсiн:
4-тармақтағы "институтқа" деген сөзден кейiнгi "Жоспарлау органдарының бiлiктiлiгiн көтеретiн республикалық курстарға" деген сөздер алынып тасталсын, "методикалық" деген сөз "әдiстемелiк" сөзiмен алмастырылсын және одан әрi текст бойынша;
7-тармақ мынадай редакцияда мазмұндалсын:
"7. Институт жұмысына тiкелей басшылық жасау үшiн құрамына институт дирекциясы мен Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң, Бiлiм министрлiгiнiң және басқа да мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың өкiлдерi енгiзiлген институт кеңесi ұйымдастырылсын.
Институт қызметiне жалпы басшылықты Қазақстан Республикасының Экономикалық өзгерiстерiнiң Ұлттық кеңесi жүзеге асырады".
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз