АТЫРАУ ОБЛЫСЫНЫҢ МӘТIН КЕН ОРЫНЫНДА ЖЕТЕ БАРЛАУ ЖҮРГIЗУ, ОНЫ ӘЗIРЛЕУ ЖӘНЕ МҰНАЙ ӨНДIРУ ЖӨНIНДЕ "МУНЕКС ОЙЛ АГ" КОМПАНИЯСЫМЕН (ШВЕЙЦАРИЯ) ӨНIМДI БӨЛIСУ ШАРТЫМЕН (ПРОДАКШН ШЕРИНГ) КЕЛIСIМ ЖАСАСУ ТУРАЛЫ
Күшін жойғанҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МИНИСТРЛЕР КАБИНЕТIНIҢ ҚАУЛЫСЫ 1994 жылғы 15 ақпан N 187. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995.09.13. N 1257 қаулысымен.
1. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң "Атырау облысының әлеуметтiк-экономикалық даму бағдарламасын қамтамасыз ету туралы" 1993 жылғы 12 мамырдағы N 382 қаулысын жүзеге асыру шеңберiнде "Ембiмұнай" өндiрiстiк бiрлестiгiнiң қатысуымен әзiрленген және республиканың мүдделi министрлiктерiмен және ведомстволарымен келiсiп, Атырау облысының әкiмi ұсынған Атырау облысының Мәтiн кен орынында жете барлау жүргiзу мен оны әзiрлеу және мұнай өндiру жөнiнде "Мунекс Ойл Аг" компаниясымен (Швейцария) өнiмдi бөлiсу шартымен (продакшн шеринг) келiсiмiнiң жобасы мақұлдансын.
2. Атырау облысының әкiмi мен "Ембiмұнай" өндiрiстiк бiрлестiгiне аталған келiсiмге қол қойып, Қазақстан тарапынан Басқарушы комитетке өз өкiлдерiн тағайындау тапсырылсын.
3. Осы аталған қаулының 1, 2-тармақтарын орындау мақсатында қазақ тарапының мұнай кiрiсiнiң 50 процентiн республика iшiндегi бағамен Атырау облысының әкiмi өткiзетiн болсын.
4. Осы аталған қаулының 3-тармағын орындау мақсатында қазақ тарапы мұнай кiрiсiнiң 50 процентi мемлекеттiк өнiм берудi орындауы үшiн "Ембiмұнай" өндiрiстiк бiрлестiгiне есептелетiн болсын.
5. Роялтидiң 50 процентi - Атырау облысының әкiмiне, 50 процентi "Ембiмұнай" өндiрiстiк бiрлестiгiне бөлiнсiн.
6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне Атырау облысының әкiмiмен бiрлесе отырып, осы аталған келiсiм бойынша салықтардың бөлiнуi және салық салуды құқықтық қамтамасыз ету мәселелерiн пысықтап, 1994 жылдың 15-наурызға дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне ұсыныс енгiзу тапсырылсын.
7. Қазақстан Республикасының Энергетика және отын ресурстары министрлiгiне, Экономика министрлiгi жанындағы Шетелдiк инвестициялар жөнiндегi Ұлттық агенттiкке жасалған Келiсiмдi жүзеге асыру барысында республика мүддесiнiң сақталуына бақылау жасауды қамтамасыз ету тапсырылсын.
8. Қазақстан Республикасының министрлiктерi мен ведомстволары "Мунекс Ойл Аг" компаниясын жоғарыда аталған Келiсiм шеңберiнде барлық тиiстi лицензиялармен және рұқсаттармен қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз