1. Қазақстан Республикасының Үкiметi және Халықаралық Қайта жаңарту мен Даму Банкi арасындағы қалпына келтiру займы бойынша 180 млн. АҚШ доллары сомасына 1993 жылғы 15 қазандағы N 3649 KZ Келiсiмдi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң бекiткенi еске алынсын.
2. Алдын ала белгiленген дiлгерлiк импорт үшiн 86 млн. АҚШ доллары сомасында қаражат бөлу қосымшаға сәйкес бекітiлсiн.
Қалпына келтiру займы қаражатының түсуi мен пайдаланылуы республикалық бюджет арқылы жүзеге асырылатын болып белгiленсiн. Бөлiнген қаражаттың мақсатты және тиiмдi пайдаланылуы, сондай-ақ оларды дер кезiнде өтеу жауапкершiлiгi қалпына келтiру займы шегiнде мұқтаждарына валюта қаражаты бөлiнген Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен ведомстволарының бiрiншi басшыларына жүктеледi.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
мүдделi министрлiктермен және ведомстволармен бiрлесiп, он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне займ қаражатын қайтару тетiгi жөнiнде ұсыныс енгiзсiн;
осы займды өтеу кестесiне сәйкес 1994 жылдан бастап жыл сайынғы бюджет жобаларында проценттер төлеуге, ал 1991 жылдан - проценттер мен негiзгi қарызды қайтаруға қажеттi қаражат көзделсiн;
1994 жылдан бастап жыл сайын бюджет жобаларында осы займ қаражатының пайдаланылуын тексеретiн халықаралық тәуелсiз аудиторлық фирманың қызметiне ақы төлеуге қажеттi қаражат көзделсiн.
94 миллион АҚШ доллары сомасындағы осы займның валюта бөлiгiн пайдалану тәртiбi туралы он күн мерзiмде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен келiсiм жасассын;
кеден декларацияларын, 1993 жылғы 1 маусымнан 22 желтоқсанға дейiнгi кезеңдегi басқа да қосымша құжаттарды жинауды және ай сайын оларды есеп берiлетiн айдан кейiнгi келесi айдың 15-не дейiн қалпына келтiру займы жөнiндегi Келiсiм шарттарына сәйкес валюта бөлiгiн iске асыру үшiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шет ел инвестициялары жөнiндегi Ұлттық агенттiкке тапсыруды қамтамасыз етсiн.
4. Техникалық көмек займын iске асыруға қатысушы министрлiктер мен ведомстволар есептi айдан кейiнгi келесi айдың 10-на дейiнгi мерзiм займ қаражатының пайдаланылу барысы туралы Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шет ел инвестициялары жөнiндегi Ұлттық агенттiкке тоқсан сайын есеп берiп отырсын.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi ай сайын Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы Шет ел инвестициялары жөнiндегi Ұлттық агенттiкке валюта биржасындағы (коммерциялық банктерге валюта аукциондарында валюта сату мөлшерiн қоса) валюталық артықшылықтардың жалпы сомасы туралы әр айдың 15-не дейiн ақпарат берiп отырсын.
6. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi жанындағы
Шет ел инвестициялары жөнiндегi Ұлттық агенттiк: Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне мемлекеттiң сыртқы қарызын жиынтықтап есептеу үшiн алдын-ала белгiленген дiлгерлiк импорт жөнiндегi займ бөлiктерiнiң пайдаланылу барысы туралы тоқсан сайын ақпарат берiп отырсын; займ қаражатын пайдалану есебiн жүргiзсiн, сондай-ақ осы мәселе бойынша Халықаралық Қайта жаңарту мен Даму Банкiне есеп берiп отырсын. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 4 қаңтардағы N 18 қаулысына қосымша ҚАЛПЫНА КЕЛТIРУ ЗАЙМЫ Жауапты ұйымдар бойынша стандартты импорт бөлiгiн бөлу ------------------------------------------------------------------- Жауапты ұйымдар | Мақсаты |АҚШ | |долларындағы | | құны -------------------------------------------------------------------- Энергетика және отын Энергетика ресурстары министрлiгi "Мұнайгаз" компаниясы Өзен кен орнында мұнай өндiруге "Өзенмұнай" МГӨБ арналған босалқы бөлшектер мен 30 пайдалану жабдықтары Ауыл шаруашылығы Ауыл шаруашылығы министрлiгi "Құнарлылық" компаниясы Өсiмдiктердi аурудан қорғайтын 30,8 химикаттар "Қазмалдәржабдық" РБ Мал дәрiгерлiк көмек көрсетуге арналған дәрi-дәрмектер 8,2 Тамақ өнеркәсiбi "Кең дала" компаниясы Орағыш материалдар 2 "Тағам" компаниясы Тамақ шикiзаты 6 Көлiк министрлiгi Көлiк "Рама" АҚ Көлiк құралдарының қолдағы парктерiн қамтамасыз етуге 4 арналған материалдар мен босалқы бөлшектер Денсаулық сақтау Денсаулық сақтау министрлiгi "Фармация" компаниясы Дәрi-дәрмек пен вакциналар, дәрi-дәрмек өндiруге арналған 4 шикiзат "Медтехника" АҚ Медициналық жабдықтар 1