ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТI ЖАНЫНДАҒЫ "ҚАЗАҚКИНО" МЕМЛЕКЕТТIК КИНОКОМПАНИЯСЫ ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 7 қаңтар N 40. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996.06.18. N 749 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақ мемлекеттiк кинобейнефильмдер шығару, жалға беру және көрсету жөнiндегi концерндi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы "Қазақкино" мемлекеттiк компаниясы ("Қазақкино" мемкомпаниясы) етiп қайта құру туралы" 1993 жылғы 3 қыркүйектегi N 1343 Жарлығын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы "Қазақкино" мемлекеттiк кинокомпаниясы ("Қазақкино" мемкинокомпаниясы) Қазақстан Республикасының кинематография саласында мемлекеттiк саясатты жүзеге асыратын орталық мемлекеттiк басқару органы болып табылады деп белгiленсiн.
      2. "Қазақкино" мемкинокомпаниясына:
      ұлттық кинематографияны дамытудың негiзгi бағыттарын, перспективалық және ағымдағы бағдарламаларын әзiрлеп, жүзеге асыру;
      жергiлiктi әкiмдермен келiсiм бойынша облыстық, Алматы және Ленинск қалалық кинобейне қызметiн көрсету жөнiндегi басқармаларды құру және олардың басшыларын тағайындау; кинематография объектiлерiн аймақтық орналастыру мен дамыту мәселелерiн шешу;
      мемлекеттiк органдарда халықаралық байланыстарда ұлттық кинематографияның мүдделерiн бiлдiру осы салада шарттар мен келiсiмдер жасасу, халықаралық кинофестивальдар өткiзу;
      өз қарамағындағы кинобейне кәсiпорындары қызметiнiң құқықтық, ұйымдық-әдiстемелiк және экономикалық негiздерiн анықтау, олардың қаржы-шаруашылық қызметiн бақылап, талдау жасау;
      кадрларды орналастыру, даярлау және қайта даярлау, соның iшiнде шетелдерде даярлау жүктелсiн.
      3. "Қазақкино" мемкинокомпаниясының орталық аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындар мемлекеттiк басқару органдарын ұстауға жұмсалатын республикалық бюджетте көзделген қаражат есебiнен, ал кинематографияның жергiлiктi органдарын ұстауға - тиiстi облыстық, қалалық, аудандық бюджеттер қаражаты есебiнен қаржыландырылады.
      4. Барлық жанрдағы кинобейнефильмдердiң таңдаулы жобаларын iрiктеп алу үшiн "Қазақкино" мемкинокомпаниясының жанынан кинематографияның жетекшi шығармашылық қызметкерлерi мен көрнектi мәдениет қайраткерлерi арасынан конкурс комиссиясын құру орынды деп танылсын.
      5. "Қазақкино" мемкинокомпаниясын Төраға басқарады, ол құқықтары мен мiндеттерi, материалдық-тұрмыстық, медициналық және көлiк қызметi жағынан министрлiктiң басшысына, ал Төраға орынбасарларының лауазымы республика министрi орынбасарларының лауазымына теңестiрiледi.
      6. "Қазақкино" мемкинокомпаниясының орталық аппаратындағы адам саны 42, Төрағаның 3 орынбасары, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасары, сондай-ақ 9 адамнан құрылатын алқа болады деп белгiленсiн.
      "Қазақкино" мемкинокомпаниясының Төрағасына белгiленген адам саны мен еңбекақы қоры шегiнде "Қазақкино" мемкинокомпаниясының құрылымы мен штатын бекiту құқы берiлсiн.
      "Қазақкино" мемкинокомпаниясының құрамына кiретiн бiрлестiктердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларын "Қазақкино" мемкинокомпаниясының Төрағасы тағайындайды және бекiтедi.
      7. "Қазақкино" мемкинокомпаниясына қызмет бабындағы 4 жеңiл автокөлiк лимитi берiлсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi жыл сайын жобалар мен бюджеттi әзiрлегенде "Қазақкино" мемкинокомпаниясына Алматы қаласында үлестiк негiзде тұрғын үй салу және оның материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн қаражат бөлудi көздейтiн болсын.
      9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Қазақкино" мемкинокомпаниясын ол орналасқан ғимаратта қосымша қызмет алаңымен қамтамасыз етсiн.
      10. Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлiгi бұрын кинематография саласына тиесiлi болған мамандандырылған автокөлiк кәсiпорнын 1994 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша "Қазақкино" мемкинокомпаниясына қайтарып берсiн.
      11. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi, "Қазконтракт" республикалық контракт корпорациясы "Қазақкино" мемкинокомпаниясына үкiмет байланысының телефон және телекс желiлерiн, iс техникасы мен басқа да қажеттi жабдықтар мен материалдарды өтiнiмiне сәйкес бөлсiн.
      12. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Қазақкино" мемкинокомпаниясына оның құрамына кiретiн бiрлестiктердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың және "Қазкинобөлшек" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк мүлiк иелену, пайдалану және басқару құқығын берсiн.
      13. "Қазақкино" мемкинокомпаниясы "Қазақкино" концернi жасасқан шарттар мен контракттардан туындайтын мiндеттемелер бойынша мұрагер деп есептелсiн.
      14. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы

"Қазақкино" мемлекеттiк кинокомпаниясы ("Қазақкино" 
мемкинокомпаниясы) туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн;
     "Қазақкино" мемкинокомпаниясының құрамына кiретiн 
бiрлестiктердiң кәсiпорындар мен ұйымдардың тiзбесi қосымшаға
сәйкес бекiтiлсiн.
     15. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Қазақ
мемлекеттiк кинобейнефильмдер шығару, жалға беру және көрсету
жөнiндегi концерндi ("Қазақкино" концернi) құру туралы" 1992 жылғы
4 ақпандағы N 94 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
1992 ж., N 5, 87-бап) күшi жойылды деп танылсын.
            Қазақстан Республикасының
              Премьер-министрi
                                       Қазақстан Республикасы              
                           
                                       Министрлер Кабинетiнiң
                                       1994 жылғы 7 қаңтардағы
                                           N 40 қаулысымен
                                            Бекiтiлген
            Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi
         жанындағы "Қазақкино" мемлекеттiк кинокомпаниясы
             ("Қазақкино" мемкинокомпаниясы) туралы
                             Ереже

                   I. Жалпы ережелер


      1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы "Қазақкино" мемлекеттiк компаниясы (бұдан әрi - "Қазақкино" мемкинокомпаниясы) Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақ мемлекеттiк кинобейнефильмдер шығару, жалға беру және көрсету жөнiндегi концерндi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi жанындағы "Қазақкино" мемлекеттiк компаниясы етiп қайта құру туралы" ("Қазақкино" мемлекеттiк компаниясы) 1993 жылғы 3 қыркүйектегi N 1343 Жарлығына сәйкес құрылды және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқаруының орталық органы құқында жұмыс iстейдi.
      2. "Қазақкино" мемкинокомпаниясы өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiн, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң шешiмдерiн және осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. "Қазақкино" мемкинокомпаниясы жергiлiктi әкiмшiлiктер жанындағы кинематография органдарымен бiрге және өз құрамына кiретiн республикалық және басқа кинобейнебiрлестiктерiмен, кәсiпорындармен және ұйымдармен республиканың бiрыңғай кинематография жүйесiн құрайды.
      4. "Қазақкино" мемкинокомпаниясы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi берген құқыққа сәйкес өз құрамына кiретiн бiрлестiктердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың және "Қазақкинобөлшек" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк мүлкiн иеленудi, пайдалануды және басқаруды жүзеге асырады.

                    II. "Қазақкино" мемкинокомпаниясының
                     мiндеттерi, қызметi және құқықтары

      5. "Қазақкино" мемкинокомпаниясының негiзгi мiндеттерi:
      - республика кинематографиясын жалпы ұлттық құрылым ретiнде дамытудың ағымдағы және перспективалық бағдарламалары мен негiзгi бағыттарын қалыптастыру;
      - аудандық, қалалық, облыстық, республикалық және мемлекетаралық кинобейне ұйымдарының жұмысын, олардың ТМД елдерiнiң және басқа мемлекеттердiң кинематография органдарымен өзара iс-қимылдарын үйлестiру;
     - кинобейнефильмдер шығару, оларды шетелдерге және республика аумағында тарату үшiн ұйымдық, өндiрiстiк және экономикалық жағдайлар жасау;
      - кинобейне шығармалардың жоғары кәсiби және көркемдiк дәрежесiн қамтамасыз етiп, республиканың мәдени және әлеуметтiк-экономикалық дамуына олардың тигiзетiн ықпалын күшейту;
      - жасалатын кинобейне фильмдерде тәуелсiз мемлекет ретiндегi республиканың мемлекеттiк және қоғамдық өмiрiн терең және жан-жақты көрсету, рухани прогресс пен ұлтаралық қатынастардың үйлесiмдiлiгне, қазақ тiлiнiң мемлекеттiк тiл ретiнде қолданылу шеңберiн кеңейтуге, Қазақстан халықтарының ұлттық бiрегейлiгiн сақтап қалуға және олардың мәдениеттерiн дамытуға жәрдемдесу, жалпы адамзаттық игiлiктердi бағдар ету;
      - бiрыңғай репертуар саясатын қалыптастыру;
      - бiрыңғай техникалық саясат жүргiзу, кино саласында ғылыми-техникалық әлеуетiн дамыту, ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру;
      - кинематографияны дамытудың басым бағыттары бойынша халықаралық ынтымақтастықты үйлестiру;
      - республика кинематографиясы мемлекеттiк органдарының қызметiн құқықтық жағынан қамтамасыз етудi жетiлдiру.
      6. "Қазақкино" мемкинокомпаниясы негiзгi мiндеттерiне сәйкес мынандай қызметтi жүзеге асырады:
      - көркем, балаларға арналған, деректi-құжатты, ғылыми-көпшiлiк, мультипликациялық фильмдер шығаруға әлеуметтiк-шығармашылық тапсырыстарды қалыптастырып, оларды кинобейне студияларға конкурстiк негiзде бередi;
      - меншiк түрiне қарамастан кино және бейнефильмдердi жалға беру құқына рұқсат куәлiгiн бередi;
      - кинобейнекәсiпорындарын материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысты жүргiзудi жүзеге асырады, нарықтың құбылмалығын, халықтың кинобейнеұйымдары көрсететiн қызметтiң сапасына деген талаптарын зерттейдi;
      - кино ұйымдарының ведомстволық бағыныстылығына қарамастан киноқондырғыларды және басқа кинобейнекәсiпорындарды пайдаланудың бiрыңғай техникалық нормалары мен ережелерiн әзiрлеп, олардың орындалуын бақылайды;
      - кадр саясатын, кино өндiрiсi мен кино жүйесiнiң қажеттерiне сәйкес кинематография мамандықтарының кадрларын даярлауды айқындап, жүзеге асырады;
      - халықтың ұлттық рухани байлығы мен оның мәдени мұрасының бөлiгi ретiнде киноөнерi туындыларының қорын iрiктеу, қалыптастыру және сақтау жөнiндегi мемлекеттiк функцияны жүзеге асырады;
      - кинематографияны экономикалық және әлеуметтiк дамытудың бағдарламаларын әзiрлеп, жүзеге асырады, нысаналы кино бағдарламалар мен жобаларға бөлiнетiн республикалық бюджет қаржысын үлестiредi, олардың ұтымды пайдаланылуын бақылайды;
      - республика кинематографиясын дамыту жөнiнде инвестициялық саясат жүргiзедi, жаңа кәсiпорындар, ассоциациялар, акционерлiк компаниялар, оның iшiнде шетелдiк серiктердiң қатысуымен, құрады;
      - баспагерлiк қызметтi жүзеге асырады, ақпараттық-жарнама өнiмiн шығарады;
      - кинематография объектiлерiн, тұрғын үйлер салу жөнiнде тапсырыс берушiнiң мiндетiн жүзеге асырады, шаруашылық әдiспен жүргiзiлетiн құрылысты дамытуға жәрдемдеседi;
      - кинематографиядағы қызметтiң барлық түрлерiн құқықтық реттеудiң негiздерiн әзiрлеуге қатысады; авторлық құқықтың және дыбысты-көрiнiстi шығармаға иелiк құқықтарын, бiрлестiктердiң, кәсiпорындардың, кинематография қызметкерлерi мен кино көрермендерiнiң мүдделерiн қорғауға жәрдемдеседi;
      - негiзгi мақсаттар мен мiндеттердi орындауға, материалдық-техникалық базаны дамытуға жәрдемдесетiн басқа қызметтi жүзеге асырады.
      Өзiне жүктелген мақсаттар мен мiндеттердi атқарғанда, "Қазақкино" мемкинокомпаниясы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқарудың орталық органдарына берiлген басқа құқықтарды пайдаланады.

                    III. "Қазақкино" мемкинокомпаниясының
                           мүлкi және қоры

      7. "Қазақкино" мемкинокомпаниясының мүлкi мен қорына негiзгi және айналымдағы қаржылар, бағасы мемкинокомпанияның дербес балансында көрсетiлген басқа да құндылықтар, сондай-ақ кинодағы авторлық құқықпен қорғалатын зерделiк меншiк жатады.
      8. "Қазақкино" мемкинокомпаниясы және оның құрамына кiретiн бiрлестiктер, кәсiпорындар мен ұйымдар өз қызметiн:
      - сеанстарға кинобейне билеттерiн сатудан алынған қаржы, сондай-ақ сеанстан тысқары жүргiзiлетiн бұқаралық шаралардан түсетiн қаржы;
      - кинобейнефильмдердi сату, өнеркәсiптiк және басқа қызметтен, ақылы қызмет көрсетуден түсетiн қаржы;
      - кинобейнефильмдердi жалға беруден түсетiн қаржы;
      -кәсiпорындардың, ұйымдардың және жекелеген азаматтардың ерiктi жарналары;
      - республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаржылары;
      - басқа түсiмдер есебiнен атқарады.
      9. Еңбекке ақы төлеудiң түрлерiн, жүйелерi мен мөлшерiн, сондай-ақ сала бiрлестiктерiнiң, кәсiпорындары мен ұйымдарының қызметкерлерi табысының басқа түрлерiн қолданылып жүрген заңдарға сәйкес өздерi белгiлейдi.
      10. "Қазақкино" мемкинокомпаниясы белгiленген тәртiп бойынша бухгалтерлiк, жедел есеп жүргiзедi, статистикалық есеп жасап, тапсырады, есеп пен баланстың нақтылығын қамтамасыз етедi.
      11. "Қазақкино" мемкинокомпаниясы өзiне бағынышты бiрлестiктердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржы-шаруашылық қызметiн талдап, бақылайды.

                    IV. "Қазақкино" мемкинокомпаниясын басқару

      12. "Қазақкино" мемкинокомпаниясын Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайтын Төраға басқарады.
      "Қазақкино" мемкинокомпаниясы Төрағасының оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi тағайындайтын орынбасарлары болады. Орынбасарлар арасындағы мiндеттерi "Қазақкино" мемкинокомпаниясының Төрағасы белгiлеп бередi.
      13. "Қазақкино" мемкинокомпаниясының Төрағасы кинокомпанияның қызметiне басшылық етедi, оған жүктелген мiндеттер мен қызметтердiң орындалуына тiкелей жауап бередi. Төраға орынбасарларының, құрылымдық бөлiмшелердiң, сондай-ақ кинокомпанияның құрамына кiретiн бiрлестiктер, кәсiпорындар мен ұйымдар басшыларының жауапкершiлiгi деңгейiн белгiлейдi.
      "Қазақкино" мемкинокомпания Төрағасы өз құзырының шеңберiнде бұйрықтар мен нұсқамалар шығарады, олардың орындалуын тексередi; орталық аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын, сондай-ақ "Қазақкино" мемкинокомпаниясының құрамына кiретiн бiрлестiктердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындап бекiтедi және қызметтен босатады.
      14. "Қазақкино" мемкинокомпаниясында құрамына Төраға, оның орынбасарлары және кино саласының басқа да қызметкерлерi кiретiн алқа құрылады.
      Алқаны мемкинокомпаниясының Төрағасы басқарады. Алқаның мүшелерiн мемкинокомпания Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiтедi.
      Алқа өзiнiң тұрақты өткiзiлетiн мәжiлiстерiнде кинематографияны дамытудың және "Қазақкино" мемкинокомпаниясының қызметiн жетiлдiрудiң перспективалы және өзектi мәселелерiн талқылайды.
      Алқаның шешiмдерi әдетте мемкинокомпаниясы Төрағасының бұйрығы арқылы iске асырылады.

                    V. "Қазақкино" мемкинокомпаниясын
                         қайта құру және тарату

      15. "Қазақкино" мемкинокомпаниясы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес қайта құрылады және таратылады.
      16. "Қазақкино" мемкинокомпаниясы заңды тұлға болып табылады, оның өз шоттары, Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген, қазақ және орыс тiлдерiнде атауы жазылған мөрi, фирмалық белгiсi мен эмблемасы болады.
      "Қазақкино" мемкинокомпаниясының орналасқан жерi және заңды мекен-жайы: 480091, Алматы қаласы, Абылай хан даңғылы, 93/95.
                                       Қазақстан Республикасы

Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 7 қаңтардағы N 40 қаулысына Қосымша


             "Қазақкино" мемлекеттiк кинокомпаниясының құрамына

           кiретiн бiрлестiктердiң, кәсiпорындар мен ұйымдардың
                             Тiзбесi
     Ш.Айманов атындағы киностудия
     
     "Қазкинопрокат" республикалық өндiрiстiк бiрлестiгi 
     
     "Қазкинобөлшек" акционерлiк қоғамы
     
     Республикалық киноматериалдық база
     
     Мамандандырылған автокөлiк кәсiпорны
     
     Киноқызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыратын жоғары курстар
     
     "Қазақинфильм" сыртқы экономикалық бiрлестiгi
     
     "Қазақкинофест" халықаралық кинофестивальдардың бас дирекциясы
     
     "Азия кино" журналының редакциясы
     
     Облыстық, Алматы және Ленинск қалалық кинобейнебiрлестiктерi
     (басқармалары) мемлекеттiк кинотеатрлармен, киноқондырғылармен,
     кинофильмдердi жалға беру ұйымдарымен, киноқондырғыларды 
     жөндеу, техникалық жабдықтау кәсiпорындарымен, бейнеханалармен
     және бейнежайлармен бiрге.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады