ТМД елдерiмен сауда-экономикалық байланыстардың үзiлуi, қаржылық-есептеу операцияларының бұзылуы агроөнеркәсiп кешенiн материалдық-техникалық жағынан, әсiресе қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етудiң күрт нашарлауына әкеп соқтырды, бұл дала жұмыстарын уақытында жүргiзуге қауiп төндiруде. Республика кәсiпорындары агроөнеркәсiп кешенiне керектi жалпы номенклатурадан қосалқы бөлшектердiң 10 проценттен азын шығарады. Сонымен бiрге республика кәсiпорындарының бiрқатарында оларды шығарудың қол жеткен деңгейi төмендеуде.
Қалыптасқан жағдай барлық резервтердi пайдалануды және республика кәсiпорындарында ауыл шаруашылығы техникасына, машиналар мен жабдықтарға шетелдiк қосалқы бөлшектердiң орнын алмастыратын бөлшектер шығаруды ұйымдастыру жөнiнде шұғыл шаралар қабылдауды талап етедi.
Ауыл шаруашылығын қажеттi қосалқы бөлшектермен қамтамасыз етудi жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi жанындағы Агроөнеркәсiп кешенiне арналған машина жасау жөнiндегi Кеңес мақұлдаған агроөнеркәсiп кешенi салаларын қосалқы бөлшектермен<*> қамтамасыз етудiң Республикалық бағдарламасы бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
Ескерту. Текст бойынша әрi қарай - "Қосалқы бөлшектер"
бағдарламасы.
2. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгiне, Iшкi iстер министрлiгiне, "Қорғау", "Крамдс" ұлттық акционерлiк компанияларына, "Ақ жол", "Қазагрожөнмаш-холдинг", "Желдiрме" мемлекеттiк холдингтiк компанияларына, "Кең дала", "Тоған" мемлекеттiк акционерлiк компанияларына, облыстардың әкiмдерiне:
аталған бағдарламаның N 2 және N 3 қосымшаларына сәйкес көлемде және номенклатурада агроөнеркәсiп кешенi үшiн 1994 жылы қосалқы бөлшектер шығару жөнiндегi "Қосалқы бөлшектер" бағдарламасын жүзеге асыруды және ескiрген бөлшектердi қалпына келтiрудi қамтамасыз етсiн;
жаңа бұйымдар шығаруды меңгерген кәсiпорындарға конструкторлық-технологиялық құжаттамалармен қамтамасыз етуде, өндiрiске әзiрлеуге және материалдық-техникалық жабдықтауда көмек көрсетсiн.
3. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, "Қазагрожөнмаш-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясы, "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы және облыстардың әкiмдерi:
шаруашылықтардағы ескiрген бөлшектердi жинап, оларды жөндеу кәсiпорындарына берудi;
пайдаланған гильзаларды, поршеньдер мен подшипниктердi жинап, оларды шығарушы зауыттарға қайтадан балқытуға және қайта қалпына келтiруге тапсыруды ұйымдастырсын.
4. "Қазконтракт" республикалық контракт компаниясы, "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы және олардың аумақтық бөлiмшелерi бiрiншi кезекте кәсiпорындардың қосалқы бөлшектердi жасау үшiн шикiзатқа және материалдық ресурстарға деген өтiнiмдерiн олар берген есеп айырысу-өтiнiмдерiне сәйкес қанағаттандырсын.
5. "Қосалқы бөлшектер" бағдарламасында көзделген қосалқы бөлшектер шығаруды игеру жөнiндегi жұмыстардың орындалуын қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп министрлiгiмен, Iшкi iстер министрлiгiмен, "Қорғау", "Крамдс" ұлттық акционерлiк компанияларымен, "Қазагрожөнмаш-холдинг", "Желдiрме" мемлекеттiк холдинг компанияларымен, "Кең дала", "Тоған" мемлекеттiк акционерлiк компанияларымен бiрлесе отырып аталған бағдарламаның N 4 қосымшасына сәйкес қаражаттар iздестiру мәселесiн қарайтын болсын.
6. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, "Қазагрожөнмаш-холдинг" мемлекеттiк холдинг компаниясы, "Кең дала" мемлекеттiк акционерлiк компаниясы "Қосалқы бөлшектер" бағдарламасының N 5 және N 6 қосымшаларына сәйкес ТМД елдерiнен сатып алынатын және республика кәсiпорындарында жасалатын қосалқы бөлшектерге төлем жасау үшiн орталықтандырылған кредит қаржысын бөлудi пысықтасын және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiне бұл жөнiнде ұсыныс жасалсын.
7. Қазақстан Республикасының Экономика және Өнеркәсiп министрлiктерi 1994 жылдың 1 сәуiрiне дейiнгi мерзiмде республика кәсiпорындарында жылжыту (қосымша) подшипниктерi мен iштен жану двигательдерiнiң газ тарату клапандарын жасауды ұйымдастыру жөнiндегi ұсыныстарды қосымша қарап, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне енгiзетiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-министрi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 28 ақпандағы
N 231 қаулысына
Қосымша
Агроөнеркәсiп кешенi салаларын қосалқы бөлшектермен
("Қосалқы бөлшектер" бағдарламасы) қамтамасыз
етудiң
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ
"Қосалқы бөлшектер" Республикалық бағдарламасы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық машиналарын жасауды қалыптастыру кезеңi болып табылады және республика өнеркәсiп орындарында бiрiншi қажеттегi жаңа бөлшектердi шығаруды ұйымдастыру арқылы агроөнеркәсiп кешенiн (АӨК) ауыл шаруашылық техникасының қосалқы бөлшектерiмен қамтамасыз етудi жақсарту мақсатын көздейдi.
Негiзгi екi мiндеттi шешу жобаланып отыр:
Агроөнеркәсiп кешенiн материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуде сырттан келген өнiмдерге тәуелдiлiктiң төмендеуiмен қатар өндiрiстiк-техникалық мақсаттағы өз өнiмдерiнiң үлесiн арттыру;
республикада бар өнеркәсiптiк және конверсиялық құжаттардың ұтымды күштерiн жүзеге асыру;
Бағдарлама мыналарды:
номенклатураны және 1248 атаудан тұратын (N 1 қосымша) қосалқы бөлшектер шығарудың қазiргi кезде республикада бар қажеттi көлемдерiн сақтауды;
560 түрлi бөлшектердiң жаңа номенклатурасын шығаруды меңгеру және "Ақ жол", "Қазагрожөнмаш-холдинг", "Қорғау", Iшкi iстер министрлiгi мен басқа да ведомстволардың, компаниялар мен бiрлестiктердiң тапсырыстарын кәсiпорындарға орналастыруды (N 2 қосымша);
"Қазагрожөнмаш-холдинг" және "Кең дала" компанияларының кәсiпорындарында ескiрген бөлшектердiң көлемдерi мен номенклатурасын бiрте-бiрте ұлғайта отырып қайта қалпына келтiретiн өндiрiстiк қуаттарды дамыту (N 3 қосымша) көздейдi.
Бағдарлама мынадай есеп айырысу нәтижелерiн:
республика кәсiпорындарының агроөнеркәсiп кешенi үшiн жаңа өнiмдер шығаруды игеру барысында негiзгi материалдық ресурстардың, қаржы құралдары мен кезеңдiк инвестиция көлемдерiнiң қажеттiлiгiн (N 4 қосымша);
1994 жылғы дала жұмыстарына техника даярлауды қамтамасыз етудi ескере отырып ТМД елдерiнен қосалқы бөлшектер сатып алуға кеткен шығындарды (N 5 қосымша);
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен "Кең дала" компаниясының өнiм сатып алуды кредиттеу қажеттiлiгiнiң көлемдерiн (N 6 қосымша) қамтиды.
Бағдарламаны жүзеге асыру ауыл шаруашылығы өндiрiсiнiң техникалық деңгейiн қолдауға, шетелдiк материалдық-техникалық ресурстар мен валюта шығындарын беру тәуелдiлiгiн төмендетуге мүмкiндiк бередi.
N 1 Қосымша
Агроөнеркәсiп кешенi үшiн Қазақстан Республикасы кәсiпорындары игерiп, шығаратын қосалқы бөлшектер саны
(Кесте)
N 2 Қосымша
1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасының өнеркәсiп
орындарында агроөнеркәсiп кешенi үшiн жаңа қосалқы
бөлшектер шығару
Көлемi
(Кесте)
N 3 Қосымша
Агроөнеркәсiп кешенi үшiн 1994 жылы ескiрген
бөлшектердi қайта қалпына келтiру
Көлемi
(Кесте)
N 4 Қосымша
1994 жылғы қосалқы бөлшектер шығаруды қайтадан
игеру үшiн қаржы қаражатына
Қажеттiлiк
(Кесте)
N 5 Қосымша
1994 жылдың дала жұмыстарына қатысатын достастық
елдерiнен ауыл шаруашылығы техникаларына қосалқы
бөлшектер сатып алуға керектi қаржылық ресурстарға
деген Қажеттiлiк
(Кесте)
N 6 Қосымша
1994 жылы дайын өнiмдер сатып алу үшiн кредит қорларына
Қажеттiлiк
(Кесте)