Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Ұлттық валютаны енгiзу жағдайында бағаның өсуiн шектеу жөнiндегi төтенше шаралар туралы" 1993 жылғы 12 қарашадағы N 1121 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгiзу туралы Ескерту. 1-шi тармақтың 10-12-абзацтарының күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1994.04.28. N 445 қаулысымен. Ескерту. 1-шi тармақтың 5-абзацының күшi жойылған - ҚРМК-нiң 1995.09.26. N 1283 қаулысымен.

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң қаулысы 28 желтоқсан 1993 ж. N 1302. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      (Үзiндi) 

      2. Былай деп белгiленсiн: 
      1994 жылы халыққа мемлекеттiк ресурстардан бөлiнген астықтан өндiрiлетiн нан және нан-тоқаш тағамдары, тары, ұнтақ жарма, пiсiрiлген нан орнына өткiзiлетiн ұн және "Ақ қауырсын" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына, "Асыл" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына, "Живпром" мемлекеттiк акционерлiк компаниясына, Қазақ ауыл шаруашылық ғылымдары академиясына, сондай-ақ халыққа мемлекеттiк ресурстардан босатылатын құрамажем Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлеген мемлекеттiк реттелетiн бағалармен сатылады; 
      1994 жылдың 5 қаңтарынан меншiктiң барлық нысандарындағы шаруашылық жүргiзушi субъектiлер азық-түлiк тауарлары мен кiр сабынды (осы қаулының 2-тармағының бiрiншi абзацында көрсетiлген өнiмнен басқасын) Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Сауда және жабдықтау-өткiзу ұйымдары бойынша сауда үстемелерiнiң мөлшерлерi мен рентабельдiлiктiң шектi деңгейлерi туралы" 1992 жылғы 2 қыркүйектегi N 735 және "Ұлттық валютаны енгiзу жағдайында бағаның өсуiн шектеу жөнiндегi төтенше шаралар туралы" 1993 жылғы 12 қарашадағы N 1121 қаулыларымен бекiтiлген рентабельдiлiктiң шектi деңгейлерiн ескере отырып қойылатын еркiн (нарықты) бағалармен өткiзедi. Кәсiпорындарда, ұйымдарда және басқа да шаруашылық жүргiзушi субъектiлерде 1994 жылдың 5 қаңтарындағы жағдай бойынша осы тауарлар қалдығын түгендеп, қайта бағалау жүргiзiлсiн және жете бағалаудың сомасы олардың өз айналым қаржысын толықтыруға жiберiледi.
     (3-тармақ)<*>
       Ескерту. 3-тармақтың күшi жойылған - ҚРКМ 19 қазан 1994 ж. N 1171 қаулысымен.        

      Қазақстан Республикасының 
     Премьер-министрi

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады