Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлiгiнiң салық қызметiнiң мәселелерi

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң Қаулысы 1994 жылғы 18 қаңтар N 70. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.08.02. N 1069 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 31 наурыздағы Заңын орындау және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi органдарының қызметiн ұйымдық, қаржылық, материалдық-техникалық, көлiк және әлеуметтiк-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету деңгейiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. 1994 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi салық қызметi қызметкерлерiнiң мiндеттi жеке сақтандырылуы енгiзсiн.
      2. Салық қызметi қызметкерлерiн құқықтық және әлеуметтiк жағынан қорғау Тәртiбi /қоса берiлiп отыр/ бекiтiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк коммерциялық сақтандыру компаниясының Басқармасына салық қызметi қызметкерлерiнiң мiндеттi жеке сақтандырылуын өткiзу үшiн қаражат аударсын.
      3. Қазақстан Республикасы Байланыс министрлiгi шарттық негiзде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Бас салық инспекциясы мен жергiлiктi жерлердегi салық инспекцияларының тапсырыстары бойынша телекстер, телетайптар, телефон және факсимиль байланысты құралдарының орнатылуын қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi:
      салық қызметi органдары үшiн мамандар даярлауды ұйымдастырсын;
      1994/95 оқу жылынан бастап орта, арнаулы және жоғары бiлiм үшiн оқу жоспарлары мен әлеуметтiк-экономикалық тәртiп бағдарламаларына салық заңдарының негiздерi бойынша курс енгiзсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi салық қызметi органдарының әлеуметтiк даму және оларды материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету қорын құру мен пайдалану тәртiбi туралы Ереже /қоса берiлiп отыр/ бекiтiлсiн.
      6. Қазақ ССР Министрлер КАбинетiнiң "Қазақ ССР Мемлекеттiк салық қызметi жұмысының мәселелерi" атты 1991 жылғы 9 қыркүйектегi N 520 қаулысының /ҚазССР ҚЖ, 1991ж., N 21, 151-бап/ күшi жойылған деп танылсын.
 

     Қазақстан Республикасының

         Премьер-министрi



                                       Қазақстан Республикасы



                                       Министрлер Кабинетiнiң   

                                       1994 жылғы 18 қаңтардағы

                                        N 70 қаулысымен

                                             Бекiтiлген



 
 
            Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi салық қызметiнiң
            қызметкерлерiн құқықтық және әлеуметтiк жағынан қорғау
                                 ТӘРТIБI
 
           Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi
           қызметкерлерiне бiр жолғы жәрдемақы төлеу мен материалдық
                         зиянды өтеудiң тәртiбi туралы
 
      1. 1993 жылғы 31 наурызда қабылданған "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес:
      салық қызметi органдарының қызметкерлерiн ол қызмет бабындағы мiндеттерiн орындау үстiнде орта дәрежеде жарақаттанса, онда оған республика бюджетiнiң қаражатынан бес айлық жалақысы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленедi, кейiннен бұл сома айыпкер адамдардан өндiрiп алынады;
      салық қызметi органдарының қызметкерлерiн ол қызмет бабындағы мiндеттерiн орындау үстiнде ауыр жарақаттанса, сол себептi ол кейiннен кәсiби қызметiмен айналыса алмайтындай болса, онда оған республика бюджетiнен, кейiннен сол сома айыпкер адамдардан өндiрiп алынып, бес жылдық жалақысы көлемiнде бiр жолғы жәрдемақы, сондай-ақ оның қызмет жалақысы мен зейнетақысы мөлшерiнiң айырмасы /өмiр бойы/ төленедi;
      салық қызметi органдарының қызметкерлерi қызмет бабындағы мiндеттерiн орындау үстiнде қаза тапса немесе салық органдарында iстеп жүрген кезiнде алған жарақаты, ауруы салдарынан жұмыстан босағаннан кейiн қайтыс болса, онда қаза тапқан /қайтыс болған/ қызметкердiң отбасына немесе оның асырауындағыларға /мұрагерлерiне/ республика бюджетiнен, ол сома кейiннен айыпкер адамдардан өндiрiп алынып, қаза тапқан /қайтыс болған/ қызметкердiң соңғы атқарған қызметi бойынша он жылғы ақшалай табысы мөлшерiнде бiр жолғы жәрдемақы төленедi;
      салық органдарының қызметкерi ол қызмет бабындағы мiндеттерiн орындау үстiнде қаза тапса, онда оның отбасына немесе оның асырауындағыларға асыраушысынан айырылуы себептi бiр айлық ақшалай табысы мөлшерiнде өмiрлiк зейнетақысы тағайындалады;
      салық қызметi органдарының қызметкерлерiнiң мүлкiне ол қызмет бабындағы мiндеттерiн орындауға байланысты келтiрiлген зиян, сонымен бiрге оның отбасы мүшелерi мен жақын туыстарының денсаулығына, мүлкiне келтiрiлген нұқсан республика бюджетiнен толық өтеледi, кейiннен ол сома айыпты кiсiлерден өндiрiп алынады.
      2. Бiр жолғы жәрдемақы төлеу туралы шешiмдi соттың үкiмi немесе қылмыстық iстi тоқтату немесе қылмыстық iс қозғаудан бас тарту туралы басқа сот шешiмiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi салық қызметiнiң басшысы, жәбiрленушi қызмет iстеген салық инспекциясының бастығы қабылдайды.
      Тергеу органдары қылмыстық iс қозғаудан бас тартса, бұған салық органы қызмет бабына жүргiзген тексерудiң нәтижелерi және басқа да айғақтардың негiзiнде заң белгiленген тәртiппен прокурорға шағымдануы мүмкiн.
      Салық қызметi қызметкерлерiнiң /немесе оның жақын туысының/ мүлкiне келтiрiлген зиян соттың шағымды қарап шығарған шешiмi /үкiмi/ бойынша қалпына келтiрiлдi.
      3. Бiр жолғы жәрдемақыны есептеуге пайдаланылатын салық қызметi қызметкерлерiнiң бiр жылдық ақшалай табысы ол қаза таппастан немесе денсаулығына зақым келместен бiр жыл бұрын салық қызметi органдарында қызметкер алған ақша төлемдерiнiң барлық түрiн қамтиды.
      Осы жәрдемақылардың мөлшерiн есептеу үшiн орташа бiр айлық табыс Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 17 наурыздағы N 201 қаулысымен бекiтiлген, жұмысшылар мен қызметшiлерге еңбек мiндетiн атқаруына байланысты мертiгiп қалған жағдайда немесе денсаулығына басқаша зақым келгенде олардың шеккен зиянын меншiктiң барлық нысанындағы кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың өтеуi жөнiндегi Ереже /Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., N 8, 97-бап/ белгiленген тәртiппен анықталады.
      Аталған қызметкерлердiң лауазымдық жалақысы штат кестесiнде көзделген, сыныптық шендер үшiн белгiленген қосымша ақы қосылған айлығы негiзiнде есептеледi.
      4. Осы Тәртiптiң 1-тармағында көзделген бiр жолғы жәрдемақыны жәбiрленушi қаза тапқанға немесе жарақат алғанға дейiн қызмет iстеген салық қызметi төлейдi.
      Салық органы қайта құрылған немесе жойылған жағдайда зиянды өтеу сомасын сол органның заңды мұрагерi немесе жоғары органдар төлейдi.
      5. Бiр жолғы жәрдемақылар және мүлiк зиянын өтеу сомасын жiберу мен жеткiзу қаза тапқан немесе жарақат алған қызметкер жұмыс iстеген салық органдарының есебiнен жүргiзiледi. Алушылардың қалауы бойынша ол сомалар олардың банктегi салымдарының есеп шотына аударылуы мүмкiн. Нақты төлемдердi бақылау үшiн салық органдары жүйеден тыс есеп жүргiзедi.
      6. Осы төлемдер Қазақстан Республикасының республикалық бюджеттi қаржысы есебiнен кредит ашпастан, төлем жөнiндегi шығынды 222 бөлiмнiң "Азаматтарға келтiрiлген зиянды өтеу" дейтiн 13 параграфына жатқызылып, кейiннен айыпты кiсiлерден ұсталған сомалар республика бюджетiнiң бюджеттiң кiрiсi мен шығысын сыныптайтын "Бюджет шығысын өтеу" дейтiн 9 бөлiмiне кiрiстiрiлiп төленедi.
 
             Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi салық
        қызметi қызметкерлерiнiң мiндеттi түрде жеке басын сақтандыру
                                  туралы
      7. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес салық қызметi органдарының қызметкерлерi республикалық бюджет қаржысы есебiнен мiндеттi түрде жеке басын сақтандыруға тиiс.
      Салық қызметi органдары қызметкерлерiнiң сақтандырушысы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi болып табылады.
      8. Мемлекеттiк сақтандыру органдары сақтандыру сомаларын мынадай жағдайда:
      а/ сақтандырылған кiсi жұмыс iстеген кезiнде немесе қызмет мiндеттерiн атқару үстiнде алған жарақаты салдарынан қызметтен босап, бiр жыл толмай қаза тапса /қайтыс болса/ оның мұрагерлерiне /мұрагерлiк құқығы туралы куәлiгiн көрсеткенде/ бiр жылдық лауазымдық жалақысы және сыныптық шенi мен қызмет өтеген жылдары үшiн берiлетiн қосымша ақының 12,5 есе мөлшерiнде;
      б/ сақтандырылған кiсiнiң қызметтен босағаннан кейiн бiр жыл толғанға дейiн қызмет мiндеттерiн атқаруына байланысты мүгедектiгi анықталса:
      1 топ мүгедегiне - жылдық лауазымдық жалақысы және сыныптық шенi мен қызмет атқарған жылдары үшiн берiлетiн қосымша ақының 7,5 есе мөлшерiнде;
      II топ мүгедегiне - жылдық лауазымдық жалақысы және сыныптық шенi мен қызмет атқарған жылдары үшiн берiлетiн қосымша ақының 5 есе мөлшерiнде;
      II топ мүгедегiне - жылдық лауазымдық жалақысы және сыныптық шенi мен қызмет атқарған жылдары үшiн берiлетiн қосымша ақының 2,5 есе мөлшерiнде төлейдi;
      III топ мүгедегiне - жылдық лауазымдық жалақысы және сыныптық шенi мен қызмет атқарған жылдары үшiн берiлетiн қосымша ақының 2,5 мөлшерiнде төлейдi;
      в/ сақтандырылған кiсi қызмет мiндетiн атқаруға байланысты мынадай жағдайда:
      аса ауыр жарақат алса - бiр жылдық лауазымдық айлығы және сыныптық шенi мен қызмет атқарған жылдары үшiн берiлетiн қосымша ақының мөлшерiнде;
      ауыр жарақаттың жеңiлдеу түрiн алса - жарты жылдық лауазымдық айлығы және сыныптық шенi мен қызмет атқарған жылдары үшiн берiлетiн қосымша ақының мөлшерiнде алады.
      9. Осы Тәртiптiң 7-тармағында көрсетiлген сақтандыру түрiне жататын сақтандыру төлемдерi, оның iшiнде осы төлем сомасының 15 процентi мөлшерiнде сақтандыру iсiн өткiзуге мемлекеттiк сақтандыру органдары жұмсайтын шығындар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк коммерциялық сақтандыру компаниясы Басқармасының есеп шотына аударылады.
      Сақтандыру төлемдерiн дер кезiнде және оны толықтай аудару жауапкершiлiгi сақтандырушыға жүктеледi.
      Үстiмiздегi жылы сақтандыру сомасын төлеуге пайдаланылмаған сақтандыру төлемдерi кезектi төлемдер есебiне жатқызылады, ал жетiспейтiн қаржыны сақтандырушы қосымша төлейдi.
      10. Салық қызметi қызметкерлерiнiң мiндеттi түрде жеке басын сақтандыру iсiн өткiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясымен келiсе отырып Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк коммерциялық сақтандыру компаниясының Басқармасы белгiлейдi.
 

                                        Қазақстан Республикасы      



                                        Министрлер Кабинетiнiң

                                        1994 жылғы 18 қаңтардағы

                                           N 70 қаулысымен

                                                Бекiтiлген



 
 
                Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық
       қызметi органдарының әлеуметтiк даму және материалдық-техникалық
               қамтамасыз ету қорын құру мен пайдалану тәртiбi туралы
                                   ЕРЕЖЕ
 
      Осы Ереже "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 31 наурыздағы Заңы негiзiнде жасалған және бұдан былай салық қызметiнiң қоры деп аталатын салық қызметi органдарының әлеуметтiк даму және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорын құру және пайдалану тәртiбiн анықтайды.
 
                 Салық қызметiнiң қорын құру тәртiбi
      1. Салық қызметiнiң қоры:
      Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясында;
      облыстар, Алматы және Ленинск қалалары, аудандар, қалалар, қалалардағы аудандар бойынша салық инспекцияларында құрылады.
      2. Салық қызметiнiң қорын құру көздерi:
      а/ осы органдар қызметкерлерiнiң еңбекақы қоры сомасының 25 процентi мөлшерiнде республикалық бюджеттiң қаржысы;
      б/ жыл бойына үнемделген еңбекақы қоры;
      в/ тексеру жұмыстарының нәтижелерi бойынша салық органдары ашқан жасырылған табыстардан қосымша есептелген соманың 10 процентi болып табылады.
      3. Осы Ереженiң 2-тармағының "а" және "б" тармақшаларында көрсетiлген көздер есебiнен құрылған салық қызметi қорының қаржысы салық инспекциялары үшiн банк мекемелерiнде ашылатын "Тапсырыс бойынша сомалар" ағымдағы есеп шотында сақталады.
      4. Салық қызметi қорының қаражатын "Тапсырыс бойынша сомалар" ағымдағы шотқа есептеу үстiмiздегi жылдың сметасы бойынша шығын сметасында қарастырылған тиiстi тоқсанға арналған еңбекақы қоры сомасының 25 процентi мөлшерiнде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас салық инспекциясы және республика салық инспекцияларын қаржыландыру үшiн республикалық бюджет бойынша кредиттердiң ашылуына қарай әр тоқсан сайын жүргiзiледi.
      Жыл бойына пайдаланылмаған еңбекақы қоры /үнем/ жыл аяғында салық инспекцияларының сметалары бойынша салық қызметiнiң қорына аударылады.
      5. Жасырылған табыстардан қосымша есептелген сомадан бөлiнген 10 проценттiк қаражаттан құрылған салық қызметi қорының қаржысын есепке алу үшiн барлық деңгейдегi салық инспекцияларына Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң мекемелерiнде ағымдағы есеп шоттар ашылады.
      6. Аудандар мен қалалар бойынша салық инспекцияларының салық қызметi қорына есептелуге тиiс, сондай-ақ облыстар мен Алматы және Ленинск қалалары бойынша салық инспекцияларының есеп шоттарында орталықтандырылуға тиiс жасырылған табыстардан қосымша есептелген сомадан бөлiнген 10 проценттiк ақша қаражатының үлесi мөлшерiн орталықтан орындалатын шараларға қажет қаражат қажеттiлiгiне орай Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейдi.
      7. Аталған көздерден құрылған салық қызметi қорының жыл бойында пайдаланылмаған қаржысы салық инспекциясының қарауында қалады және ол қайтарып алуға жатпайды.
 
                Салық қызметi қорын пайдаланудың тәртiбi
 
      8. Салық қызметi қорының қаражаты осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлген, осы қорға есептелетiн қаржыға жасалған смета бойынша жұмсалады.
      Қаржыны жұмсау сметасының жобалары еңбек ұжымдарының талқылауларына ұсынылады және олар мақұлдағаннан кейiн инспекциялардың кәсiподақ комитеттерiнiң келiсiмi бойынша салық инспекцияларының әкiмшiлiктерi бекiтедi.
      Аталған сметалардың орындалуы жайында әкiмшiлiктер мен кәсiподақ комитеттерi инспекциясы ұжымдарына хабарлап тұрады.
      9. Осы Ереженiң 4-тармағында көрсетiлген көздерден құрылған салық қызметi қорының қаржысы:
      салық инспекциясы қызметкерлерiне сыйлық беруге және оларға материалдық көмек көрсетуге;
      бұдан бұрын салық инспекциясында жұмыс iстеген еңбек ардагерлерi мен мүгедектерiне, жас бала күтуге байланысты демалысқа шыққан қызметкерлерге материалдық көмек көрсетуге;
      сараптау, кеңес беру, аударма жасау және басқа да жұмыстар үшiн сырттан тартылған бiлiктi мамандарға еңбекақы төлеуге және сыйлық беруге;
      қайырымдылық мақсаттарға;
      салық инспекцияларының қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерi үшiн емдеу-сауықтыру шараларын өткiзуге;
      денсаулық сақтауға байланысты басқа да шараларға пайдаланылуы мүмкiн.
      10. Осы Ереженiң 2-тармағының "в" тармақшасында көрсетiлген көздер есебiнен құрылған салық қызметi қоры қаржысының қатаң мақсатты бағыттары бар және ол мына мақсаттарға:
      әкiмшiлiк үйлерiн салуға, ғимараттар сатып алу мен оларды күрделi жөндеуден өткiзуге;
      салық инспекциясының мұқтажы үшiн құралдар мен мүкаммалдар, есептеу техникасын, автокөлiктер, жазатын және көбейтетiн техника сатып алуға;
      тұрғын үй салуға үлес қосуға, салық инспекциясы қызметкерлерiне арнап тұрғын үйлер немесе пәтерлер сатып алуға;
      үй жағдайын жақсарту үшiн салық инспекциясының қызметкерлерiне несие беруге және оларды өтеуге жұмсалатын шығындар, соның iшiнде тұрғын үй кооперативiне кiрерде төленген алғашқы жарналарын өтеуге қажет қаражатқа;
      салық инспекциясы қызметкерлерiнiң, сонымен бiрге зейнеткер еңбек ардагерлерiнiң үйлерiн жөндеуден өткiзу жөнiндегi шығындарға;
      ақпарат-талдама жүйелерiн, мәлiмет-деректер банкiн қалыптастыру және салық органдарының негiзгi мiндеттерiн орындауға байланысты басқа да мақсаттарға жұмсалады.
 
               Салық инспекциялары лауазымды адамдарының
                               жауапкершiлiгi
 
      11. Барлық деңгейдегi салық инспекцияларының бастықтары мен осы инспекциялардың бас бухгалтерi салық қызметi қорының дұрыс құрылуы мен жұмсалуына жеке жауап бередi.
      12. Салық қызметi қорына заңсыз /қателесiп/ аударылған қаржы сомасы заңсыз /қателесiп/ аударылған деп танылғаннан кейiн екi апта iшiнде несие қайтарылуға тиiс.
      13. Салық қызметi қорына қаражаттың заңсыз аударылуына жол берген лауазымды адамдарға тәртiп пен материалдық жауапкершiлiк жүктеледi және салық қызметi қорының берiлетiн сыйлықтан бiр жылға қағылады, ал осы адамдар есептi жыл iшiнде қаржыны тағы да заңсыз аударған жағдайда оларға тәртiп шаралары қолданылады, тiптi қызметтен босатуға дейiн барады.
 
                 Салық қызметiнiң қоры бойынша есеп
                       жүргiзу мен есеп беру
 
      14. Салық қызметi қорына түскен қаржыны есепке алу мен жұмсау, есеп беру құжаттарын дайындау мен тапсыру, сондай-ақ қордың құрылуы мен пайдаланылуын қадағалау тәртiбiн Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi анықтайды.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады