АРНАУЛЫ КУПОН АУКЦИОНДАРЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӨНIНДЕГI ШАРАЛАР ТУРАЛЫ

Күшін жойған

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 14 ақпан 1994 ж. N 183. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасына және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жекешелендiру қоры туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1993 жылғы 9 шiлдедегi N 582 P930582_ қаулысына сәйкес, жекешелендiрiлетiн кәсiпорындар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн азаматтардың инвестициялық жекешелендiру купондары үшiн инвестициялық жекешелендiру қорларына аукциондарда сатуды ұйымшылдықпен өткiзу мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
      1. Арнаулы купон аукциондары туралы ереже бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жекешелендiру қоры бiр ай мерзiм iшiнде:
      арнаулы купон аукциондарының қорытындыларын шығару үшiн Мемлекеттiк жекешелендiру қоры жанынан тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия құрсын;
      арнаулы купон аукциондарын дайындау, өткiзу және олардың қорытындыларын шығаруды реттейтiн құжаттар әзiрлеп, бекiтсiн;
      Инвестициялық жекешелендiру қорлары мен оларды басқарушылардың қызметiн мемлекеттiк бақылау туралы Ереже әзiрлесiн. 3. Экономика министрлiгi, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесе отырып 1994 жылдың 1 сәуiрiне дейiн акциялары арнаулы купон аукциондарында сатылатын кәсiпорындардың жаппай банкрот жол берiлмеуiн қамтамасыз ететiн шаралар жүйесiн әзiрлесiн. Қазақстан Республикасының Премьер-министрi Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1994 жылғы 14 ақпандағы N 183 қаулысымен Бекiтiлген Арнаулы купон аукциондары туралы Ереже 1. Жалпы ережелер
      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасында мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiрудiң 1993-1995 жылдарға (II кезең) арналған Ұлттық бағдарламасына, "Мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру туралы" Қазақстан Республикасының заңына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Инвестициялық жекешелендiру қорларын ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1290 инвестициялық жекешелендiру купондары туралы ереженi iске қосу туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы N 1289 қаулыларына сәйкес әзiрлендi.
      2. Ереже арнаулы купон аукциондарын (бұдан әрi - купон аукционы) өткiзудiң тәртiбiн, оған инвестициялық жекешелендiру қорлары қатысуының шарттарын, есеп айырысу және акциялардың сатылатын мемлекеттiк пакеттерiн иелену құқын ресiмдеу тәртiбiн белгiлейдi. Купон аукциондарының өткiзiлуi жаппай жекешелендiру тiзбесiне енгiзiлген акционерлiк қоғамдардың акциялары толық өткiзiлгенге дейiнгi кезеңмен белгiленедi.
      3. Купон аукционы - жекешелендiрiлетiн кәсiпорындар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн инвестициялық жекешелендiру қорларына аукционда тек қана инвестициялық жекешелендiру купондарына сату.
      4. Жекешелендiрiлетiн кәсiпорындар (бұдан әрi - акционерлiк қоғамдар) акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн сатушы мемлекет мүддесiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен оның аумақтық органдары (бұдан әрi - Комитет) болып табылады.
      5. Акционерлiк қоғамдардың акцияларын сату жөнiндегi купон аукциондарын ұйымдастырушы Комитеттiң тапсыруы бойынша Мемлекеттiк жекешелендiру қоры (бұдан әрi - МЖҚ) болып табылады.
      6. Купон аукционындағы акционерлiк қоғамдардың акцияларын сатып алушылар тек қана инвестициялық жекешелендiру қорлары (бұдан әрi - қор) болып табылады.
 
                    2. Купон аукциондарын ұйымдастыру
 
      7. Купон аукциондарының қорытындыларын шығару үшiн МЖҚ жанынан тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылып, оның құрамын Комитет бекiтедi.
      8. МЖҚ:
      осы Ережеге сәйкес купон аукционында сатылатын акциялар туралы ақпарат хабарлардың жариялануын ұйымдастырады;
      купон аукционына қатысушылармен есеп айырысу жүргiзедi;
      сатып алушының меншiк құқын ресiмдейдi;
      купон аукционының қорытындылары туралы жұртшылықты хабардар етедi;
      өтiнiм банкiлерiнiң, кiру билеттерiнiң құнын төлеу тәртiбiн және т.б. белгiлейдi.
      9. Комитет купон аукциондарында сатылуға тиiстi акцияларының санын белгiлейдi. Шарт-тапсырма ережелерiне сәйкес Комитет МЖҚ-ға:
      қабылдау-беру актiсi бойынша жекешелендiрiлетiн кәсiпорындар акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн;
      сатылуға тиiстi акциялардың санын және бiр акцияның номинал құнын көрсете отырып белгiленген тәртiппен бекiтiлген жекешелендiру жоспарының көшiрмесiн;
      купон аукционының өткiзiлетiнi туралы ақпарат хабарда жариялау үшiн қажеттi басқа да мәлiметтер бередi.
      10. Алынған көрсеткiштер негiзiнде МЖҚ ақпарат хабар әзiрлейдi. Ақпарат хабар Комитеттiң арнаулы ақпарат бюллетенiнде және орталық республикалық "Казахстанская правда" және "Егемен Қазақстан" газеттерiнде купон аукционын өткiзу мерзiмiнен 45 күн бұрын жариялануы тиiс және онда акционерлiк қоғамдардың толық атауы мен нақты мекен-жайы көрсетiлуi қажет. МЖҚ аталған мерзiмде қорларға модем байланысы мен магнит жазбалары (дискеттерi) арқылы ақпарат хабардың берiлуiн қамтамасыз етiп, онда мынадай деректер болуға тиiс. акционерлiк қоғамдардың толық атауы мен заңды мекен-жайы; әрбiр объект бойынша шығарылған акциялардың жалпы саны мен түрлерi; бiр акцияның номинал құны; купон аукционында сатылатын акциялардың саны мен номинал құны; бастапқы бағалар (бiр акция үшiн инвестициялық жекешелендiру купондарының саны); Сатып алушының эмиссия проспектiсiмен (жекешелендiру жоспарымен) танысу үшiн ұйымдардың мекен-жайы мен телефондары; кәсiпорынның қаржы жағдайы туралы мәлiмет; аукциондағы төлемнiң бiрден-бiр түрi инвестициялық жекешелендiру купондары екенiн көрсетiлуi; өтiнiмдердi қабылдау мерзiмдерi мен орыны; аукцион ұйымдастырушының мекен-жайы мен байланыс телефонының нөмiрi; купон аукционы өткiзiлетiн мерзiм мен орын. Аталған деректердi берудiң түрi мен қосымша деректер тiзбесiн МЖҚ белгiлейдi. Ескерту. 10-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРМК-нің 1994.05.16. N 526 қаулысымен. 11. МЖҚ ақпарат хабардағы көрсетiлген мәлiметтiң сәйкестiгiне жауапкершiлiк бередi. 12. Купон аукционына қатысу үшiн Қор МЖҚ-ға әрбiр акционерлiк қоғам бойынша мыналарды көрсете отырып өтiнiм тапсыруы керек: қор сатып алғысы келетiн акциялардың саны; қор бiр акция үшiн төлеуге (өтiнiм бағамы) ұсынатын купондардың ең көп саны. 13. Аукционға қатысатын Қорлар туралы хабар жарияланбауға тиiс. 14. Егер Қор: белгiленген мерзiмде өтiнiм тапсырмаса: ведомствоаралық Комиссияның шешiмiмен лицензиядан айырылса немесе Қордың яки оның Басқарушысының лицензияларының күшiн тоқтату туралы шешiм қабылданса, оның купон аукционына қатысуына рұқсат берiлмеуi мүмкiн. 3. Купон аукциондарын өткiзудiң тәртiбi
      15. Мемлекеттiк кәсiпорындарды жаппай жекешелендiру бес жекешелендiру толқынына бөлiнген кезеңге есептелген, жаппай жекешелендiру бағдарламасына енгiзiлген барлық акционерлiк қоғамдардың акциялары сол толқындар кезiнде купон аукциондарында сату үшiн ұсынылуға тиiс.
      Жекешелендiру толқыны он бес купон аукционына немесе бес-жетi қосымша жекешелендiру толқынына сәйкес келедi, олардың әрқайсысы екi-үш купон аукциондарынан құралады және бiр айға жуық уақытқа созылады.
      16. Купон аукционы 24 сағаттың iшiнде өткiзiледi. Купон аукционы кезiнде Қорлардың өтiнiмдерi тексерiледi, тiркеледi және МЖҚ-да талданады.
      17. Акционерлiк қоғамдардың купон аукционынан сатуға шығарылатын акцияларының бағасы бастапқы, ең төмен және орташа бағам бойынша белгiленедi.
      18. Бастапқы бағам бiр акция үшiн купондардың ең аз санына сәйкес келедi. Бұл бағамды Комиссия белгiлеп, Комитет бекiтедi. Бастапқы бағам купон аукционының қандай жекешелендiру мерзiмiнде немесе қосымша мерзiмiнде өткiзiлетiнiне қарамастан акционерлiк қоғамдардың купон аукционынан тұңғыш рет шығарылатын барлық акциялары үшiн бiрдей болып табылады.
      19. Ең төмен бағамды Комиссия әрбiр акционерлiк қоғамның купон аукционына екiншi қайтара шығарылатын акциялары бойынша белгiлейдi. Бұл бағамның белгiленуi алдыңғы аукционда сатылған акциялардың санына байланысты. Тиiсiнше ең төмен бағам бұрынғы аукционның бастапқы немесе ең төмен бағамынан жоғары яки төмен болуы мүмкiн.
      20. Орташа бағам акционерлiк қоғамның акцияларын сатып алу үшiн Қорлар жұмсаған купондардың жалпы санын сол акционерлiк қоғамның сатылған акцияларының жалпы санына бөлу жолымен есептеледi. Егер акциялар үш аукционда сатылған болса, үш аукционның нәтижелерi бойынша есептеледi.
      Орташа бағам Қорлар портфельдерiнiң жалпы құнын есептеу үшiн пайдаланылады. Қор портфелiнiң құны Қор сатып алған акциялар құнына сәйкес келедi. Бiр акционерлiк қоғам акциялары құнының есебi сатып алынған акциялар санын орташа бағамға көбейту арқылы анықталады.
      Әрбiр акционерлiк қоғамның акциялары бойынша есептелген құндарды қосу жолымен Комиссия Қор портфелiнiң купонға шаққандағы жалпы құнын есептеп шығарады.
      21. Купон аукционына қатысу үшiн Қорлардың бәрi купон аукционы басталғанға дейiнгi соңғы 24 сағат iшiнде желiмделген конверттерге салынған өтiнiмдер тапсырып, олар сүргiлеп мөрленген сейфтерде сақталады. Өтiнiмдер қабылдау мерзiмi бiткеннен кейiн қабылданған өтiнiмдердiң саны туралы Хаттама дайындалып, оған Комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қояды.
      Өтiнiмдердi сондай-ақ сол мерзiмде электронды почта (модем байланысы) арқылы Комитеттiң моторолласына қосымша беруге болады. Бұл жағдайда хабардың құпиялылығы Қорлар өтiнiмдерi жөнiндегi деректердiң моторолладағы базасына апаратын жолдың кодпен белгiленуiмен, ал код паролiнiң бөлшектелiп, Комитет пен МЖҚ-дағы жауапты үш адамның арасында бөлiп берiлуiмен қамтамасыз етiледi.
      22. Қорлар инвестициялық қызметке қатысты мына талаптарды орындамаған жағдайда олардың өтiнiмдерi аукционнан алынады:
      акционерлiк қоғамдардың акцияларын сатып алуға өтiнiмдер Қор жинақтаған купондармен қамтамасыз етiлмеген мөлшерде берiлсе;
      бiр Қордың бiр акционерлiк қоғам акцияларының 20 проценттен астамын сатып алуға құқы жоқ болса;
      бiр Қордың жиналған купондардың 5 проценттен астамын бiр акционерлiк қоғамның акциясына инвестициялауға құқы жоқ болса;
      бiр аукционда Қордың бiр акционерлiк қоғам акцияларының 10 проценттен астамын сатып алуға құқы жоқ болса;
      Қор өкiлдерi тобының қолында бiр акционерлiк қоғам акцияларының 20 проценттен астамы болмауға тиiс;
      Қор жиналған купондарды өз өкiлдерiнiң акцияларына инвестициялауға құқылы емес.
      23. Өтiнiмдерi қанағаттандырылған Қорлар купон аукционының жеңiмпаздары болады.
      Бағамы ең жоғарыдан бастап, барлық акциялар толық сатылғанға дейiнгi кему ретiмен бастапқы немесе ең төмен бағамнан жоғары өтiнiмдердiң бәрi де қанағаттандырылады. Сонымен бiрге купон аукционына шығарылған акциялар Қорлар арасында былайша бөлiнедi: бiрiншiлер жоғарыда атап көрсетiлген ретпен өтiнiмдерде көрсетiлген акциялар санын алады, соңғылары - купон аукционына шығарылған акциялардың қалғанын алады. Қорлардың бұл кезекке кiрмеген өтiнiмдерi қанағаттандырылмайды. Егер акционерлiк қоғам акцияларына бiрнеше Қорлардан бiр бағам бойынша келiп түскен өтiнiмдер саны қолда бар акциялардың санынан асып кетсе, әрбiр Қор алатын акциялар саны мына формула бойынша анықталады: Апр А = ------------ Х Аз, Асп онда А - Қор алатын акциялар саны; Апр - акционерлiк қоғамның қолда бар акцияларының саны (ұсыныс); Асп - Қорлардың өтiнiмдерi (сұраныс) бойынша акционерлiк қоғам акцияларының жалпы қосынды саны; Аз - акционерлiк қоғамның Қор өтiнiмiнде көрсетiлген акцияларының саны.
      Егер есептеулердiң нәтижесiнде бiр қордың үлесiне келетiн акциялардың саны бiреуден аз болса, ол акцияларды өткiзу басқа купон аукционына ауыстырылады.
      Егер есептеулердiң нәтижесiнде бiр қордың үлесiне келетiн акциялардың саны тұтас болмаса (мысалы, 12,3), онда ол ең төмен тұтас санға дейiн (яғни 12-ге дейiн) ықшамдалады. Қалған акциялар яки төмен бағам бойынша өтiнiм жасаған Қорларға берiлетiн, яки купон аукционына шығарылатын болады.
      24. Акционерлiк қоғамдардың кез келген мерзiмдегi аукциондарда сатылмаған акциялары келесi аукционда сатуға кемiнде 45 күннен кейiн шығарылады. Акцияларды бiрiншi рет ұсыну мен екiншi қайтара ұсыну аралығындағы осыншама уақыт купон аукционына шығарылатын кәсiпорындардың тiзiмiн жариялау үшiн қажеттi кезеңге сәйкес келуге тиiс.
      25. Бiр акционерлiк қоғамның акцияларын тек үш купон аукционында ғана сатуға болады.
      Егер үш аукционнан кейiн акциялар түгел сатылмаса, сатылмаған акциялар мемлекеттiң меншiгiнде қалып, сол кәсiпорындардың жағдайын түзеу жөнiндегi шаралар жүзеге асырылғаннан кейiн оларды МЖҚ купон аукциондарына шығаратын болады.
      26. Қорлардың купон аукционындағы бастапқы немесе ең төмен бағамнан төмен бағам көрсетiлген өтiнiмдерi қанағаттандырылмайды.
      Қорлардың өтiнiмдерi бойынша ұсынылған, қанағаттандырылмаған немесе купон аукционына қатыстырылмаған купондар Қорлардың депозитарийлерiнде өтелмеген күйiнде қалады.
      27. Комиссия купон аукционының үш дана хаттамасын дайындап, онда:
      хаттаманың күнi мен нөмiрi;
      Комиссияның құрамы;
      акционерлiк қоғамның толық атауы мен мекен-жайы;
      ұсынылған акциялардың жалпы саны мен номинал құны;
      сатылған акциялардың жалпы саны мен номинал құны;
      қалған акциялардың номинал құны;
      жеңген Қорлардың тiзбесi келтiрiлiп, олардың әрқайсысына сатылған акциялардың саны мен номинал құны, сол акциялар үшiн төленген және Қорлардың депозитарийлерiнде өтелуге тиiстi купондардың саны көрсетiледi.
      Хаттаманың үш данасына Комиссияның төрағасы мен хатшысы қол қойып, Комитет оны үш жұмыс күнi iшiнде бекiтедi.
      28. Қорлардың өтiнiмдерi жасырылған, купон аукционының қорытындыларын шығару кезiнде олар ескерiлмеген жағдайда аукцион нәтижелерiн Комитеттiң жарамсыз деп тануы мүмкiн.
      29. МЖҚ купон аукционы қорытындыларын, оған қатысушылардың бәрi үшiн жария болуын қамтамасыз етуге мiндеттi. Купон аукционының қорытындылары туралы хабар ол өткiзiлгеннен кейiн 20 календарлық күннен кешiктiрмей аукцион туралы ақпарат хабар жарияланған бұқаралық ақпарат құралдарының көздерiнде жарияланады.
      Купон аукционының қорытындылары Комиссия мүшелерiнiң, Комитет, бұқаралық ақпарат құралдары және Қорлар өкiлдерiнiң қатысуымен компьютерлiк бағдарлама бойынша анықталады.
      30. Комитет жеңiмпаздар анықталғаннан кейiн аукцион қорытындылары туралы хаттаманы акционерлiк қоғамдар акционерлерiнiң реестрiне тиiстi өзгерiстер енгiзу үшiн акционерлiк қоғамдардың атқару органдарына жiбередi.
 
                    4. Акцияға меншiк құқын ресiмдеу
 
      31. Акцияларға меншiк құқы Комитеттен Қорларға акционерлiк қоғам акционерлерiнiң реестрiне тиiстi жазба енгiзiлiп, ақпарат-есеп орталығының орталық депозитарий жүйесiнде Қорлардың есепшоттарында және олардың депозитарийлерiнде купондардың тиiстi саны өтелген сәттен бастап көшедi.
      32. Акционерлердiң реестрiне тиiстi өзгерiстер енгiзiлгеннен кейiн МЖҚ жеңiмпаздарды оларға сатылған акциялардың саны мен акционерлiк реестрi орналасқан орын туралы хабардар етедi.
 
                    5. Жекешелендiру жөнiндегi келiсiмнiң
                жарамсыздығы және тараптардың жауапкершiлiгi
 
      33. Купон аукционында акциялар сату жөнiндегi мәмiлелердi жарамсыз деп тану туралы дауларды Қазақстан Республикасының қолданылып отырған заңында белгiленген тәртiппен сот қарайды.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады