Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық жауапкершiлiкке тарту үшiн немесе үкiмдi орындау үшiн беру туралы шартты Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне бекiтуге енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 10 желтоқсан 1993 ж. N 1238


     Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
     Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасында 1993 жылы 22
қазанда қол қойылған Қылмыс жасаған адамдарды қылмыстық
жауапкершiлiкке тарту үшiн немесе үкiмдi орындау үшiн беру туралы
шарт Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне бекiтуге 
енгiзiлсiн.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-министрi

        Қазақстан Республикасы мен Монғолия арасындағы қылмыс 
        жасаған адамдарды қылмыстық жауапқа тарту үшiн немесе 
                үкiмдi орындау үшiн ұстап беру туралы 
                             Шарт
     


      Бұдан әрi Уағдаласушы Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Монғолия, егемендiктi құрметтеу және өзара сыйластық негiзiнде құқылық қатынастар саласындағы ынтымақтастықты дамыту тiлегiн басшылыққа ала отырып, мыналарға уағдаласты:

                            1-бап
                    Ұстап беру мiндетi

      Уағдаласушы Тараптар осы Шарттың ережелерiне сәйкес бiр-бiрiне өз аумағындағы адамдарды қылмыстық жауапқа тарту үшiн немесе заңды күшiне енген үкiмдi орындау үшiн өтiнiш бойынша ұстап беруге мiндеттенедi.

                              2-бап
                 Ұстап беруге әкеп соғатын қылмыстар

      Ұстап беру екi Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес қылмыс болып табылатын және жасалған жағдайда бiр жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза немесе басқа да неғұрлым ауыр жаза қолдану көзделетiн әрекеттер үшiн жасалады. Заңды күшiне енген үкiмдер бойынша үкiмдi орындау үшiн ұстап беру осындай қылмыстарды iстегенi үшiн бiр жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыруға немесе басқа да неғұрлым ауыр жазаға сотталған жағдайда жүзеге асырылады.

                              3-бап
                    Ұстап беруден бас тарту
      Егер:
      1) ұстап беру туралы өтiнiш жiберiлген адам сұрау салынып отырған Уағдаласушы Тараптың азаматы немесе осы мемлекеттiк паналауға құқық берiлген адам болса;
      2) қылмыстық қудалау екi Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес зардап шегушiнiң жеке шағымы бойынша ғана қозғалса;
      3) өтiнiш алынған кезде қылмыстық қудалау сұрау салынып отырған Уағдаласушы Тараптың заңдарына сәйкес қозғалуға мүмкiн болмаса немесе үкiмдi мерзiмi өтiп кетуi салдарынан немесе өзге де заңды негiздер бойынша орындау мүмкiн болмаса;
      4) сұрау салынып отырған Уағдаласушы Тарап аумағында ұстап беру туралы өтiнiш жiберiлген адамдар жөнiнде жасаған қылмысы үшiн iс жүргiзудi қысқарту туралы заңды күшiне енген үкiм немесе қаулы шығарылса, ұстап беруге болады.
      Егер ұстап беру туралы өтiнiш жiберiлген қылмыс толық немесе iшiнара сұрау салынып отырған Уағдаласушы Тарап аумағында жасалса, ұстап беруден бас тартылуы мүмкiн.
      Ұстап беруден бас тартылған жағдайда сұрау салынып отырған Тарап сұраушы Тарапқа бас тартудың негiздемесiн хабарлайды.

                              4-бап
                    Ұстап берудi кейiнге қалдыру

      Егер ұстап беру туралы өтiнiш жiберiлген адам қылмыстық жауапқа тартылған болса немесе сұрау салынып отырған Уағдаласушы Тараптың аумағында жасалған басқа бiр қылмысы үшiн жазасын өтеп жүрген болса, оны ұстап беру қылмыстық қудалау бiткенге, жазасын өтегенге немесе кез келген заңды негiз бойынша босатылғанға дейiн кейiнге қалдырылуы мүмкiн.

                              5-бап
                      Уақытша ұстап беру

      Егер осы Шарттың 4-бабында көзделген ұстап беру мерзiмiнiң кейiнге қалдырылуы қылмыстық қудалау мерзiмi ұзақтығының өтiп кетуiне әкеп соғуы немесе қылмыстың тергелуiн шындап қозғауы мүмкiн болса, негiзделген өтiнiш бойынша, ұстап берiлген адам ол ұстап берiлген iс жүргiзу әрекеттерi жүргiзiлгеннен кейiн және

ұстап берiлген күнiнен үш айдан кешiктiрмей қайтарылған жағдайда
оның уақытша ұстап берiлуi мүмкiн.

                             6-бап
         Бiрнеше мемлекеттiң өтiнiшi бойынша ұстап беру
     
     Егер белгiлi бiр адамды ұстап беру туралы өтiнiш бiрнеше 
мемлекеттен алынса, олардың қайсысы қанағаттандырылуға тиiс
екенi туралы мәселенi сұрау салынып отырған Уағдаласушы Тарап
шешедi.
  
                             7-бап
                   Ұстап берiлген адамды қылмыстық 
                        жазалау шектерi
     


      Ұстап берiлген адамды сұрау салынып отырған Уағдаласушы Тараптың келiсуiнсiз оны ұстап беруге негiз болғанынан өзге қылмыстарға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға немесе оған жаза қолдануға болмайды.

     Сұрау салынып отырған Уағдаласушы келiсiмiнсiз, адамды
үшiншi мемлекетке де беруге болмайды.
     Егер ұстап берiлген адам қылмыстық қудалау аяқталып, жазасын
өтеген соң немесе кез келген заңды негiз бойынша босатылғаннан кейiн
сұраушы Уағдаласушы Тараптың аумағынан 15 күн iшiнде кетпесе немесе
егер ол одан кеткеннен кейiн оған өз еркiмен қайтып оралса, сұрау
салынып отырған Уағдаласушы Тараптың келiсiмi талап етiлмейдi. Бұл
мерзiмге ұстап берiлген адам сұраушы Тараптың аумағынан өзiне 
байланысты емес мән-жайлар бойынша кете алмаған уақыт есептелмейдi.

                             8-бап
                   Ұстап беру туралы өтiнiш 
     
     Ұстап беру туралы өтiнiш жазбаша түрде жасалып, онда:
     1) сұраушы мекеменiң атауы;
     2) сұраушы Уағдаласушы Тараптың iстелген әрекеттi қылмыс деп 
тануға негiз болған заңының тексi;


      3) ұстап беру туралы өтiнiш жiберiлген аты-жөнi, оның азаматтығы, тұрақтылықты жерi немесе жүрген жерi туралы мәлiметтер және оның өз басы туралы басқа да мәлiметтер, сондай-ақ мүмкiндiк болса, сол адамның сырт пiшiнiнiң сипаттамасы, оның фотосуретi мен саусақтарының iзi;
      4) келтiрiлген материалдық нұсқаның мөлшерi туралы көрсеткiш болуға тиiс.
      Қылмыстық қудалауды жүзеге асыру үшiн ұстап беру туралы өтiнiшке iстiң нақты мән-жайы суреттелiп, заң жүзiнде бағалануымен қоса, қамауға алу туралы қаулының түпнұсқалық көшiрмесi тiркелуге тиiс.
      Үкiмдi орындау үшiн ұстап беру туралы өтiнiшке үкiмнiң заңды күшiне енуi жөнiндегi анықтаманың куәландырылған көшiрмесi мен адамның сотталуына негiз болған қылмыстық заңның тексi қоса тiркелуге тиiс. Егер сотталған адам жазасын өтеп үлгiрген болса, бұл туралы деректер де хабарланады.

                              9-бап
                    Ұстап беру үшiн қамауға алу

      Ұстап беру туралы өтiнiш алынысымен сұрау салынып отырған Уағдаласушы Тарап ұстап беру туралы өтiнiш жолданған адамды қамауға алу жөнiнде дереу шаралар қолданады, бұған осы Шарттың ережелерiне сәйкес ұстап беруге жол берiлмейтiн реттер енбейдi.

                              10-бап
                       Қосымша мәлiметтер

      Егер ұстап беру туралы өтiнiште осы Шарттың 8-бабында аталған қажеттi деректер болмаса, сұрау салынып отырған Уағдаласушы Тарап қосымша мәлiметтер талап ете алады. Сұраушы Уағдаласушы Тарап бұл өтiнiшке бiр айдан аспайтын мерзiмде жауап қайтаруға тиiс; дәлелдi себептер болған жағдайда бұл мерзiм 15 күнге ұзартылуы мүмкiн.
      Егер сұраушы Уағдаласушы Тарап қосымша мәлiметтердi белгiленген мерзiмде табыс етпесе, сұрау салынып отырған Уағдаласушы Тарап қамауға алынған адамды осы Шарттың 9-бабына сәйкес босата алады.

                              11-бап
                    Ұстап берудi жүзеге асыру

      Сұрау салынып отырған Уағдаласушы Тарап өзiнiң ұстап беру жөнiндегi шешiмi туралы сұраушы Уағдаласушы Тарапқа ұстап беру туралы өтiнiш алынған кезден бастап 15 күн iшiнде хабарлап, беретiн жерi мен уақытын көрсетедi.
      Егер сұраушы Уағдаласушы Тарап ұстап берiлуге тиiстi адамды белгiленген беру мерзiмiнен кейiн 15 күн iшiнде қабылдамаса, бұл адам қамаудан босатылуға тиiс. Сұраушы Уағдаласушы Тараптың өтiнiш бойынша белгiленген мерзiмнiң ұзартылуы мүмкiн, бiрақ 15 күннен астам мерзiмге ұзартылмайды.

                              12-бап

                     Қайтадан ұстап беру
     
     Егер ұстап берiлген адам қылмыстық қудалаудан немесе жазасын
өтеуден жалтарып, сұрау салынып отырған Уағдаласушы Тараптың 
аумағына қайтып оралса, сұраушы Уағдаласушы Тараптың өтiнiшi 
бойынша оның қайтадан ұстап берiлуi мүмкiн. Бұл жағдайда өтiнiшке
осы Шарттың 8-бабында көрсетiлген құжаттарды қоса тiркеу талап
етiлмейдi.

                             13-бап
                   Заттар мен құжаттарды беру
     


      Ұстап беру туралы сұрау салынып отырған Уағдаласушы Тарап iске қатынасы бар құжаттарды, қылмыс құралы болып табылатын, осы Шарттың 2-бабына сәйкес берiлуге әкеп соғатын заттарды, сондай-ақ қылмыстық iзi қалған немесе қылмысты жолмен алынған заттарды сұраушы Уағдаласушы Тарапқа бередi. Бұл заттар мен құжаттар өтiнiш бойынша және адамды оның қайтыс болуы салдарынан немесе басқа себептермен ұстап беруге болмайтын ретте берiледi.
      Егер осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған заттар мен құжаттар өзiне басқа бiр қылмысты iс жүргiзу үшiн қажет болса, сұрау салынып отырған уағдаласушы Тарап олардың берiлуiн уақытша кiдiртуi мүмкiн.
      Сұраушы Уағдаласушы Тараптың берiлген заттары мен құжаттарына үшiншi жақтың құқығы күшiн сақтап қалады. Iс жүргiзу аяқталғаннан кейiн бұл заттар, құжаттар оларды берген Уағдаласушы Тарапқа қайтарылуға тиiс.

                              14-бап
                       Транзиттiк өткiзу

      Уағдаласушы Тараптардың әрқайсысы екiншi Уағдаласушы Тараптың өтiнiшi бойынша екiншi бiр Уағдаласушы Тарапқа ұстап берiлген адамды үшiншi мемлекетке өз жерi арқылы алып өтуге рұқсат етедi. Уағдаласушы Тараптар ұстап беруге осы Шарттың ережелерiне сәйкес жол берiлмейтiн адамдарды өткiзуге рұқсат етуге мiндеттi емес.

     Өткiзуге рұқсат ету туралы өтiнiш ұстап беру туралы өтiнiш
сияқты тәртiппен ресiмделiп, жiберiледi.
     Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi мекемелерi әрбiр жеке
жағдайда транзиттiң әдiсi, маршруты және өзге де ережелерi жөнiнде
келiсiп алады.
     Транзиттiк өткiзуге байланысты шығындарды сұраушы Уағдаласушы
Тарап көтередi.

                             15-бап
                    Қарым-қатынас тәртiбi
     


      Адамдарды ұстап беру туралы өтiнiш жасаған кезде Уағдаласушы Тараптардың соттары мен басқа да құзыреттi мекемелерi бiрiмен бiрi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi мен Бас прокуратурасы және Монғолияның Әдiлет министрлiгi мен Бас прокуратурасы арқылы қарым-қатынас жасайды.
      Дипломатиялық арналар арқылы да байланыс жасалуы мүмкiн.

                              16-бап
                    Құжаттардың тiлi мен ресiмделуi

      Уағдаласушы Тараптардың мекемелерi осы Шартта қозғалып отырған барлық мәселелер бойынша өзара қарым-қатынас жасаған кезде Тараптардың мемлекеттiк тiлдерiн пайдаланады.
      Уағдаласушы Тараптардың құзыреттi мекемелерi мемлекеттiк тiлде

жазып жiберетiн құжаттар орыс тiлiне аударылуға, құзыреттi адамның
қолы қойылып, мөрмен куәландырылуға тиiс.

                             17-бап
                          Дауларды шешу
     
     Уағдаласушы Тараптар осы Шарттың түсiндiрiлу немесе орындалу
мәселелерi жөнiнде туындайтын дауларды осы Шарттың 15-бабының
бiрiншi бөлiгiнде аталған тиiстi органдар арасындағы консультациялар
арқылы не дипломатиялық арналар арқылы шешедi.

                             18-бап
                   Өзгерiстер мен толықтырулар
     
     Осы Шартқа өзгерiстер мен толықтырулар Уағдаласушы Тараптар
арасындағы өзара келiсiм бойынша енгiзiледi және әрбiр Уағдаласушы
Тараптың ұлттық заңдарына сәйкес заңдық ресiмдер орындалғаннан
кейiн күшiне енедi.

                             19-бап
                     Шарттың күшiне енуi
     
     Осы Шарт Тараптар өздерiнiң ұлттық заңдарында көзделген
барлық заңдық ресiмдердi орындап, дипломатиялық арналар арқылы
өзара жазбаша хабар алысқаннан кейiн, соңғы хабар алынғаннан кейiнгi
30-күнi күшiне енедi.

                             20-бап
                   Шарттың қолданылуын тоқтату
     


      Бұл Шарттың мерзiмi жоқ және ол Уағдаласушы Тараптардың

кез келгенi оның қолданылуын тоқтату туралы дипломатиялық арналар
арқылы жазбаша хабар жiбергеннен кейiн алты ай өткен соң өзiнiң
қолданылуын тоқтатады.
     1993 жылғы 22 қазанда Улаанбатор қаласында қазақ, монғол
және орыс тiлдерiнде, әрқайсысы екi данадан жасалды, бұл орайды
барлық текстiң күшi бiрдей.
     Осы Шартты түсiндiруде пiкiр алалығы туған жағдайда 
Уағдаласушы Тараптар орыс тiлiндегi текстi ұстанады.

            Қазақстан                        Монғолия
        Республикасы үшiн                      үшiн
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады