ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАЙЛАНЫС МИНИСТРЛIГI ЖАНЫНДА ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ ЖӨНIНДЕГI ВЕДОМСТВОАРАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТIК КОМИССИЯ ҚҰРУ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 7 қаңтар N 37. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1994.12.15. N 1412. қаулысымен.

      Республиканың бiрегей автоматтандырылған телекоммуникациялық торабын дамытуды жүзеге асыру жұмыстарын реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi жанынан телекоммуникация саласындағы мемлекеттiк саясатты жүзеге асыруға және телекоммуникация құралдары мен тораптарын стандарттау саласында Қазақстан Республикасының мүддесiн халықаралық-құқықтық тұрғыдан қорғауды қамтамасыз етуге негiзделген Телекоммуникация жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi жанындағы Телекоммуникация жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның жұмыс аппаратының саны 5 адам болып, еңбекақы төлеу қоры Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi жанында Радиожиiлiк жөнiндегi мемлекеттiк комиссия құру туралы" 1992 жылғы 16 қазандағы N 875 қаулысында Радиожиiлiк жөнiндегi мемлекеттiк комиссияның жұмыс аппараты үшiн бекiтiлген көлемде белгiленсiн.
      Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi жанындағы Телекоммуникация жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның аппараты қызметкерлерi үшiн Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының орталық аппараты қызметкерлерiнiң лауазымдық жалақылары бекiтiлген Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 27 қазандағы N 1068 қаулысы (N 2 кесте) қолданылсын.
      3. Осыған қосылған Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi жанындағы Телекоммуникация жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия туралы Ереже бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының


     Премьер-министр
                                      Қазақстан  Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 7 қаңтардағы N 37 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН


                Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi
            жанындағы Телекоммуникация жөнiндегi ведомствоаралық
                        мемлекеттiк комиссиясы туралы
                                   ЕРЕЖЕ

      1. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi жанындағы Телекоммуникация жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссия Қазақстан Республикасының өзара байланысқан телекоммуникациялық тораптарын, мемлекеттiк және басқа да байланыс тораптарын дамыту мен жетiлдiру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiрушi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органы болып табылады <*> .
      Ескерту. <*> Мұнан әрi тексте-Телекоммуникация жөнiндегi комиссия.
      2. Телекоммуникация жөнiндегi мемлекеттiк комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын және Заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң қаулылары мен өкiмдерiн, Қазақстан Республикасы Премьер-министрiнiң өкiмдерiн, сондай-ақ осы Ереже мен Қазақстан Республикасы Байланыс министрлiгiнiң нормативтiк актiлерiн басшылыққа алады.
      3. Телекоммуникация жөнiндегi комиссияның негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады:
      телекоммуникациялық тораптардың дамуын, жетiлдiрiлуiн және экономикалық құрылысын үйлестiруді жүзеге асыру және олардың жұмысының сенiмдiлiгi мен тұрақтылығын арттыру;
      телекоммуникация тораптарын дамыту мен жетiлдiру жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламалардың орындалуын ұйымдастыру, сондай-ақ салааралық бағдарламаларды жүзеге асыру жөнiндегi жұмыстарды үйлестiру;
      жұмыс жасап жатқан және жаңадан құрылатын байланыс тораптарының өзара iс-шаралары жөнiндегi ұйымдық-техникалық шараларды қамтамасыз ету;
      байланыстың техникалық құралдарын әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру және орталықтандырылған басқару мүмкiндiгi бар телекоммуникациялық тораптар құрылысы.
      4. Телекоммуникация жөнiндегi комиссия:
      республика телекоммуникация тораптарының негiзгi даму бағыттарын, олардың құрылысы мен жұмыс iстеу принциптерiн айқындайды, сондай-ақ бұл мәселелер жөнiнде нормативтiк актiлер қабылдайды;
      Қазақстан Республикасында байланысты дамытудың мақсатты мемлекеттiк бағдарламаларының жобасын әзiрлеудi үйлестiредi;
      әзiрленiп жатқан салалық, аумақтық, ведомстволық байланыс тораптарының мақсатты жобалары мен негiзгi бағыттарына сараптама жасайды;
      байланыс тораптарын жобалауға және олардың құрылысына арналған тапсырмаларды, сондай-ақ шарт негiзiнде телекоммуникация тораптарындағы бос орындарды пайдалануға келiсiп отырады;
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi, Iшкi iстер министрлiгi байланыс тораптарын жобалау мен құрылысына тапсырмаларды тек олардың телекоммуникациялық тораптарымен өзара байланыс бөлiмi бойынша ұсынады;
      телекоммуникация тораптарын пайдаланушылармен пайдалану-техникалық басқару бойынша өзара қарым-қатынас мәселелерiн келiседi.
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне телекоммуникация техникалық құралдарын әзiрлеу, өндiру және шетелден сатып алу мәселелерi бойынша енгiзiлетiн ұсыныстарға қорытынды дайындайды, оларды жасауға байланысты ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстардың техникалық тапсырмаларын келiсiп отырады, байланыс тораптарында пайдалану үшiн телекоммуникацияның жаңа техникаларын қабылдау үшiн ведомствоаралық комиссия жұмысына қатысады;
      байланыс пен қызмет түрлерiн болашақта жаңаша дамыту саласында техникалық саясат қалыптастыру жөнiндегi зерттеу жүргiзе жұмыстарын үйлестiредi;
      байланыс тораптарының каналдары мен желiлерiндегi жабдықтар атауларының тiзбесiн және қолдану мен ұстануға тиiстi бiрегей техникалық нормаларды бекiтедi;
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетпен бiрлесе отырып стандарттаудың кешендi бағдарламалары мен байланыс тораптарының мемлекеттiк стандарттарына ведомстводан тыс бейтарап сараптама жүргiзуге қатынасады; келiсiлген номенклатураға сәйкес телекоммуникация құрал-жабдықтарының сертификациялық сынақ нәтижелерiн қарап, тораптарда пайдаланылатын аппараттармен байланыс кабельдерiнiң әлемдiк деңгейге сәйкестiгiне баға бередi;
      тапсырыс берушiнiң өкiлi қабылдауға тиiстi телекоммуникацияның негiзгi жабдықтары мен оны жасауға байланысты маңызды ғылыми-зерттеу, тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстар тiзбесiн келiседi;
      ақпараттарды қорғау құралдары мен байланыс тораптары техникалық құралдарының тоғысу мәселелерiн үйлестiредi;
      Халықаралық электр байланысы одағының жұмыстарына қатынасу жөнiндегi мемлекеттiк ұйымдардың iс-шараларын үйлестiредi, осы Одақ ұйымдастыратын конференцияларға, жиналыстарға қатынасады, телекоммуникация тораптарының параметрлерiн және техникалық құралдарын пайдалану мен стандарттау мәселелерi жөнiндегi Халықаралық электр байланысы ұйымының алдына қою үшiн дайындалатын ұсыныстарды қарастырады.
      5. Телекоммуникация жөнiндегi комиссияның мыналарға құқығы бар:
      мемлекеттiк органдар мен бiрлестiктерден комиссия құзырына кiретiн қажеттi ақпараттар бойынша сұраныс жасауға;
      Комиссия мүшелерiнiң мәжiлiстерiнде оның құрамына кiрмейтiн министрлiктер мен ведомстволардың жауапты өкiлдерiн тыңдауға;
      байланыс тораптарының дамуы мен жұмыс жасауында белгiленген тәртiптердiң сақталуын тексеру үшiн Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволарының жауапты қызметкерлерiн тарта отырып уақытша комиссия құруға;
      техникалық сараптау жұмыстарына, кеңес алу үшiн, сондай-ақ комиссия жұмысына қатынасы бар басқа да мәселелердi шешу мақсатымен ғылыми-зерттеу мекемелерiн және оқу орындарын шарт жасасу негiзiнде жұмысқа тартуға;
      комиссия қызметiндегi маңызды мәселелер бойынша мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың келiсiмiмен тұрақты немесе уақытша негiздегi секциялар құруға.
      6. Телекоммуникация жөнiндегi комиссияның өз құзыры шегiнде қабылдаған шешiмдерi барлық мемлекеттiк органдар, кәсiпорындар, ұйымдар мен мекемелер, сондай-ақ меншiк нысандары мен ведомстволық бағыныштылығына қарамастан барлық заңды тұлғалар мен жеке азаматтарға оның iшiнде шетелдiктерге мiндеттi болып табылады.
      7. Қазақстан Республикасының Телекоммуникация жөнiндегi ведомствоаралық мемлекеттiк комиссияның комиссия төрағасы - Қазақстан Республикасының Байланыс министрi басқарады. Комиссия құрамына комиссия төрағасының орынбасары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Ұлттық Қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Өнеркәсiп министрлiгiнiң, Көлiк министрлiгiнiң, Энергетика және отын ресурстары министрлiгiнiң, Экономика министрлiгiнiң, Қаржы министрлiгiнiң, Ғылым және жаңа технологиялар министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитеттiң, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы "Қазақстан" телерадио хабарын тарату компаниясының және Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының басшы қызметкерлерi кiредi.
      Телекоммуникация жөнiндегi комиссия шешiмiмен оның құрамына Қазақстан Республикасының басқа да басқару органдарының өкiлдерi, сондай-ақ телекоммуникация жабдықтарын жобалайтын және пайдаланатын кәсiпорындар мен мекемелердiң басшылары (олардың орынбасарлары) кiруi мүмкiн.
      8. Телекоммуникация жөнiндегi комиссия төрағасының орынбасарын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайды. Комиссия мүшелерiн оның құрамына кiретiн мекемелер ұсынысы бойынша комиссия төрағасы бекiтедi.
      Телекоммуникация жөнiндегi комиссияның өзiне жүктелген мiндеттердi атқаратын жұмыс аппараты болады, оның санын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi.
      9. Телекоммуникация жөнiндегi комиссия мәжiлiсiне комиссия мүшелерiнiң жартысынан көбi қатысқанда ғана құқықты деп саналады. Комиссия шешiмi ашық дауыс беру арқылы қабылданады және ол мәжiлiске қатысушылардың жартысынан көбi дауыс берген жағдайда ғана шешiм қабылданады деп саналады. Дауыс берушi комиссия мүшелерiнiң саны тең болған жағдайда комиссия төрағасының даусы шешушi болып табылады.
      Комиссия мәжiлiсi екi айда бiр рет өткiзiледi.
      10. Қазақстан Республикасының Телекоммуникация жөнiндегi ведомствоаралық комиссия төрағасы:
      - комиссия жұмысын басқарады және оған жүктелген мiндеттердiң орындалуына жауап бередi;
      - белгiленген шекте қызметкерлер санын, еңбек ақы қорын және комиссияның аппарат құрамын бекiтедi;
      - комиссия аппаратының лауазымдарына қызметкерлердi тағайындайды және жұмыстан босатады.
      11. Телекоммуникация жөнiндегi комиссия қызметiн қаржыландыру республика бюджетiнде қарастырылған мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға жұмсалатын қаржы есебiнен жүзеге асырылады. Комиссия аппараты қызметкерлерiн қаржылық, әкiмшiлiк-шаруашылық, көлiктiк және медициналық қызметпен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi тарапынан жүзеге асырылады.
      12. Телекоммуникация жөнiндегi комиссияның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк елтаңбасы бейнеленген қазақ және орыс тiлдерiнде өз аты жазылған мөрi болады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады