1. Қазақстан Республикасы Өнеркәсiп министрлiгiнiң, "Қорғау" Ұлттық акционерлiк компаниясының, Атырау облыстық әкiмiнiң және Атыраудағы "Шельф" механикалық зауытының осы зауыттың негiзiнде жылына қуаты 100 дана МИ-52 алуан нысаналы жеңiл тiкұшақтар шығаратын қазақстандық-ресейлiк өндiрiс құру жөнiндегi бастамасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгi, "Қорғау" Ұлттық акционерлiк компаниясы Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiмен, Қаржы министрлiгiмен, басқа да мүдделi ведомстволармен, оған заңды, жеке тұлғалардың және шетел инвесторларының үлестiк қатысуын ескере отырып келiсiлген, алуан нысаналы жеңiл тiкұшақтар өндiрiсiн құрудың және оны қаржымен қамтамасыз етудiң бағдарламасын екi ай мерзiмде әзiрлесiн әрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiне бекiтуге табыс етсiн.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi аталған бағдарламаны жүзеге асыруды Үкiметтiң аса маңызды тапсырмасы деп есептесiн және 1994 жылдан бастап жыл сайын Атыраудағы "Шельф" механикалық зауытына Қазақстанның Экономикасын қайта құру қорынан осы бағдарламаға сәйкес көлем мен мерзiмде қажеттi кредит бөлетiн болсын.
Қазақстан Республикасының Премьер-министрi